"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Амангелді
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Аса
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атасу
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Бадамша
  • Бақанас
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Бескөл
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Ботакара
  • Булаево
  • Глубокое
  • Денисовка
  • Державинск
  • Егіндікөл
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ырғыз
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қамысты
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарамеңді
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауыл
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Кішкенекөл
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көктөбе
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қорғалжың
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Құрық
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Мамлютка
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Мойынқұм
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Переметное
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Приозерск
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкемер
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Смирново
  • Степногорск
  • Степняк
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Обаған
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Ойыл
  • Үлкен Нарын
  • Ұлытау
  • Орал
  • Ұржар
  • Успенка
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка к.
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Қор туралы қысқаша мәлімет

БАСТЫ ОҚИҒАЛАР




  • Жылдық қаржылық есептілік бекітілді

    «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің 2020 жылғы 29 мамырдағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 74 қаулысы) меншікті қаражат және зейнетақы активтері бойынша аудиттелген есептілік қамтылатын Қоғамның 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.


  • «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді

    Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

    - егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

    - егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады;

    - егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – оның міндеті болып есептелмейді.

     

    Бірыңғай жиынтық төлем іске қосылды

    2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.

    Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді:

    - жеке табыс салығын,

    - БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын,

    - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды,

    - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

     

    Зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады

    2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңселеріне келудің қажеті жоқ.

    Алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.


    «Е-нотариат» және БЖЗҚ ақпараттық жүйелері бірігіп қызмет етеді

    Жүйелердің өзара ықпалдастығы БЖЗҚ және нотариустардың өзара әрекеттерінің тиімділігін арттырады. 

    Енді нотариустар мұрагерлік істер бойынша қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы ақпаратты онлайн тәртібінде, хат жүзінде сауалдар жолдамастан ала алады.

    Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

     

    «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізілді

    «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 22 қаулысы) «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына өзгерістер бекітілді.  «БЖЗҚ» АҚ атқарушы органының орналасқан жері өзгерді. 


    Құрманов Жанат Бостанұлы «БЖЗҚ» АҚ төрағасы болып тағайындалды

    2019 жылдың 1 сәуірінен бастап «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (29.03.2019 № 1 хаттама) 2017 жылғы қаңтар айынан бастап Қорды басқарған Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызының өкілеттігі тоқтатылды. Құрманов Жанат Бостанұлы БЖЗҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.


    БЖЗҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы

    2019 жылғы 12 сәуірде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі (12.04.2019 жылғы № 2 хаттама) Қазақстан Республикасы заңнамасы мен «БЖЗҚ» АҚ Жарғысы белгілеген тәртіпте «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің өз құзыретіне қатысты мәселелерді жыл сайынғы қарауға шығаруы туралы шешімін қабылдады.


    2018 жыл бойынша қаржылық есептілік бекітілді және таза кірісті жарғылық мақсаттарға бағыттау шешімі қабылданды

    2019 жылғы 31 мамырда «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционері (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 31.05.2019 жылғы № 77 қаулысы) келесідей шешімдерді қабылдады:

    1. Меншікті қаражат пен зейнетақы активтері бойынша аудиттелген есептілік қамтылған 2018 жылға Қоғамның жылдық қаржы есептілігін бекіту.
    2. 2018 жылғы Қоғамның таза кірісін жарғылық мақсаттарға бағыттау.
    3. Мыналар:

    - 2018 жылға жүргізілген аудит қорытындылары бойынша «Делойт» ЖШС есебі;

    - 2018 жылы жалғыз акционердің Қоғам мен оның лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштерінің болмауы туралы ақпарат;

    - 2018 жылға Қоғамның Директорлар кеңесінің және Басқармасы мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат;

    - 2018 жылға Қоғамның Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп кіретін 2018 жылға Қоғамның есебі назарға алынсын.

     

    «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды

    «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 31.05.2019 жылғы № 76 қаулысы) шешімімен 2019 жылғы 31 мамырдан бастап «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Наурызбаева Нурбиби Серекхажиевнаның және Галиева Дина Тулеубековнаның өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

    2019 жылғы 31 мамырдан бастап «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті орган өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының орынбасары Біртанов Есжан Амантайұлы және «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Құрманов Жанат Бостанұлы сайланды.

     

    Директорлар кеңесі және «БЖЗҚ» АҚ Басқармасындағы өзгерістер

    ► «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 28 маусымдағы шешімімен (№ 3 хаттама):

    1. Биртанов Есжан Амантайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды;

    2. «БЖЗҚ» АҚ Басқармасына сайланғандар:

    - Мадиева Айжан Маратовна Басқарма Төрағасының орынбасары, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма мүшесі 2019 жылғы 1 шілдеден бастап;

    - Сарсенова Наталья Васильевна Басқарушы директор, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма мүшесі 2019 жылғы 22 шілдеден бастап;

    - Дыбыспаев Қанат Болатжанұлы Басқарушы директор, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма мүшесі 2019 жылғы 15 шілдеден бастап.

    3. «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының келесі мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды:

    - Мұхамеджанов Бауыржан Қайырушұлы, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап;

    - Төлегенова Жанар Қорғанбекқызы, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап.

    ► «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі бойынша (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 111 қаулысы) Елемесов Асқар Раушанұлы «БЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болып 2019 жылдың 2 шілдеден бастап сайланды.

    ► «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 260 қаулысы):

    1. «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды Жакупова Светлана Кабыкеновна;

    2. Сарбасов Ақмади Әділұлы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесіне сайланды.

  • Қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төлемдер ай сайын жүзеге асырыла бастады.

    Әйелдердің зейнетке шығу жасы кезеңкезеңмен ұлғайтыла бастады.

    Ағымдағы жылы ақпан айының басында БЖЗҚ өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.

    БЖЗҚ Қордың 18 өңірлік филиалына өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын орнатып, пайдалануға берді.

    БЖЗҚ шалғай орналасқан елдімекендер үшін “Мобильдік кеңсе” жобасын іске қосты.

    16 сәуірде Атырау облысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылды.

    БЖЗҚ наурыздан бастап Сапа Менеджменті Жүйесінің ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкестігі аудитінен сәтті өтті.

    БЖЗҚ “Қазпошта” АҚ-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға және Шаралар жоспарына қол қойды.

    Мамыр айында БЖЗҚ Telegram-бота қызметін іске қосты.

    Шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгерді. Енді оны есептегенде еңбек өтілі және зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

    Шілде айында БЖЗҚ WhatsApp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудің жаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды.

    Композиттік қызметті енгізу. 11.10.2018 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

    «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 19 қазандағы (№ 12 жүзбе-жүз отырысының хаттамасы) шешімімен 2019 жылға бюджет пен инвестициялық жоспарға сай 2019 жылға 2017-2021 жылдарға «БЖЗҚ» АҚ Даму жоспарына (2019 жылға 2017-2021 жылдарға түзетілген «БЖЗҚ» АҚ Даму жоспары) өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 29 қазандағы №279 қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының 2019 жылға арналған шамасы: 1) инвестициялық табыс сомасының 5,0 пайызы; 2) зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызы көлемінде бекітілді.

    2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған.

    «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 315 қаулысы) «БЖЗҚ» АҚ 2018-2019 жылдарға арналған зейнетақы және меншікті активтері бойынша қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін «Делойт» ЖШС (БСН 940740000842) аудиторлық ұйым ретінде айқындалды.

  • «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен (ҚР ҰБ Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы №10-шы хаттамасы) Директорлар кеңесінің мүшесі және «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы болып Наурызбаева Нұрбүбі Серікқажықызы сайланды.

    2017 жылғы 16 ақпанда БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші мәжілісі өткізіліп, Кеңестің құрамы бекітілді.

    «БЖЗҚ» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №125-ші қаулысы) «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

    2017 жылғы 2 тамызда «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрайымы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының Орынбасары Ғалиева Дина Төлеубекқызы сайланды.

    2017 жылғы 11 қазанда «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қордың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Корпоративтік даму стратегиясы бекітілді.

    2017 жылғы 2 қарашада «БЖЗҚ» АҚ жалғыз акционерінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 02 қарашадағы №198 қаулысымен) «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

    2017 жылғы 22 желтоқсанда «ENPF» АҚ жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының № 265 қаулысына сәйкес мынадай шешімдер қабылдады: 1) «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына өзгерістер бекітілді; 2) «БЖЗҚ» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар бекітілді; 3) «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері - тәуелсіз директорларға төленетін сыйақылар және өтемақылар туралы қағидаларына өзгерістер бекітілді; 4) «Делойт» ЖШС «БЖЗҚ» АҚ-ның 2017 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым ретінде айқындалды.

    Наурыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында азаматтарға арналған жұмысы басталды. Сол арқылы кез-келген адам жеке өзі немесе топ болып Қор басшылығына тікелей сұрақ қоя алады.

    Сәуір айында «БЖЗҚ» АҚ телеграм-арнасын telegram.me/enpfkz іске қосты

    Сәуір айында БЖЗҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді кез келген қазақстандық азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты тікелей сұрақ қоя алады.

    Сәуір айында БЖЗҚ 2016 жыл бойынша зейнетақы активтері мен меншікті активтерге қатысты қаржылық есептіліктің сыртқы аудиті жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның қаржылық есептілігі барлық тұрғыда Қордың 2016 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайын анықталды.

    2017 жылдың алғашқы тоқсанында Қор құрылымын оңтайландыру үдерісі аяқталды. Ол бірінші кезекте әкімшілік және операциялық шығындарды қысқарту, Қор қызметі мен көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Тиімсіз және қосалқы үдерістер жойылды. Бұл, Қордың штаттық құрылымын оңтайландыруға мүмкіндік берді. БЖЗҚ-ның жаңа құрылымы бекітілді. Қарапайым мамандардан бастап бөлімше жетекшілеріне барлық деңгейде қызметкерлерге қатысты біліктілік талаптары күшейтілді. Ынталандыру және еңбекақы төлеу жүйесі оңтайландырылды.

    2017 жылғы маусым айында Қор enpf.kz сайтында мынадай электрондық қызметтерді жүзеге асырды:
    - міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;
    - зейнеткерлік жасқа толуға байланысты немесе 1-ші немесе 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;
    - төлемдерді тағайындау және (немесе) аудару жөніндегі өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.

    Шілде айында БЖЗҚ қызметкерлерінің күшімен БАҚ пен блогосфера өкілдері, сондай-ақ журналистика факультеттерінің студенттері үшін осымен екінші рет «Қаржы журналистикасы бойынша жазғы мектеп» шарасы өткізілді.

    Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша БЖЗҚ Қор сайтында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі туралы ақпаратты ұсынудың жаңа тәсілін әзірледі.

    БЖЗҚ ақпараттық қауіпсіздік бойынша ISO/IEC 27001:2013 стандартына сәйкестік жөнінде Британия Стандарттар Институтының сертификаттауынан сәтті өтті.

    БЖЗҚ Алматы мен Астана қалалары және барлық облыстардың атқарушы органдарымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

    Зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақыны 33%-ға азайту туралы шешім қабылданды.

  • 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлері еңбек сіңірген жылдарына қарамастан республикалық бюджет арқылы зейнетақымен қамсыздандырылатын болады.  

    2016 жылғы ақпанда «БЖЗҚ» АҚ-ның жаңа веб-сайты қолданысқа енгізілді.

    2016 жылғы 10 тамызда бұрын әскери қызметшілердің пайдасына бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару шаралары аяқталды. 

  • 2015 жылғы қарашада «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақы шамасын инвестициялық табыстан 30%-ға және зейнетақы активтерінен 10%-ға төмендету туралы шешім қабылданды.  

    2015 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының (ХЗӘҚҚ) толық құқықты мүшесі ретінде қабылданды.

    2015 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ензгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

    2015 жылғы 3 маусымда «БЖЗҚ» АҚ басқарма құрамы сайланды және Ерденаев Руслан Серікұлы Қор Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

    2015 жылғы ақпанда БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын ықпалдастыру жүзеге асырылды. Бұл салымшыларға өз жинақтары туралы барлық ақпаратты тез алуға мүмкіндік берді. 

  • 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ FIAP толыққанды мүшесі болды.

  • 2 шілдеде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы заңы қолданысқа енгізілді.   

    31 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №747 қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ құрылды. 

    22 тамызда ГНПФ атауының «БЖЗҚ» АҚ болып өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркеуден өтті. «БЖЗҚ» АҚ өз жұмысын бастады. 

    26 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.   

    27 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «БЖЗҚ» АҚ арасында қаржы құралдарын және ақшаны сақтау мен есепке алу бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты жасалды. 

    24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-өткізу кестесін бекітті.   
  • «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ   Global Pension Fund Awards халықаралық айтулы сыйлықақысын алды. 

    Ақпан айында «ГНПФ» зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының көлемі 500 млрд теңгеден асты.   

    12 наурыздан бастап «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ акционерінің комиссиялық сыйақы көлемін: инвестициялық табыстан - 15%-дан 12%-ға дейінгі мөлшерде; зейнетақы активтерінен – айына 0,0475%-дан 0,0375%-ға дейінгі мөлшерде өзгерту туралы шешімі күшіне енді.     

    1 маусымдағы жағдай бойынша «ГНПФ» зейнетақы қоры 12 ай ішіндегі инвестициялық табыс деңгейі (К2 қалыпты портфелі) бойынша  4,86%-ға тең көшбасшы болды. 

    24 қыркүйекте «ГНПФ» зейнетақы қорына 15 жыл толды.  

  • 1 наурызда ГНПФ зейнетақы активтерінің сомасы 300 млрд теңгеден асты.  

    8 айдағы ГНПФ-тің «таза» инвестициялық табысы 14 845 668 мың. теңге болды. Бұл Қазақстан Республикасының барлық ЖЗҚ арасындағы абсолюттік мағынадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылды.

  • Желтоқсан айында «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестікті бақылау аудитінен сәтті өтті.   
  • 31 мамырда Еуропалық қайта құру және даму банкі ГНПФ акционерлерінің құрамына кірді. 

    Шілде айында сапа менеджменті жүйесін ISO 9001: 2000 стандарты талаптарына сәйкестікке  қайта сертификаттау бойынша аудиттан сәтті өтті.

    Тамыз айында KASE Қазақстандық қор биржасы 2006 жылдың қорытындысы бойынша ГНПФ-ті банктік емес брокерлік және/немесе дилерлік ұйымдар арасындағы биржалық бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы деп таныды.  

  • Қаңтардан бастап ГНПФ салымшылардың мүддесін басшылыққа алып, барлық зейнетақы қорларының ішінде бірінші болып және жалғыз өзі зейнетақы активтері бойынша ұсталатын комиссиялық сыйақылар сомасын 0,0475 %-ға дейін төмендетті.     
  • Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің қолдауымен ГНПФ-ке «Лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз етуден таза аумақ» сертификатын берді.

    1 ақпаннан бастап «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өз атауын «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деп өзгертті.   

    Қараша айында Брюссельде (Бельгия) ГНПФ-ке Қазақстан Республикасындағы зейнетақы секторын дамытуға қосқан үлесі (капиталды басқару) үшін «EuroMarket Award» сыйлықақысы берілді.    
    25 қарашада Еуропалық қайта құру және даму банкінің ГНПФ-тің акционерлік капиталына кіру ниеті туралы меморандумға қол қойылды.    

  • Қазан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен қатар ГНПФ-тің акционері болды.  
  • ГНПФ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен бірдей тең құқыққа ие болды. Инвестициялық мүмкіндіктер бойынша шектеулер алынды, «Жалпыға ортақ қор» мәртебесі жойылды
  • §     ГНПФ «Жалпыға ортақ қор» тәртібінде қызмет атқарды. Егер жұмыскер таңдау жасамаса және басқа зейнетақы қорымен шартқа отырмаған болса, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын ГНПФ-ке аударатын болған.   
  • 11 тамызда ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясын бірінші болып алды.  

  • Қордың Қазақстан өңірлеріндегі өкілдіктер желісі белсене қалыптасып, дами бастады.  

    Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында алғашқы зейнетақы жарнасы төленді

    ГНПФ «Жалпыға ортақ қор» тәртібінде қызмет атқарды. Егер жұмыскер таңдау жасамаған және басқа зейнетақы қорымен шарт жасамаған болса, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын ГНПФ-ке аударатын болған. 
  • 12 мамырда  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау туралы тұжырымдамасы әзірленді және қабылданды. Онда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ құру көзделген. 

    20 маусымда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді. 

    24 қыркүйекте  «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» ҚР қаулысы шықты.