"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Алушыларға

АЛУШЫНЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ


Жерлеуге біржолғы төлем

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) қаражаттан асырмай жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.


Қайтыс болған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады

Зейнетақы төлемдерін алушы № 1042 Қағидаларына [1] сәйкес алушының БЖЗҚ-ға өтініш беру тәсіліне қарай құжаттардың төменде көрсетілген тізбесін ұсынады.


Алушы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға арналған құжаттардың тізбесі (жерлеуге/мұрагерлерге)


1. БЖЗҚ-да жерлеуге біржолғы төлемдерді ресімдеу үшін:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлеміне құқығы бар тұлғалар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адам

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш білдіру арқылы беріледі 

1) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

2) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) өтініш беруші мен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжат (-тар) көшірмесі (қағаз тасымалдағыштағы қайтыс болу туралы куәлік болмаған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (-лары);

Назар аударыңыз!
 Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – МО АЖ) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет және жерлеуге біржолғы төлем үшін өтініш берген адам мен қайтыс болған адамның туыстық қатынастары туралы мәлімет болған жағдайда, 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды беру талап етілмейді.

4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшесі – 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға

(БЖЗҚ-ға құжаттарды кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететін заңды өкілі (ата-анасы, асырап алушылары, қамқоршысы, патронаттық тәрбиешісі) ұсынады

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш білдіру арқылы беріледі

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі (оның ішінде туыстық байланыстарды растайтын құжат ретінде);

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

4) өтініш беруші мен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжат (-тар) көшірмесі (қағаз тасымалдағыштағы қайтыс болу туралы куәлік болмаған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (-лары);

Назар аударыңыз!  МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет және жерлеуге біржолғы төлем үшін өтініш берген адам мен қайтыс болған адамның туыстық қатынастары туралы мәлімет болған жағдайда, 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды беру талап етілмейді;

5) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

6) ата – анасы болмаған кезде – қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (қорғаншылық тағайындалғаны туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

7) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшесі – 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға (заңды өкілдің келісімімен)

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш білдіру арқылы беріледі

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы (оның ішінде туыстық байланыстарды растайтын құжат ретінде);

2) 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) – ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (16 жастан 18 жасқа дейін) және салыстыру үшін түпнұсқасы;

4) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

5) өтініш беруші мен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжат (-тар) көшірмесі (қағаз тасымалдағыштағы қайтыс болу туралы куәлік болмаған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы (-лары);

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет және жерлеуге біржолғы төлем үшін өтініш берген адам мен қайтыс болған адамның туыстық қатынастары туралы мәлімет болған жағдайда, 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды беру талап етілмейді;

6) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

7) ата-анасы болмаған кезде – қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (қамқоршылық тағайындалғаны туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);

8) заңды өкілдің өтініш беруге жазбаша келісімі;

9) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.


2. БЖЗҚ-да мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын ресімдеу үшін:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлеміне құқығы бар тұлғалар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Қайтыс болған салымшының/алушының зейнетақы жинақтарының мұрагерлері

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде

1) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 2) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

3) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

4) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген өкіл/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) арқылы

құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің (қорғаншының /қамқоршының) жеке өзі келгенде ғана қабылданады

1) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 2) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

3) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

4) нотариат куәландырған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтының "Қызметтер" - "Алушыларға" - «Бланкілердің үлгілері») бөлімінде орналастырылған) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) куәлігі/ заңды өкілді (қорғаншыны/қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) мәртебесін растайтын өзге де құжат;

5) сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің (қорғаншының /қамқоршының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

6) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1) алушы өз бетінше толтыратын белгіленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналардың түріне қарай № 1 немесе № 9 қосымша БЖЗҚ сайтының «Бланкілердің үлгілері», бөлімінде орналастырылған, бұл ретте алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);

2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 3) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

5) алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Мұрагер – 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға

(БЖЗҚ-ға құжаттарды кәмелетке толмаған адамның атынан әрекет ететін заңды өкіл (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншылар немесе қамқоршылар, баланы қабылдайтын ата-аналар, патронат тәрбиеші) ұсынады)

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 3) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

5) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

6) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат-қорғаншылық тағайындалғаны туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

7) бала асырап алу туралы куәліктің/ заңды күшіне енген бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә./туған күні көрсетілген жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

8) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға арқылы

Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады

1)кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 3) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

5) нотариат куәландырған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ web-сайтының "Қызметтер" - "Алушыларға" - «Бланкілер үлгілері»бөлімінде орналастырылған) не оның нотариат куәландырған көшірмесі. Бұл ретте сенімхатта сенімхатты куәландыру кезінде заңды өкілдің өкілеттіктері мен мәртебесі тексерілгені туралы нотариустың тиісті жазбасы болуға тиіс. Аталған жағдайда заңды өкілдің жеке басын куәландыратын және оның мәртебесін растайтын құжаттар талап етілмейді;

6) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат-қорғаншылық тағайындалғаны туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

7) бала асырап алу туралы куәліктің/ заңды күшіне енген бала асырап алу туралы сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә./туған күні көрсетілген жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

8) cенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

9) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1) заңды өкіл өз бетінше толтыратын белгіленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналардың түріне қарай № 2 немесе № 10 қосымша БЖЗҚ сайтының «Бланкілердің үлгілері» бөлімінде орналастырылған, бұл ретте заңды өкілдің зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

4) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 4) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

5) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

6) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

7) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат-қорғаншылық тағайындалғаны туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

8) бала асырап алу туралы куәліктің/ заңды күшіне енген бала асырап алу туралы сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә./туған күні көрсетілген жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

9) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Мұрагер - 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға

(заңды өкілдің келісімімен)

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ЖСН тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын немесе ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасын ұсыну қажет;

3) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (мұрагер жасы 16-дан 18-ге дейін болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқасы не нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

5) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат-қамқоршылық тағайындалғаны туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

6) бала асырап алу туралы куәліктің/ заңды күшіне енген бала асырап алу туралы сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә./туған күні көрсетілген жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

7) заңды өкілдің БЖЗҚ-да мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өтініш беруіне жазбаша келісімі. Кәмелетке толмаған тұлға заңды өкілінің қатысуынсыз өтініш берген жағдайда, заңды өкілдің өтініш беруге нотариалды куәландырылған келісімін ұсыну қажет;

8) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 8) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

9) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

10) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген өкіл/заңды өкіл арқылы (кәмелетке толмаған тұлғаның қатысуынсыз).

Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады

1) сенім білдірілген өкілдің / заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

2)нотариат куәландырған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ web-сайтының "Қызметтер" - "Алушыларға" - «Бланкілер үлгілері») бөлімінде орналастырылған) не оның нотариат куәландырған көшірмесі; 

3) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесін ұсыну;

5) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мұрагер жасы 16-дан 18 жасқа дейін болған жағдайда);

6) заңды өкіл кәмелетке толмаған адамның қатысуынсыз өтініш жасаған жағдайда, өтінішке кәмелетке толмаған адамның қолын жеке өзі қояды және нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілсе);

7) сенім білдірілген адам өзі келгенде заңды өкілдің жазбаша келісімі, сондай-ақ сенім білдірілген адам ұсынған нотариатта куәландырылған сенімхатта кәмелетке толмаған адамның атынан сенімхатты куәландыру заңды өкілдің қатысуымен және оның келісімімен жүргізілгені туралы нотариустың тиісті жазбасы болған жағдайда заңды өкілдің жеке басын куәландыратын және оның мәртебесін растайтын құжаттар талап етілмейді. Өтінішке сенім білдірілген адамның өзі қол қояды;

8) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қамқоршы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің нотариат куәландырған көшірмесі;

9) бала асырап алу туралы куәліктің/ заңды күшіне енген бала асырап алу туралы сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә./туған күні көрсетілген жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

10) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 10) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

11) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

12) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1)алушы өз бетінше толтыратын белгіленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналардың түріне қарай № 1 немесе № 9 қосымша БЖЗҚ сайтының  «Бланкілердің үлгілері»бөлімінде орналастырылған, бұл ретте алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);

2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесін ұсыну;

4) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мұрагер жасы 16-дан 18 жасқа дейін болған жағдайда);

5) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

6) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қамқоршы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің нотариат куәландырған көшірмесі;

7) бала асырап алу туралы куәліктің/ заңды күшіне енген бала асырап алу туралы сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сәйкес кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә./туған күні көрсетілген жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

8) заңды өкілдің БЖЗҚ-ға мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өтініш беруіне заңды өкілдің нотариат куәландырған қолы қойылған жазбаша келісімі. Бұл ретте кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдің келісімімен қол қоюы туралы нотариустың өтінішіне тиісті жазба болған кезде заңды өкілдің жеке ресімделген жазбаша келісімі талап етілмейді;

9) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

Назар аударыңыз! МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда, 10) тармақшада көрсетілген құжатты беру талап етілмейді;

10) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;

11) алушының (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.



Назар аударыңыз:


008.png Егер зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болып табылған жағдайда, зейнетақы жинақтарын төлеу алушының банк шотына ғана жүзеге асырылады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген адамның банк шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді;

008.png Егер қайтыс болу туралы куәлікті/мұраға құқық туралы куәлікті/туу туралы куәлікті/өзге құжатты шет мемлекеттің уәкілетті органы берген болса, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы құжат мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы (аударылуға, оның ішінде нотариустың және (немесе) аудармашының куәландыру жазбаларыда жатады) және заңдастырылуы тиіс;

008.png Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы немесе қайтыс болған салымшының (алушының) мұрагері шетелдік, оның ішінде сенім білдірілген тұлға/алушының заңды өкілі болып табылса, онда алушының/сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік не орыс тіліне аударылған және қажет болған кезде нотариат куәландырған және заңдастырылған шетелдік паспорт ұсынылады;

008.png "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде берілген.

008.png Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бөліміне (мұрагерлік құқық) сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы оны қабылдауы тиіс. Бұл ретте мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін. Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-2-бабы), егер мұрагер бұл мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер осы мерзімді өткізіп алу себептері жоғалғаннан кейін алты ай ішінде сотқа жүгінген жағдайда, сот осы мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагерді мұраны қабылдаған деп таниды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес құқықтық мирасқорлар жеті кезекке бөлінеді, оның ішінде заң бойынша мұра алу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде асырап алған балалары, жұбайлары мен ата-аналары тең үлеспен алады;

008.png Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұра алу құқығы болмаса, не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады.

Иесіз қалған мүлік мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

Коммуналдық меншікке түскен иесіз қалған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.

Зейнетақы жинақтарын иесіз қалған мүлік деп тану туралы сот актісі ресімделген жағдайда БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

· заңды күшіне енген сот актісі;

· банк шоты туралы мәлімет.


Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын алуға сот актісі бойынша жүгінген адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 



[1] Зейнетақы төлемдерін алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару Қағидалары