Филиалды таңдаңыз:
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық:
• «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31 және 32- баптарына сәйкес міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі;
• Заңның 33-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі.
Зейнетақы төлемдерін алушы № 1042 Қағидаларына [1] сондай-ақ, "БЖЗҚ" АҚ Зейнетақы қағидаларына (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша) сәйкес зейнетақы жарналарының түріне және БЖЗҚ-ға өтініш жасау тәсіліне қарай төменде көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады:
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлеміне құқығы бар тұлғалар |
Құжаттарды беру тәсілі |
Қажетті құжаттар тізбесі |
---|---|---|
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін, БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары/ ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар |
БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде |
1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы; 2) алушының банк шоты туралы мәліметтер. |
Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) арқылы. |
1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда) және заңдастырылған көшірмелері;
2) Сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің қорғаншының/қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы; 3) нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасы (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтына «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Бланк үлгілері») бөлімінде орнластырылған) немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі, не заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) куәлігі/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) тағайындалғаны туралы анықтама/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) мәртебесін растайтын басқа құжат, қажет болған жағдайда заңдастырылған; 4) алушының банк шоты туралы мәліметтер. |
|
Пошта байланысы арқылы |
1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген үлгіге сай зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, оны алушының өзі толтырады (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – жарналар түріне қарай №1 немесе № 9 қосымша БЖЗҚ сайтында «Бланкілердің үлгілері»бөлімінде орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады; 2) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 3) алушының банк шоты туралы мәліметтер. |
|
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар |
БЖЗҚ кеңсесіне алушының өзі келіп өтініш жасағанда |
1) азаматтығы жоқ тұлғаның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы; 2) алушының банк шоты туралы мәліметтер. |
Сенім білдірілген тұлға/ заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) арқылы. |
1) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда) және заңдастырылған көшірмелері; 2) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің қорғаншының/қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
3) нотариалды куәландырылған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтына «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Бланк үлгілері») бөлімінде орнластырылған) немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі, не заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) куәлігі/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) тағайындалғаны туралы анықтама/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) мәртебесін растайтын басқа құжат, қажет болған жағдайда заңдастырылған; 4) алушының банк шоты туралы мәліметтер. |
|
Пошта байланысы арқылы |
1) бекітілген үлгіге сай зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш, оны алушының өзі толтырады (өтініш бланкісінің өзекті нысаны – № 9 қосымша БЖЗҚ сайтында «Бланкілердің үлгілері»бөлімінде орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда); 2) егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өгеше көзделмесе, шетелдік төлқұжаттың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда) және заңдастырылған көшірмелері; 3) алушының банк шоты туралы мәліметтер. |
БЖЗҚ-ның «Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру» электрондық қызметін қолдану арқылы төлемге жіберіп отырған құжаттарды алдын ала тексере аласыз.
Егер зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болып табылған жағдайда, зейнетақы жинақтарын төлеу алушының банк шотына ғана жүзеге асырылады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген адамның банк шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді;
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес шетелдік төлқұжат – шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат. Соған сәйкес егер сенім білдірілген тұлға шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік төлқұжат беруі тиіс (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі төлқұжаты қаралмайды);
Төлемге құжаттарды алған кезде БЖЗҚ БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен ("Жеке тұлғалар" мемлекеттік Деректер қоры, бұдан әрі – ЖТ МДҚ) өтініш жасаған шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.
Өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшінің жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемін жүзеге асырады.
БЖЗҚ өтінішті орындаудан келесі жағдайларда бас тартады (бұл ретте БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты өтініш жасалған күні береді немесе Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді):
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген ҚР азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайларда;
бұл ретте шетелдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресімдеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы хабардар етеді. Қажет болған жағдайда шетелдік Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін БЖЗҚ-ға қайтадан өтініш береді. Осылайша егер алдымен басқа елдің азаматтығын рәсімдеп, содан кейін Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін ҚР консулдығына тапсырса, онда "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасында "азаматтықтан айырылу" деген белгі қойылады. Алайда БЖЗҚ мұндай белгімен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыра алмайды. ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлем алуға өтінішті орындаудан бас тартуды болдырмау үшін, ең алдымен, міндетті түрде елден шығуды ресімдеп алу керек, одан кейін ғана басқа мемлекеттің азаматтығын рәсімдеу қажет.
- Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынған, сондай-ақ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы мәліметтер болмаған не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылған жағдайларда.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде берілген;
Егер тұрғылықты тұратын мемлекетте шетелдік төлқұжаттар мен өзге де құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландырмайтын болса, растаушы құжаттар берілуі тиіс (нотариустың құжаттың көшірмесін куәландырудан бас тарту туралы қаулысы не басқа құжат).Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішке шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі қажет барлық жағдайда, егер нотариустың куәландыру жазбасында «құжат түпнұсқасымен/төлнұсқасымен көшірменің дұрыстығын куәландырамын» сөздері болса, негізгі деректемелер, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжат нөмірі, күні және берген орган, қолданылатын мерзімі көрсетілген беттері ғана бар шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесін беруге болады. Шетелдік төлқұжаттан нотариат куәландырған үзінді көшірме қарастырылмайды!
Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер құжаттар түпнұсқалары көшірмелерінің дұрыстығын, алушының өтінімдегі қойылған қолдарының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалатын болса, оларды заңдастыру қажет.
Шет тілінде жазылған қажетті құжаттар, соның ішінде шетелдік нотариуспен және аудармашымен куәландырылған құжаттар, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы тиіс, қажет болған жағдайда заңдастырылады.
Шетелдік төлқұжат алатын кезде алушының деректемелері, атап айтқанда, тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда, Құжаттар тізбесіне қосымша негізгі деректерінің өзгеру дерегін растайтын, шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып ресімделген төменде көрсетілген құжаттардың біреуінің түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін беру қажет:
- Қазақстан Респубилкасының уәкілетті органының анықтамасы;
- шетел мемлекетінің уәкілетті органының анықтамасы;
- тегі/аты/әкесінің аты ауыстыру туралы куәлік/анықтама;
- неке қию/бұзу туралы куәлік;
- деректемелердің өзгеру фактісін растайтын өзге құжат.