Филиалды таңдаңыз:
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 326-бабының ережелеріне сәйкес «БЖЗҚ» (әрі қарай - БЖЗҚ) АҚ арқылы жүзеге асатын зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы (әрі қарай - ЖТС) салынатын табысқа жатады.
Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағына сәйкес алушының БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемі түріндегі табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынады.
Жеке табыс салығын ұстау салымшының (алушының) тұтас барлық шарттары бойынша міндетті зейнетақы жарналары (әрі қарай - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (әрі қарай - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (әрі қарай - ЕЗЖ) есебінен төлем сомасынан жүргізіледі.
Салық кодексінің 345-бабына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемі түріндегі табыстан салық шегеріміне құқығы бар тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес МЗЖ және МКЗЖ есебінен, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ЕЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін алушылар – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ай сайын зейнетақы төлемі түсетін зейнетақы төлемі түріндегі табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын бір жалақының ең төменгі мөлшерінде.
2) зейнетақы төлемдерін алушылар – зейнет жасына жеткен және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасы резиденттері-жеке тұлғалары – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ай сайын зейнетақы төлемі түсетін зейнетақы төлемі түріндегі табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының он екі еселенген мөлшерінде.
Салық кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшердегі салық шегерімі жеке тұлғаның салық шегерімін қолдану туралы өтінішінің және растайтын құжаттарының көшірмелері негізінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын жеке тұлғаларға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне Салық кодексінің 655-бабының 3-тармағының ережелеріне сәйкес салық шегерімін жүзеге асырусыз, Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағымен белгіленген мөлшерді (10 (он) пайыз) қолдану жолымен жеке табыс салығы салынады.
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары түріндегі табысына салық шегерімін жүзеге асырусыз 10 (он) пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынады.