Филиалды таңдаңыз:
1. 50 жасқа толғандар; 2. Мүгедектер. |
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлемін алуға құқығы бар тұлғалар |
Құжаттарды өткізу тәсілі |
Қажетті құжаттардың тізбесі |
1) 50 жасқа толған тұлғалар; 2) Мүгедек болып табылатын тұлғалар. |
БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі жүгінген кезде |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 2) алушының банк шоты туралы деректері. |
сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл арқылы (қамқоршы/тәрбиелеуші) (құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өзі жүгінген кезде қабылданады) |
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) алушының атынан өтінішке қол қою және барлық қажетті құжаттарды беру құқығын көрсете отырып, алушының мүддесін БЖЗҚ-да қорғау үшін нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы (сенімхат үлгісі БЖЗҚ web-сайтындағы «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Бланк үлгілері» бөлімінде орналастырылған) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілдің (қорғаншы/қамқоршы) тағайындалғандығы туралы анықтама/заңды өкілдің (қорғаншы/қамқоршы) мәртебесін растайтын басқа құжат; 3) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі* және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары; 4) алушының банк шоты туралы деректері. Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдерін алушы еңбекке жарамсыз/еңбекке жарамдылығы шектеулi кәмелетке толған тұлға болса, зейнетақы жинақтарының төлемі тек алушының банк шотына жасалады. Зейнетақы жинақтарының төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/ қамқоршының) банк шотына жасауға рұқсат етілмейді. |
|
Пошта байланыс арқылы |
1) алушы өз бетімен толтыратын, белгіленген нысанға сай зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтына – «Бланк үлгілері» бөліміндегі №9 қосымшада орналастырылған), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушы қолы нотариатпен куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда); 2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) алушының банк шоты туралы деректері |
* Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаты шетелдік төлқұжат болып табылады. Тиісінше, егер шетел азаматы сенімді тұлға болып табылса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік төлқұжатты ұсыну қажет (шетел азаматының ішкі төлқұжаты, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі төлқұжаты қарауға жатпайды).
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 326 бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдері түрінде салық салуға жататын табысқа кіреді.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.