Филиалды таңдаңыз:
Қолданыстағы зейнетақы жүйесі 2024 жылғы 1-қаңтардан бастап жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (бұдан әрі –ЖМЗЖ) толықтырылады.
ЖМЗЖ - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына аударған ақша;
ЖМЗЖ мөлшерлемесі - агенттің БЖЗҚ-ға төлемінің жұмыскердің кірісіне пайыздық қатынаста көрсетілген, ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын мөлшері;
ШЗШ – шартты зейнетақы шоты – БЖЗҚ-да жеке тұлғаның атына ашылған, келіп түскен ЖМЗЖ және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот;
ЖМЗЖ БЖЗҚ-ға агенттің, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын жұмыскерлердің ай сайынғы табысынан белгіленеді. Жұмыс берушіге түсетін жүктеменің теңгерімділігін қолдау мақсатында жарнаны кезең кезеңмен ұлғайту арқылы:
· 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5 пайыз мөлшерінде;
· 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 пайыз мөлшерінде;
· 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайыз мөлшерінде;
· 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайыз мөлшерінде;
· 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 пайыз мөлшерінде аударылатын болады.
ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын табыс Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 249-бабына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс АЖЕМ* кем болмауы тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ай сайынғы ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
*республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ай сайынғы ең төмен жалақы мөлшері