Филиалды таңдаңыз:
«БЖЗҚ» АҚ өз қызметін Қор Жарғысына және Қордың 2017-2021 жылдарға арналған корпоративтік даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі барлық қаржылық және ақпараттық ағындардың бірыңғай әкімшісі және операторы болып табылады.
Қордың негізгі мақсаты (миссиясы) – қызмет сапасын жақсарту, зейнетақы активтерін дұрыс есептеу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдастырушылық ықпал ету.
Өз қызметінде әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын, ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттарына, енгізілген сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) қағидаттарын қалтқысыз ұстанып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтап, мемлекет, серіктестер мен жеткізушілер алдындағы міндеттемелерін мүлтіксіз орындап, Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес өз миссиясын жүзеге асыра отырып, Қор:
ең үздік тәжірибе стандарттарын пайдалана отырып, зейнетақы қызметінің сапасын жүйелі түрде көтереді;
халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін нығайтады;
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламаларын жүзеге асырады..
Қор өз қызметінің бағыттарын жүзеге асыру үшін:
Қор қызметкерлерінің жоғары еңбек тәртібі деңгейін, қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін үнемі көтеруді;
Сапа менеджменті жүйесіне шынайы берілгендік, бастамашылдық пен кәсіпқойлық – Қордың әр қызметкеріне тән қасиеттер, дәл осы қасиеттердің арқасында зейнетақы қызметтері үнемі жетілдендірілуде.
Қор басшысы қызметкерлердің өз ісіне адалдығын, бастамашылдығы мен кәсіпқойлығын жоғары бағалайды, осы Саясаттың барлық деңгейлерде қолдау табатынына үміттенеді және қабылданған міндеттемелерді орындау үшін қажетті ресурстарды бөлу міндетін өзіне алады.