«Құрметті салымшы (алушы)!
«Зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) сақтандыру ұйымына аударуға өтініштің орындалуын бақылау» қызметін Сіз: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) сақтандыру ұйымына аударуға өтінішіңіз болған кезде авторланудың мынадай тәсілдерін: электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ), логин/пароль немесе өтініште көрсетілген мәліметтерді қолдана отырып пайдалана аласыз:
Егер Сізде ЭЦҚ бар болса, «ЭЦҚ арқылы кіру» сілтемесі бойынша кіріңіз.
Егер Сізде «БЖЗҚ» АҚ сайтындағы Жеке кабинетке кіруге рұқсатыңыз болса, «Кіру. Логин және пароль» сілтемесі бойынша кіріңіз.
Егер Сіз берілген парольді ұмытып қалсаңыз, парақшаның жоғарғы жағындағы Парольді ұмытып қалдыңыз ба?» деген сілтемеге басып кіріңіз.
Сіз зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) аударуға өтініште көрсетілген деректерге сәйкес авторлана аласыз.
Ол үшін «Құжат нөмірі» жолына зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) аударуға өтініште көрсетілген деректерге сәйкес жеке басыңызды куәландыратын құжаттың (туу туралы куәлік, жеке куәлік, төлқұжат және т.б.) нөмірін енгізесіз. Егер өтініште төлқұжат деректері көрсетілген болса, онда «Құжат нөмірі» жолына төлқұжат нөмірін енгізесіз, сериясын көрсетпейсіз.
Авторланудың бұл тәсілін тек өтініште Қазақстан Республикасының ұялы операторының ұялы телефон нөмірі не e-mail болған кезде ғана пайдалана аласыз