ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЕҢБЕКШІЛЕРІН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ
01.01.2021 ж. бастап Қазақстан Республикасы 07.12. 2020 ж. ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 ж. келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді.
Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтары сияқты дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен еңбенкшілердің (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының) зейнетақы құқықтары қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың көлеміне өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең ұқсас шарттарда кепілдік беруге тиіс дегенді білдіреді.
Нені білу қажет?
- ЕАЭО–ға мүше мемлекеттер:
Армения Республикасы;
Беларусь Республикасы;
Қазақстан Республикасы;
Қырғыз Республикасы;
Ресей Федерацисы.
-
01.01.2021 ж.бастап ЕАЭО-ның басқа елдерінде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, сақтап және одан әрі іске асыра алады.
-
Келісімге сәйкес еңбекші - бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматы, оның зейнетақы құқықтары басқа мүше мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге де қызметті жүзеге асыру арқылы қалыптасады немесе қалыптасқан.
-
Еңбек өтілі - жұмыс және (немесе) өзге де қызмет (оның ішінде зейнетақы жарналарын төлеумен бірге) кезеңі, сондай-ақ зейнетақыға құқықты айқындау және оның мөлшерін есептеу кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ескерілетін өзге де кезеңдер.
-
ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет 01.01.2021 ж. кейін еңбекшілердің өз аумағында ие болған жұмыс өтілі үшін өзінің заңнамасы бойынша зейнетақы төлейді.
Мысалы, Қазақстан Республикасында 01.01.2021 ж. бастап жұмыс беруші еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасу кезеңінде қазақстандық кәсіпорында еңбек қызметін уақытша жүзеге асыратын Ресей Федерациясы азаматының табысынан міндетті түрде ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін және ұстап қалатын болады және оларды Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және талаптарда БЖЗҚ-ға аударатын болады.
Бұл болашақта еңбек еткен адамға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген зейнеткерлік жасқа толған кезде немесе мүгедектігі мерзімсіз 1 және 2-топтардағы мүгедектік белгіленген кезде өзі қалыптастырған зейнетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын қамтамасыз етеді.
-
Келісімнің ережелеріне сәйкес, егер бір мүше мемлекеттің аумағында жиналған еңбекшінің жұмыс өтілі зейнетақыға (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда) құқықтың туындауы үшін жеткіліксіз болса, онда ЕАЭО-ның басқа елдерінде, оның ішінде мұндай жұмыс өтілі уақыт бойынша сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, Келісім күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі ескерілетін болады.
-
Бұл үшін ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары ЕАЭО елдерінің уәкілетті және құзыретті органдары ЕЭК-пен бірлесіп әзірлеген тиісті ақпараттық нысандамалар арқылы еңбек етушіде еңбек өтілінің болуы туралы ақпарат алмасатын болады.
-
Бұдан басқа, Келісімнің ережелеріне сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау мақсатында еңбекшілерді мүгедектікті белгілеу үшін медициналық тексеру тұратын елдің заңнамасы бойынша, ал мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындайтын жұмысқа орналастырушы елдің заңнамасы бойынша мүгедектік тобы мен мерзімін белгілеу үшін куәландыру жүргізілетін болады.
-
ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшіге жұмыс кезеңіне және жұмысқа орналасқан елдегі зейнетақы жарналарының аударымдарына сәйкес келетін зейнетақының бір бөлігін төлейтінін ескере отырып, еңбекшілер–ЕАЭО елдерінің азаматтары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстан Республикасында жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеуі, яғни міндетті түрде уақтылы еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар жасасуы қажет.
-
БЖЗҚ Қазақстан Республикасында келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган болып табылады.
-
БЖЗҚ құзыретті орган ретінде қалыптасқан зейнетақы жинақтары есебінен еңбекшілерден (отбасы мүшелерінен), мұрагерлерден өтініштер, құжаттар қабылдауды, ақпараттар мен құжаттарды дайындауды, өңдеуді, зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдер қабылдауды, зейнетақы төлеуді (жеткізуді) және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы КЕЛІСІМ (Санкт-Петербург, 2019 жылғы 20 желтоқсанда)
2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органның Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл регламенті
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
1. Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін (тұруға ықтиярхатсыз/бейрезидент) қызметкер, ЕАЭО елінің азаматы зейнетақы жинау мақсатында БЖЗҚ-мен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті ме? Шарт қай түрі қандай тәртіппен жасалуы тиіс?▼
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
01.01.2021 жылы күшіне енген Келісім халықаралы шарт болып табылады, нормалары еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің аумағында уақытша жүрген ЕАЭО елдерінің азаматтарына, еңбекшілеріне қолданылады. Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбекшілерінің жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекет еңбекшісінің жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) Тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен айқындалады.
Келісімнің 2-бабына сәйкес еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.
Келісімнің 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналары жатады. Осылайша, еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасында уақытша жүрген ЕАЭО елдерінің азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер және тәртіппен аудару арқылы өз зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға міндетті. Бұл ретте қызметкерге (ЕАЭО елінің азаматы) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ төлеу үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасудың қажеті жоқ, өйткені 2019 жылдың қаңтар айынан бастап және 2021 жылдың қазан айынан бастап жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен пайдасына МЗЖ және (немесе) МКЗЖ аударылатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде ЖЗШ ашылады.
2. Осындай шетелдік жұмыскердің жұмыс берушісі қызметкерден 10% міндетті жарнаны ұстап қалуға және БЖЗҚ-ға аударуға міндетті ме? Егер міндетті болса, жұмыс беруші қай сәттен бастап 10% ұстайды? ▼
Келісім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, сондықтан ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін тартқан жұмыс беруші (атап айтқанда Армения Республикасынан, белорусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан) еңбек шарты не азаматтық құқықтық шарт аясында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбекшінің ай сайынғы табысынан 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақыынң 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) МЗЖ және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына өзінің қаржаты есебінен МКЗЖ есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан 5% мөлшерінде МКЗЖ-ны тұрақты түрде аударады.
3. БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қандай құжаттарды сұратуы тиіс? ▼
Қызметкердің табысынан зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қосымша құжаттарды сұрамайды, өйткені қажетті деректер (ТАӘ/ТК) жұмыс берушіде бұрын ұсынылған (қызметкер жұмысқа тұрған кезде) жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдіктің, ЕАЭО елі азаматының шетелдік паспортының), сондай-ақ бейрезиденттің ЖСН негізінде бар болуы тиіс.
4. Егер қызметкер БЖЗҚ-мен 2021 жылғы 1 ақпанда шарт жасаса, 2021 жылғы қаңтарда зейнетақы жарналарын ұстап қалу керек пе? Егер жұмыскер БЖЗҚ-мен 2021 жылғы 15 ақпанда шарт жасаса, жарнаны қалай дұрыс ұстап қалуға болады? 15 ақпанға дейінгі кезеңде ақпан айы үшін жарна ұстау керек пе? Шетелдік қызметкердің БЖЗҚ-мен шарт жасасуына байланысты жарнаны ұстау тәртібі өзгере ме?▼
Зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) талаптарын және мерзімдерін басшылыққа алған жөн.
Келісім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін назарға ала отырып, БЖЗҚ жұмыс берушінің міндеті еңбекшілердің ай сайынғы табысынан 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) МЗЖ-ны тұрақты түрде аударуды жүзеге асыру деп есептейді, БЖЗҚ-да еңбеккердің 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алған табысы үшін Қағидаларда көзделген мерзімде–еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекшілердің табыстары төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей.
5. Еңбек қатынастарының тоқтатылуына байланысты еңбек етуші жұмысқа орналастырушы мемлекеттен тұрғылықты тұратын мемлекетке оралған кезде, БЖЗҚ-дан МЗЖ есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар ма? Оларды алудың тәртібі қандай?▼
Келісімнің 2-бабында ЕАЭО елдерінің азаматтары, еңбекшілері алуына болатын зейнетақы түрлері айқындалған. Қазақстан Республикасында бұл зейнеткерлік жасқа толған кезде, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтардағы мүгедектік белгіленген кезде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері. Келісімнің 3-бабына сәйкес еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақыны тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына арналған дәл сондай шарттарда жүзеге асырылады.
Зейнетақыны ресімдеу ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, еңбекшінің зейнетақы тағайындау және төлеу үшін тұратын мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) жұмысқа орналастырушы мемлекеттің құзыретті органына өтініш жасауға құқығы бар. Қазақстан Республикасында келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган болып БЖЗҚ белгіленді.
ЕАЭО елдерінің жұмыскерлерінен-азаматтарынан БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес, яғни жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жас басталған кезде (ерлер 63 жас/әйелдер 2021 жылы 60 жас жыл сайын олардың зейнеткерлік жасын жарты жылға ұлғайта отырып, 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін) туындайды.
Мысалы, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастырған Ресей Федерациясының (РФ) еңбек етуші азаматы РФ-ға оралған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша зейнеткерлік жасқа толған кезде зейнетақы тағайындау үшін БЖЗҚ-ға РФ зейнетақы қоры (бұдан әрі-РЗҚ, бұл РФ-дағы құзыретті орган) арқылы жүгініп, РЗҚ БЖЗҚ-ға жіберетін Қазақстан заңнамасы бойынша құжаттарды ұсына алады. Егер зейнетақы алушының банктік шоты Ресей Федерациясының аумағында ашылатын болса, онда БЖЗҚ тоқсан сайын зейнетақы төлемдерін РЗҚ-ның ағымдағы шотына рубльмен аударады (экспорттайды), оны РЗҚ алушының банктік шотына аударады.
6. Егер шетелдік қызметкер БЖЗҚ-мен шарт жасамаған болса, жұмыс беруші жауапкершілікке тартыла ма? ▼
Келісімде ЕАЭО елдері азаматтарының, еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс берушіден МЗЖ және (немесе) МКЗЖ бастапқы сомасы келіп түскен кезде БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ автоматты түрде ашылатынын ескере отырып, ЕАЭО елінің азаматы-қызметкері мұндай шарт түрін жасаудың қажеті жоқ.
Демек, Қазақстан Республикасында жұмыс беруші 01.01.2021 ж. бастап ЕАЭО елдерінің азаматтары болып табылатын қызметкерлер бойынша да, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты да БЖЗҚ-ға МЗЖ, МКЗЖ уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған МЗЖ, МКЗЖ-ны бастапқы есепке алуды жүргізуге міндетті. Заңның 24-бабының 8-тармағына сәйкес МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
7. Мен ҚР азаматтығын алдым (бұрын Қырғызстан азаматы болғанмын). Қырғыстандағы ресми еңбек өтілім 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін 5 жыл. Маған Қырғызстандағы еңбек өтіліме зейнетақыны ресімдеп, оны Қазақстанға аудара аламын ба? ▼
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 29.05.2014 жылғы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақылық қамсыздандыру олар тұрақты тұратын жердегі заңнамамен, сондай-ақ ЕЭАО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. Мұндай халықаралық шарт 01.01.2021 жылы күшіне енген Келісім1 болып табылады.
Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады, яғни ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруге тиіс.
Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабында зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылатыны көзделгенін атап өткен жөн: Келісім күшіне енгеннен кейін жиналған жұмыс өтілі үшін зейнетақыны аумағында тиісті жұмыс өтілі жиналған ЕАЭО мүше мемлекеті тағайындайды және төлейді; Келісім күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтары құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге сәйкес тағайындалады және төленеді.
Демек, Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде (01.01.2021 ж.бастап) ресми жұмысқа орналасу шартымен, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті түрде төлеу арқылы еңбекшілердің жиналған жұмыс өтіліне ғана қолданылады.
8. Мен РФ-да 4 жылдан астам жұмыс істедім, жұмыс беруші ай сайын РФ зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын аударып отырды. Сұрақ–Мен бұл жинақтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ескере отырып, РЗҚ-дан ҚР БЖЗҚ-ға жинақталған сақтандыру жарналарын аудару арқылы ала аламын ба? ▼
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 29.05.2014 жылғы шарттың 98-бабының 3-тармағының ережелеріне сәйкес ЕАЭО1-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақылық қамсыздандыру олар тұрақты тұратын жердегі заңнамамен, сондай-ақ ЕЭАО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. Мұндай халықаралық шарт 01.01.2021 жылы күшіне енген Келісім2 болып табылады. Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады, яғни ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың ұқсас шарттарда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең көлемде кепілдік беруге тиіс.
Мысалы, Ресей Федерациясы (бұдан әрі – РФ) заңнамасының талаптары бойынша жұмыс істейтін азаматтар, оның ішінде ЕАЭО елдерінің азаматтары – шетелдіктер үшін жұмыс берушілер міндетті түрде өз қаражаты есебінен РФ зейнетақы жүйесіне сақтандыру жарналарын аударады, алайда Келісім күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі үшін РФ-да тұрақты тұрмайтын ЕАЭО елдерінің азаматтарынан зейнетақы алу құқығы жоқ. Бұл ретте Келісім күшіне енгенге дейін жұмыс берушілердің ЕАЭО елдері азаматтарының пайдасына жүзеге асырылған барлық зейнетақы аударымдары РФ зейнетақы жүйесінде қалады.
Егер ЕАЭО елінің азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін РФ-да жұмысын жалғастырса не Келісім күшіне енгеннен кейін еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасаса, онда Келісімнің 2-бабы шеңберінде РФ тағайындайтын зейнетақы түрлеріне осы азаматта Келісім нормаларын қолдана отырып, РФ заңнамасының шарттары бойынша ғана құқығы болады. Келісімнің нормалары Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде (01.01.2021 ж.бастап) ресми жұмысқа орналасу шартымен, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасау, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне сақтандыру (зейнетақы) жарналарын міндетті түрде төлеу арқылы еңбекшілердің жиналған жұмыс өтіліне ғана қолданылатынын атап өткен жөн. Жазылғандарды ескере отырып, Сіздің пайдаңызға РФ зейнетақы қорына жұмыс мберушінің жүзеге асырған зейнетақы (сақтандыру) жарналарын БЖЗҚ-ға аудару мүмкіндігі РФ мен Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделмегенін хабарлаймыз. Бұдан басқа, ЕАЭО-ға мемлекеттерінің зейнетақы жүйелері арасында зейнетақы жинақтарын аудару Келісімнің нормаларында да көзделмеген.
Мысалы, ЕАЭО еліндегі еңбек қызметі тоқтатылған кезде, егер азаматтың зейнетақы тағайындау құқығы туындамаса, онда бұл жағдайларда зейнетақы жарналары жұмысқа орналастырушы елдің талаптары бойынша зейнетақы алу құқығы туындағанға және азаматтың зейнетақы алу үшін ЕАЭО елінің құзыретті органына өтініш бергенге дейін жұмысқа орналастырушы елдің зейнетақы жүйесінде қалады.
9. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастырған ЕАЭО елінің еңбеккері, азаматы қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасында жинақталған жарналармен не болады? Оның жинақтары мұрагерлерге беріледі ме? ▼
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ЕАЭО елінің азаматы, еңбеккері қайтыс болған жағдайда, оларды біржолғы алу құқығы БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқық белгілейтін құжаттар ұсынылған кезде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арқылы мұрагерлеріне ауысады.
МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналары есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
МКЗЖ – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер (жұмыс берушілер) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.
ЖЗШ – жеке зейнетақы шоты
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ