"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Корпоративтік басқару

БАСШЫЛЫҚТЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗДЕРІ МЕН МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ

Жанат Құрманов: Зейнетақы жүйесі – елдің экономикалық және әлеуметтік айнасы


Дерек көзі: Egemen.kz

Күні:  27 желтоқсан 2022 ж.

Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының операторы – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ. Осы ретте «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Жанат ҚҰРМАНОВПЕН арадағы әңгіме азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері және Қордың сан алуан қызметтеріне қатысты бүкпесіз әрі ашық сипатта өрбіді.

Толығымен оқыңыз


– Жанат Бостанұлы, 2014 жылы Қазақ­стан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжы­рымдамасы бекітілді. Осы құжатта көз­делген шаралар жақын болашақта қазақ­стандықтардың зейнетақы жүйесі мен жинақ­тарына қалай әсер етеді?

– Қазақстан зейнетақы жүйесін жаң­ғырту тұжырымдамасы 2014 жылы қабыл­данып, оның көптеген ережелері жүзеге асы­рылды. Тұжырымдаманың көптеген ере­желері орындалды. Кейбір тұстары қазіргі нақ­ты жағдайды ескере отырып, даму мен жетілдіруді қажет етеді. Оның мақсаты – барлық мүдделі тараптардың (мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің) қатысуымен көп деңгейлі зейнетақы жүйесін дамыту арқылы азаматтарымыздың зейнетақы кірістерінің өсуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ ол еңбек қызметі аяқталғаннан кейін азаматтарды лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жоспарлы қадамдарды көздейді.

Зейнетақы жүйесі – мемлекеттің эконо­мика­лық және әлеуметтік жағдайының айнасы. Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін дамытудың негізгі мақсаты – еңбек қызметі кезеңінде қызметкердің табысын зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі стандарты ретінде жоғалған табысының 40%-дан төмен емес деңгейде жиынтық зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін сақ­тау. Бұл – Халықаралық еңбек ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдардың талабы.

Қазір жиынтық зейнетақыда мемлекеттік бюджеттен төлемдер басым. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша барлық зейнетақы алушылар бойынша табысты алмастыру коэффициентінің орташа көрсеткіші шамамен 52% болды. Оның ішінде базалық зейнетақы есебінен – 13%, ортақ зейнетақы есебінен – 28%, жинақтаушы зейнетақы есебінен – 11%. Жинақтаушы құрамдауыштың төмен салымы жарна мөлшерінің аздығына (10%), зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың толық емес мерзіміне және жарналардың тұрақ­ты аударылмауына байланысты. Мы­салы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйы­мына (ЭЫДҰ) кіретін елдер бойын­ша жарналар мөлшерлемесінің орташа көрсет­кіші шамамен 18% құрайды. ЭЫДҰ-ның актуарлық есептеулеріне сәйкес нысаналы алмас­тыру коэффициентіне кемінде 30%-ға қол жеткізу үшін шамамен 13% болатын жар­на мөлшерлемесі қажет. Бұл ретте қыз­мет­кер зейнетақы жарналарын 40 жылдық кезең ішін­де, яғни барлық еңбек қызметі ішінде аударуға тиіс. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстандағы жи­нақ­таушы зейнетақы жүйесі 1998 жылдан бас­тап жұмыс істей бастады, яғни 24 жыл ғана өтті. Осы уақыт ішінде азаматтардың барлығының бірдей зейнетақы жарналарын тұрақты төлей бермейтінін де ескерген жөн.

Уақыт өте келе зейнетақының бірлескен құрамдауышы азаяды. Өйткені ол тек 1998 жылға дейін жұмыс істегендерге төленеді. Сондықтан жинақтаушы құрамдас бөліктің маңыздылығы артып келеді. Ол еңбек қыз­меті аяқталғаннан кейін жоғалған табысты алмастырудың барабар коэффициентін дамытып, қамтамасыз етуі керек. Бұл ретте болашақтағы зейнетақы міндеттемелерінің өсуін болжау және жалпы зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) қалыптасқан үлгіні дамытып, әдіснаманы жетілдіру арқылы тұрақты демографиялық бағалар мен актуарлық есептер жүргізіп отырады. Актуарлық үлгі зейнетақы жүйесін реформалауға бағытталған заңнамалық бастамаларды кешенді ұзақмерзімді талдауды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің тұрақты параметрлерін құру бойынша стратегиялық ұсынымдар мен оңтайлы шешімдер әзірлеуге көмектеседі. Осындай бірқатар ұсыныстарды ұзақмерзімді актуарлық үлгілер құру негізінде ел Үкіметі жанындағы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы тұрақты қарап отырады.

– Соңғы жылдары БЖЗҚ алдына қан­дай жаңа бағыттар мен міндеттер қойыл­ды? Қор халыққа қызмет көрсетуді қалай дамы­тады және шығындарын қалай оңтай­ландырады?

– Тұрғын үйге және емделуге біржолғы төлемдермен байланысты жаңа зейнетақы қыз­меттерін көрсету, салымшыны таңдау бойын­ша жинақтарды басқарушы компанияларға аудару, ЕАЭО-ның еңбек мигранттары туралы келісімі бойынша Қазақстан Республикасы атынан құзыретті органның функцияларын жүзеге асыру және басқа да міндеттер БЖЗҚ алдына соңғы жылдары қоса қойылды. Мысалы, 2021 жылы қор өз салымшыларына 40 миллионнан астам қызмет көрсетті.

БЖЗҚ қызметінің ауқымы едәуір кеңей­геніне қарамастан, осы шараларды орындау­ды Қор әкімшілік шығындарды көбейтпей және штатты ұлғайтпай сәтті жүзеге асырды. Корпоративтік даму стратегиясы шеңбе­рінде жүргізілген БЖЗҚ-ның бизнес-процес­терді оңтайландыру және автоматтандыру, элек­трондық қызметтерді дамыту, еңбек өнім­ділігін арттыру жөніндегі мақсатты жұмыс­тар нәтижесінде 2017-2021 жылдарға арнал­ған шығыстар айтарлықтай төмендеді. Атап айт­қанда, қызметкерлерге жұмсалатын шығыстар 13,2%-ға немесе 1,2 млрд теңгеге азайып, жалпы бес жыл көлемінде штат саны 35%-ға немесе 807 бірлікке қысқарды (2 302-ден 1 495 штат бірлігіне дейін).

БЖЗҚ акционерлік қоғам ретінде өз қыз­метін «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға және қағидаларға сәйкес бесжылдық даму жоспары, жыл сайынғы бюджет (қаржы жоспары) және күрделі шығыстар жоспары негізінде жүзеге асырады. Қордың Даму жоспары уәкілетті мемлекеттік органмен келісіледі және оны БЖЗҚ АҚ директорлар кеңесі бекітеді. Қор қызметі республикалық бюджет есебінен қар­жы­ландырылмайды. Бекітілген даму жоспары мен оның орындалуы туралы есеп Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитетінің (мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірың­ғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі) тізілімінде БЖЗҚ бюджетін қалыптастыру­дың және оның меншікті активтері бойынша атқарылуының толықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып орналастырылады.

Қордың жалпы әкімшілік шығыстары­ның едәуір үлесін ақпараттық жүйелер, бағдар­ламалық қамтамасыз ету мен жабдықтар, интер­нет, пошта байланысы қызметтері, бас­қа да байланыс арналарына техникалық қыз­мет көрсету, жөндеу және сүйемелдеу үшін жұм­салған шығыстар құрайды. Бұл шығыс­тар зейнетақы жинақтарының сенімді есе­бі, салымшылардың дербес деректерінің сақ­талуы мен қорғалуы бойынша жұмысты ұйым­дастыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Сон­дай-ақ тұрғын-жайларды жалға алу шығындары 42,2%-ға немесе 433 млн теңгеге төмендеді. Оның ішінде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне жүгінуді талап етпейтін цифрлық қашықтықтан сервистерді кеңейту және өңірлік желіні 24%-ға оңтайландыру есебінен Қор кеңселері 231-ден 176-ға дейін азайтылды. Зейнетақы қызметтерін көрсетудің электрондық тәсілдерін біртіндеп енгізу және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы салымшыларды хабардар ету бойынша пош­та қызметтерінің шығыны 38,5%-ға неме­се 126 млн теңгеге қысқарды. 2017-2021 жыл­дардағы жалпы әкімшілік және персоналға арналған шығыстар инфляция деңгейінің және көрсетілетін қызметтердің өсуіне қарамастан 5,1%-ға немесе 659 млн теңгеге азайтылды. Ал осы бесжылдық кезеңде БЖЗҚ көрсететін қыз­меттердің тізбесі мен саны 3,2 есеге ұлғайды.

Қор зейнетақы қызметтері сапасының жоғары стандарттарын қолданып келеді. 2021 жылы халыққа 40,5 млн қызмет ұсынылса, соның арасынан небәрі 14 шағым көрініс тапты. БЖЗҚ сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатымен расталғанын да атап өткен абзал. Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелері, ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері де сертификатталған отандық және халықаралық аудиттен үнемі өтіп тұрады.

2022 жылдың мамыр айында БЖЗҚ Ха­лық­аралық еңбек ұйымы жанындағы Халықара­­лық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы­­ның (ISSA) Құрмет грамотасымен марапаттал­ды. Мұндай мәні зор мәртебеге Қор Еуропа­ның 20 елінен келген 96 үміткердің арасын­да «2017-2021 жылдарға арналған Корпоратив­тік даму стратегиясын іске асырудағы ерекше айырмашылығы үшін, атап айтқанда, тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технология­ларды енгізу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтудегі табыстары үшін» ие болды.

– Соңғы жылдары БЖЗҚ алдына қан­дай жаңа бағыттар мен міндеттер қойыл­ды? Қор халыққа қызмет көрсетуді қалай дамы­тады және шығындарын қалай оңтай­ландырады?

– Тұрғын үйге және емделуге біржолғы төлемдермен байланысты жаңа зейнетақы қыз­меттерін көрсету, салымшыны таңдау бойын­ша жинақтарды басқарушы компанияларға аудару, ЕАЭО-ның еңбек мигранттары туралы келісімі бойынша Қазақстан Республикасы атынан құзыретті органның функцияларын жүзеге асыру және басқа да міндеттер БЖЗҚ алдына соңғы жылдары қоса қойылды. Мысалы, 2021 жылы қор өз салымшыларына 40 миллионнан астам қызмет көрсетті.

БЖЗҚ қызметінің ауқымы едәуір кеңей­геніне қарамастан, осы шараларды орындау­ды Қор әкімшілік шығындарды көбейтпей және штатты ұлғайтпай сәтті жүзеге асырды. Корпоративтік даму стратегиясы шеңбе­рінде жүргізілген БЖЗҚ-ның бизнес-процес­терді оңтайландыру және автоматтандыру, элек­трондық қызметтерді дамыту, еңбек өнім­ділігін арттыру жөніндегі мақсатты жұмыс­тар нәтижесінде 2017-2021 жылдарға арнал­ған шығыстар айтарлықтай төмендеді. Атап айт­қанда, қызметкерлерге жұмсалатын шығыстар 13,2%-ға немесе 1,2 млрд теңгеге азайып, жалпы бес жыл көлемінде штат саны 35%-ға немесе 807 бірлікке қысқарды (2 302-ден 1 495 штат бірлігіне дейін).

БЖЗҚ акционерлік қоғам ретінде өз қыз­метін «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға және қағидаларға сәйкес бесжылдық даму жоспары, жыл сайынғы бюджет (қаржы жоспары) және күрделі шығыстар жоспары негізінде жүзеге асырады. Қордың Даму жоспары уәкілетті мемлекеттік органмен келісіледі және оны БЖЗҚ АҚ директорлар кеңесі бекітеді. Қор қызметі республикалық бюджет есебінен қар­жы­ландырылмайды. Бекітілген даму жоспары мен оның орындалуы туралы есеп Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитетінің (мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірың­ғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі) тізілімінде БЖЗҚ бюджетін қалыптастыру­дың және оның меншікті активтері бойынша атқарылуының толықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып орналастырылады.

Қордың жалпы әкімшілік шығыстары­ның едәуір үлесін ақпараттық жүйелер, бағдар­ламалық қамтамасыз ету мен жабдықтар, интер­нет, пошта байланысы қызметтері, бас­қа да байланыс арналарына техникалық қыз­мет көрсету, жөндеу және сүйемелдеу үшін жұм­салған шығыстар құрайды. Бұл шығыс­тар зейнетақы жинақтарының сенімді есе­бі, салымшылардың дербес деректерінің сақ­талуы мен қорғалуы бойынша жұмысты ұйым­дастыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Сон­дай-ақ тұрғын-жайларды жалға алу шығындары 42,2%-ға немесе 433 млн теңгеге төмендеді. Оның ішінде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне жүгінуді талап етпейтін цифрлық қашықтықтан сервистерді кеңейту және өңірлік желіні 24%-ға оңтайландыру есебінен Қор кеңселері 231-ден 176-ға дейін азайтылды. Зейнетақы қызметтерін көрсетудің электрондық тәсілдерін біртіндеп енгізу және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы салымшыларды хабардар ету бойынша пош­та қызметтерінің шығыны 38,5%-ға неме­се 126 млн теңгеге қысқарды. 2017-2021 жыл­дардағы жалпы әкімшілік және персоналға арналған шығыстар инфляция деңгейінің және көрсетілетін қызметтердің өсуіне қарамастан 5,1%-ға немесе 659 млн теңгеге азайтылды. Ал осы бесжылдық кезеңде БЖЗҚ көрсететін қыз­меттердің тізбесі мен саны 3,2 есеге ұлғайды.

Қор зейнетақы қызметтері сапасының жоғары стандарттарын қолданып келеді. 2021 жылы халыққа 40,5 млн қызмет ұсынылса, соның арасынан небәрі 14 шағым көрініс тапты. БЖЗҚ сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатымен расталғанын да атап өткен абзал. Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелері, ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері де сертификатталған отандық және халықаралық аудиттен үнемі өтіп тұрады.

2022 жылдың мамыр айында БЖЗҚ Ха­лық­аралық еңбек ұйымы жанындағы Халықара­­лық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы­­ның (ISSA) Құрмет грамотасымен марапаттал­ды. Мұндай мәні зор мәртебеге Қор Еуропа­ның 20 елінен келген 96 үміткердің арасын­да «2017-2021 жылдарға арналған Корпоратив­тік даму стратегиясын іске асырудағы ерекше айырмашылығы үшін, атап айтқанда, тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технология­ларды енгізу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтудегі табыстары үшін» ие болды.

– Қор қызметін реттеу және қаржылан­дыру мәселелері бойынша қандай түсінік­теме берер едіңіз?

– «БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасын­да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес коммерциялық емес акционер­лік қоғам нысанында құрылды. Сондай-ақ Қор өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдардың нормаларын да басшылыққа алады. Коммерциялық емес ұйым – бұл өз қызметі­нің негізгі мақсаты ретінде пайда табу және алынған пайданы қатысушылар (акционерлер) арасында бөлмейтін ұйым. Осыған байланысты халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметтер көрсетуге бағдарланған ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар нысанында құрылады. Барлық табыс салымшыларға (алу­шыларға) көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, халыққа қызмет көрсетудің қазіргі заманғы әдістерін енгізуге бағытталады.

Қордың қызметі мемлекеттік бюджет қара­жаты есебінен қаржыландырылмайды. «Зей­нетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 34-бабының 8-тармағы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. Қордың меншікті капиталының қаражаты оның зейнет­ақы қызметтерін көрсетуге байланысты негізгі қызметін қаржыландыру үшін пайдаланылады. Бұл да салымшылардың мүддесі үшін БЖЗҚ комиссиялық сыйақысын одан әрі төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2014 жылдан бастап БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының төмендеу серпіні былайша болды: комиссия­лық сыйақы 2014 жылы зейнетақы активтері бо­йынша 0,025% болса, 2022 жылы 0,01%-ға дейін төмендеді. Ал инвестициялық кірістен алынатын комиссиялық сыйақы 2014 жылы 7,5% болса, 2021 жылдан бастап БЖЗҚ инвес­тициялық кірістен комиссиялық сыйақы алмайды. БЖЗҚ-ның жылдық комиссиялық сый­ақысының тиімді мөлшерлемесі әлемдегі ең төмен мәндердің бірі болып саналады.

«БЖЗҚ» АҚ қаржы ұйымы болып, зей­нетақы активтерін есепке алу, қаржы қызмет­терін тұтынушыларға көрсету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, корпоративтік басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестік, басшы қызметкерлерді келісу және т.б. бөлігінде оның қызметі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен реттеледі. Ұлттық банк сенімгерлік басқару шартына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды, сондай-ақ БЖЗҚ меншікті актив­терін инвестициялық басқаруды жүзеге асырады.

– БЖЗҚ-ға барлық зейнетақы активте­рін біріктіргеннен кейін Ұлттық банк жеке зейнетақы қорларымен салыстырғанда инвес­тициялық портфельдің жоғары сапа­сын және жоғары инвестициялық кіріс­тілігін қамтамасыз етуде. Осы жылғы көрсеткіш туралы не айтуға болады?

– Соңғы жылдар әлем экономикасы үшін оңай болған жоқ. Қаржы-экономикалық дағ­дарысы сейілмей тұрып коронавирус індеті ­басталды. Ал биыл қаржы нарығы мен зейнетақы жүйесіне геосаяси құбылыстар қатты әсер етуде.

БЖЗҚ-ның зейнетақы және меншікті актив­терін басқару кезінде Ұлттық банк кіріс­тілік пен тәуекелді ескере отырып, қауіп­сіздік пен инвестицияға теңгерімді көз­қарас қағидаттарын қатаң сақтап келеді. Қор салым­шыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 желтоқсанға 14,4 трлн теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарындағы жинақтал­ған таза инвестициялық кірістің үлесі – 36%. 2014 жылдан бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық кіріс (барлық зейнет­ақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру үрді­сінің аяқталуы) 6,8 трлн теңге болды. 2022 жылы орын алған қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құ­рал­дар, салалар және валюталар бойынша әрта­раптандыру есебінен оң инвестициялық кіріс алынды. Салымшылар мен алушылардың шоттарына 806 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелді. Зейнетақы активтері бойынша Ұлттық банк қамтамасыз еткен соңғы 12 айдағы кірістілік (2021 жылдың желтоқсан айынан 2022 жылғы қарашаға дейін) 5,91%-ды құрады.

Назар аударатын жайт, зейнетақы жинақ­тары – бұл ұзақмерзімді инвестициялар және инвес­тициялық кірістің мөлшерін кемінде бір жыл кезеңінде талдаған орынды. Себебі қысқа мерзімді деректер (ай сайынғы, тоқсан сайынғы және т.б.) айқын нәтижені көрсетпейді, өйт­кені ол нарықтың үнемі құбылмалылығына тәуелді. Мысалы, 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде (Ұлттық банктің активтерді басқаруының басталуы) зейнетақы активтерінің орташа жылдық кірісі 9,7% болса, орташа инфляция 7,9%-ды құрады. Егер одан да ұзақмерзімді кезеңді алсақ, онда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық кезеңінде (1998 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін) жиынтық инвестициялық кірістілік 718,78% болды. Ал бүкіл кезеңдегі инфляция 658,01%-ды құрады. Осылайша, орта және ұзақмерзімді талдауда зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етілді.

Инвестициялық басқарудың және зейнет­ақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинетінен көре алады. Мұндай жағдай қазірдің өзінде халықтың зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыруда. Бірнеше жыл бұрын салымшылар Қордан үзінді көшірмені жылына бір рет конверт арқылы алатын. Қазір жағдай өзгерді. Енді азаматтар жинақтарының жай-күйін тәулік бойы тексеріп, салымдар мен инвестициялық кірістер есебінен оның өсу динамикасын онлайн арқылы көре алады.

Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық банктің сенім­герлікпен басқаруындағы зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі ұзақмерзімді талдау бойынша оң нәтижеге ие.

– Мемлекет басшысы тарапынан халық­қа БЖЗҚ-дағы жинақтарын мерзі­мінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беріл­ген шешім қоғамды дүр сілкіндірген оқиға­лардың бірі болғаны ақиқат. Қазір жағдай қалай? Елдің екпіні басылды ма?

– Өз жинақтарын баламалы мақсаттарға – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емдеуге пайдалану мүмкіндігі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігі мен нәтиже­лілігін көрсетті. Жұртшылық Қордағы өз жинақ­тарының «ешқайда жұмсалып кетпей» нақтылы қаражат екеніне және пайдалануға болатынына көз жеткізді. Бірақ бұл мүмкіндікті негізінен өз кірістерінен Қорға тұрақты және толық көлемде зейнетақы жарналарын аударып тұрған азаматтар ғана пайдалана алғанын атап өткен жөн.

2022 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бо­йынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зей­нетақы қаражатын пайдалану туралы 1,34 млн өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге. Емдеу үшін жалпы сомасы 318 млрд теңгеге 401 165 өтініш орындалды. Бұл ретте қаражатты алудың орташа сомасы шамамен 800 мың теңге болды. Әрине, кейінгі кезде зейнетақы жинақтарын алу қарқыны төмендеді. Бірақ 2022 жылдың соңғы айларында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ай сайынғы сомасы орта есеппен 10-12 млрд теңгені құрап, ай сайын тұрақты түрде берілген өтініштер саны 5 мыңнан 7 мыңға дейін жетті.

Мемлекет басшысы «Біздің мақсатымыз – барлық жиналған қаражатты қазір бөліп беріп, адамдарды қартайғанда лайықты зейнетақысыз қалдырмау. Еңбеккерлердің жұмыс берушілерден зейнетақы жарналарын төлеуін талап етуі үшін ынталандыру тетіктерін ойластырып, еңбекақы төлеуде ашықтық қалыптастыру қажет», деп атап ­өт­кен болатын.

 Айта кету керек, халыққа зейнетақы жинақ­тарын мерзімінен бұрын пайдаланумен қатар, инвестициялауға қатысу мүмкіндігі де берілді. Осы мақсатта БЖЗҚ бес инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компаниялармен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасты. Инвестициялық портфельді басқарушыларға ағымдағы жыл­дың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша шамамен 9 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 6 мың өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы – 1,5 млн теңге. Зейнетақы жи­нақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойын­ша толық статистика enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде қолжетімді.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында болған кезеңде салымшы зейнетақы жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнет­ақы жинақтарының сақталуына кепілдік берілеті­нін еске салғым келеді. Ал салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді бас­қарушы компанияларға бас­қаруға аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі бас­қарушы компанияның зейнетақы активтері кіріс­тілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Оның мөлшері нарықта қолданыстағы инвес­тициялық компанияларға басқаруға берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.

– Елімізде 2,1 млн-нан астам адам өзін өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандар. Олардың зейнетақы қорына қаржы аудару мәселесі үнемі жетілдіруді талап ететін бағыттардың бірі. Соған орай аталған санат­тағы азаматтарға зейнетақы жарнасын қалай аударуларына болады?

– Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі - БЖТ) үш жыл бұрын енгізілді. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға кәсіптерін тіркетіп, көптеген жеңілдік алуға мүмкіндік беретін төлем түрі. Сондай-ақ төлем мөлшері ай сайынғы табысқа тәуелді емес. Ол жыл бойына өзгеріссіз қалады. Бірыңғай жиынтық төлем – ресми түрде жұмыс істемейтін тұлғалардың қызметін салық органдарында тіркеудің жеңіл­детілген тәртібін көздейді. Төлемнің бұл түрі – азамат еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылғанда, жүктілік пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейін бала күтімі жағдайларында да әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді. БЖТ төлеушілердің табысы жылына 3 млн 114 мың теңгеден аспауы керек. Бірыңғай жиынтық төлемнің 10%-ы – жеке табыс салығы, 20%-ы – әлеуметтік аударымдар, 30%-ы – міндетті зейнетақы жарналары, 40%-ы – міндетті медициналық сақтандыру қорына түседі.

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің бас­ты себебі – бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету. БЖТ енгізілгеннен кейін аталған тұлғалар барлық төлемді төлеуге және әлеуметтік қам­сыздандыру жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы БЖТ енгізу азаматтарды «көлеңкеден» шығаруға көмектесті. Басқаша айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – жұмыс берушілермен ресми түрде жасалған еңбек келісімшартынсыз табыс табатын тұлға­лар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ құрамында өз пайдасына міндетті зей­нетақы жарналарын аудара алады. БЖТ мөлшері:

- республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК (2022 жылы 3 063 теңге);

- басқа елді мекендерде тұратын жеке тұл­ғалар үшін – 0,5 АЕК (2022 жылы 1 531,5 теңге).

Жыл ішінде БЖТ түскен шоттардың саны 250 мыңнан асты. Сондай-ақ БЖТ артық­шылығы – азаматтар БЖЗҚ-да өздерінің зей­нет­ақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілер үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігіне де ие болады.

Халықаралық тәжірибеде өзін-өзі жұмыс­пен қамтыған қызметкерлер әлеуметтік аударымдарды төлеудің арнайы жүйелерін жиі пайдаланады. Мемлекет басшысы мұн­дай азаматтардың көлеңкеде қалуына жол бермеу керектігін атап өтті. Сондықтан БЖТ механизмін одан әрі дамытып, оны эконо­микалық тұрғыдан тиімді ету қажет.

– Цифрландыру реформасына байла­нысты БЖЗҚ-да қандай жұмыс атқа­ры­лып жатыр? Қордың өз салымшылары мен алушыларына көрсететін электрондық қызметтерінің деңгейі қандай?

– БЖЗҚ өз қызметтерінің 93%-дан астамын электрондық форматта көрсетеді. Олардың көпшілігін Қор сайты немесе мобильді қосым­шасындағы Жеке кабинет арқылы алуға болады. Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа белсенді түрде қызығушылық танытуда.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында салымшылар мен алушыларға жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 22,6 млн үзінді көшірме берді. Оның 17,8 млн-ы (78,5%) электрондық форматта берілді. Үзінді көшірме беру – БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі. БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке кабинетте салымшылар өз дерек­темелеріне өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді кез келген уақытта және кез келген жерде ала алады. Электрондық egov.kz үкімет порталымен интеграцияның нәтижесінде жинақтар туралы ақпаратты алу мүмкіндігі де бар.

Ал биыл енгізілген «Заңды тұлғаның кабинеті» қызметі жұмыс берушілерге өз қыз­мет­керлерінің зейнетақы аударымдарын жеңіл­детуге тамаша мүмкіндік ұсынады. Сондай-ақ қызметтердің бір бөлігі автоматты режімде көрсетіледі. Мысалы, жарналардың барлық түрі бойынша шоттар ашу алғашқы жарна түскен кезде өтінімсіз жүргізіледі.

Қор салымшылары мен алушылары үшін сапалы консультациялық қызметтер көрсетуге және ақпараттық арналарды дамытуға да ерекше назар аударады. БЖЗҚ салымшылары мен алушылары байланыс орталығында 1418 нөмірі бойынша, enpf.kz корпоративтік сайты, БЖЗҚ/ENPF мобильді қосымшасы, WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және Қордың барлық танымал әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында кеңес ала алады.

– Қор өркениет орталығынан алыс орна­ласқан ауыл-аймақ тұрғындар үшін қандай шараларды жүзеге асырып жатыр?

– Еліміз аумағының кең-байтақ көлемін ескере отырып, жер шалғайлығына байланысты қатынасу әлі де қиындыққа соғатын ауыл-аймақ тұрғындарына қызмет көрсетуді оңтайландыру мақсатында Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қоры «Мобильді кеңсе» қызметін енгізген болатын. Мобильді кеңсе – салымшыларға (алушыларға) сапалы қызмет көрсету үшін қажетті жабдықтармен, соның ішінде жерсеріктік байланыс қондырғысымен толықтай қамтылған заманауи шағын автобус. Қор мамандары зейнетақы қызметін әрбір адам орналасқан жері, әлеуметтік дәрежесі және жеке басының мәселесіне қарамастан толық көлемде алуға құқылы деп есептейді. Сондықтан кім-кімнің де болашағы үшін салымдар жасауға, өз жинақтары туралы ақпарат алуға мүмкіндігі болуға тиіс. «Мобильді кең­се» алыс елді мекендерге, соның ішінде өнді­рістік және аграрлық кәсіпорындарға еңбек қыз­метінен қол үздірмей қызмет көрсетуге арналған. Шағын автобуста барлық қызмет түрі онлайн тәртібінде көрсетіледі. Оның жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Жүру бағыты жергілікті атқарушы орындармен алдын ала келісілетіндіктен салымшылар мен алушылар келу уақытын күні бұрын біліп отырады.

Қор салымшылары үшін барынша қолайлы тағы бір қызмет көрсету түрі – «Мобильді агент». Құжаттарды сканерлеу және басып шы­ғару құрылғысымен жабдықталған ноутбугы және ғаламторға кіру үшін 4G модемі бар Қор маманының барып көрсететін қызметтері, бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталған.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы шалғай ауылдарда тұра­тын салымшыларға ыңғайлы болу үшін «Қаз­пошта» АҚ-мен бірлесе отырып арнайы жоба әзірледі. Бұл жоба халық арасында үлкен қол­дау тауып, көптеген салымшы тарапынан риза­шылыққа бөленіп үлгерді. Арнайы оқытудан өткен «Қазпошта» операторлары арқылы бұрын алыс елді мекендерге баруға тура келген қызметтерді салымшылар енді тұрғылықты мекенжайы бойынша пошта бөлімшелерінен ала алады. Елді мекендердің толық тізімін enpf.kz сайтынан көруге болады.

– 2022 жылы нарықта ерлі-зайып­ты­лардың ортақ зейнетақы аннуитеті қолда­нысқа енді. Бұл бастаманың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті­леріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасында бекітілгені белгілі. Осы шара азаматтар өміріне қандай жаңалық алып келеді?

 – Иә, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Бірлескен аннуитет» ұғымы енгізілді. Бұл Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын екі сақтанушының (сақтандырылған) зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын білдіретін өнім. Бірлескен аннуитеттің классикалық зейнет­ақы аннуитетінен айырмашылығы зейнет­ақы жинақтарын біріктіруге және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік берілген. Халықаралық тә­жі­­рибеге сәйкес жеке және бірлескен зей­нет­­ақы аннуитеттері өмірлік төлемдер ар­қылы зейнетақыны жоспарлаудың қаржылық құ­ралы болып табылады. Егер жеке зейнетақы аннуитеті тек бір адамның (аннуитет бойынша төлем алушы – аннуитеттің) өмір сүруіне негізделсе, бірлескен аннуитет екі адамның (аннуитенттердің/ерлі-зайыптылардың) өмір сүруін ескереді. Жеке зейнетақы аннуитеті шеңберінде төлемдер әдетте аннуитеттің қай­тыс болуына байланысты тоқтатылса, бір­лескен зейнетақы аннуитеті кезінде төлем­дер тоқтатылмай, ерлі-зайыптылардың бірінің дәм-тұзы таусылғанша жүзеге асырылады. Осы­лайша, бірлескен зейнетақы аннуитеті ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда екінші сыңарына қартайған кезде қаржылық қиыншылыққа тап болу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

– Жанат Бостанұлы, енді бірер уақыттан кейін 2022 жылдың есігін жабамыз. Биылғы жыл сіздер үшін ақпараттық текетірестің ортасында өтсе де халықты дер кезінде хабардар етіп, көп көңіліндегі күмәнді сейілтіп отырдыңыздар. Жалпы, Қор қаншалықты ашық ұйым?

– Жұмыстың ашықтығы мен жариялылы­ғы – «БЖЗҚ» АҚ Корпоративтік даму стратегиясында көзделген құндылықтар. Қаржы ұйымы ретінде БЖЗҚ жыл сайын міндетті аудиттен өтеді. Қор сайтында ай сайын зейнет­ақы активтері портфельдерінің құрылымы тура­лы толық ақпарат, сондай-ақ әрбір басқа­ру­шы (ҚРҰБ, ИПБ) бойынша инвестиция­лық қызмет қорытындыларына талдамалық шолу орналастырылады. Қосымша ақпарат бұқара­лық ақпарат құралдарында жарияланады. Әрбір салымшы мен алушы өз жинақ­тары туралы барлық ақпаратты (жарналар­дың уақ­­ты­лы түсуі және алынған инвестиция­лық ­кіріс) Қордың enpf.kz сайты немесе мобильді ­қо­сымшасындағы Жеке кабинет арқылы ­кез келген жерде және кез келген уақытта ­24/7 тәртібінде ала алады.

Бұдан бөлек, салымшылар мен алушылар үшін БЖЗҚ-мен барлық байланыс арналары қолжетімді: кеңселерде қызмет көрсету, қашықтықтан кеңес беру (байланыс орталығы, чат бот, кері байланыс жүйесі, Басқарма төрағасының блогы, мессенджерлер және жеделхат-арна), пошта хабарламасы, әлеуметтік желілер арқылы түскен сұрақтарға Қор мамандары жауаптар мен кеңестерді уақтылы әрі толық мазмұнда береді.

Қорда сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит тұрақты өткізіліп, құрылымдық бөлімшелердің жұмыс сапасына, қызмет көрсету деңгейіне тиісті баға беріліп, кемшін тұстары анықталып, олардың уақтылы түзетілуі қадағаланып отырылады. БЖЗҚ сапа менеджменті жүйесі­нің ISO 9001:2015 халықаралық стандарты­ның талаптарына сәйкестігіне орай екінші бақылау аудитінен сәтті өтіп, бұрын алынған сапа менедж­менті жүйесінің сертификатын растады.

Қор ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің аудитін де жыл сайын табысты өткізіп келеді. Ол ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын білдіреді.

Қорда сондай-ақ үш сайтты бірдей қамтуға болатын бір метрокластерлік сақтау жүйесі жұмыс істейді. Апат орын алған жағдайда осы метрокластер қамтып отырған үш сайттың бірінде әрдайым деректердің толық көшірмесі сақталып қалады. Деректерді өңдеудің осындай резервтік орталықтары Алматы мен Астана қалаларында бар. Олар өз кезегінде БЖЗҚ-ға тіпті жаһандық немесе табиғи апаттар қауіп төндірген жағдайда да ақпараттық зейнетақы қызметтерін үздіксіз ұсынуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта резервтік орталықтар ешқандай ақаусыз жұмыс істеуде.

Бұдан басқа, Қор бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек ұжымдарымен кездесулер арқылы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізеді.

Сондай-ақ 2017 жылдан бастап БЖЗҚ жанынан Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Кеңес отырыстарында қаржы нарығы сарап­шыларының, журналистердің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің пікірлері талқыланады. Біз өз тарапымыздан Қор қызметін қоғамдық бақылау және оны жақсарту, жалпы жинақ­таушы зейнетақы жүйесін дамыту бойынша әлгіндей ұсыныстарды үнемі ескеріп отырамыз. Осылайша Қоғамдық кеңес БЖЗҚ жұ­мы­сының нәтижелерін талқылау барысын­да барлық мүдделі тараптар: мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, сарапшылар, салымшылар мен алушылар үшін маңызды пікірталас алаңы болып табылады.

– Әңгімеңізге рахмет!




ХӘҚҚ-ның әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөніндегі 16-шы халықаралық конференциясы


Дата: Күні: 4-6 мамыр 2022 ж. Таллин, Эстония

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов ХӘҚҚ-ның әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөніндегі 16-шы халықаралық конференциясында баяндама жасады. Конференция тақырыбы: «Клиенттерге бағытталған мобильді қосымшалар: алушылар үшін электрондық қызметтерді құру».

Толығымен оқыңыз


Customer-centered mobile apps: Building e-services around beneficiaries Customer-centered mobile apps: Building e-services around beneficiaries (түпнұсқа)
 

МКлиенттерге бағытталған мобильді қосымшалар: алушылар үшін электрондық қызметтерді құру Клиенттерге бағытталған мобильді қосымшалар: алушылар үшін электрондық қызметтерді құру (аударма)



Жанат Құрманов: Қамсыз болашаққа қамдану бүгіннен басталуы керек


Дерек көзі: Egemen.kz

Дата: 3.11.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу және жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру туралы мәселе көтерген еді. Биылғы жылдың басынан бастап жүзеге асырыла бастаған бұл бастама жұртшылықтың қолдауына ие болып, оң бағасын алып жатыр. Осы ретте «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановпен жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жаңа өзгерістер жайында жан-жақты әңгіме өрбіттік...

Толығымен оқыңыз


– Жанат Бостанұлы, 2021 жыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына қандай өзгерістер алып келді?

– 2021 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес азаматтар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емдеу және жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын алды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өз жинақтарын тексеріп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға қолжетімді соманың бар екеніне көз жеткізуі тиіс. БЖЗҚ жинақталған зейнетақы қаражатын уәкілетті операторға (банкке) аудару азаматтың опе-раторға берілген өтініші туралы электронды хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Уәкілетті оператор аударылған зейнетақы жинақтарын азаматтардың арнайы шоттарына бір жұмыс күні ішінде есептейді. Зейнетақы жинақтары арнайы шоттарда 45 жұмыс күнінен аспайтын уақытта ғана сақталады. Осы мерзім ішінде жинақтар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға немесе салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс. Осылайша, азаматтардың тұрғын үй және емделу мәселелері бойынша барлық өтініштері уәкілетті операторға «бір терезе» қағидаты бойынша келіп, қаралады. Салымшы тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді. Сондай-ақ азаматтар түрлі инвестициялық стратегиялар ұсынатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) арасында өз қалауымен таңдау жасау арқылы жинақтарын басқаруға қатыса алады. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға нысан бойынша және талап етілетін құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш бере алады. БЖЗҚ-ға өтінішті БЖЗҚ-ның өңірлік кеңселеріне жеке жүгіну арқылы немесе enpf.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдалана отырып, қашықтықтан беруге болады. Азаматтардың зейнетақы активтерін басқару құқығын алған ИПБ тізілімін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының бірыңғай есебі «БЖЗҚ» АҚ-да сақталады.


– Қор салымшылары мен алушыларына қатысты осы жылдың басты оқиға¬ларының қатарында тағы қандай шараларды атап кетер едіңіз?

2021 жылдың басты жаңалықтары¬ның бірі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерімен бірлесіп әзірлеген Еура¬зия¬лық экономикалық одаққа мүше мем¬лекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қам¬сыздандыру туралы Келісімнің 2021 жыл¬дың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі болды. Бұл Келісімнің негізгі мақсаты – еңбек¬шілердің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары сияқты жағдайларда қалыптастыру, сақтау және іске асыру. Келісім Қазақстан, Ресей Федера¬ция¬сы, Қырғыз Республикасы, Армения және Беларусь азаматтары болып табылатын қызметкерлердің құқықтарын қорғайды. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге де қызметті жүзеге асыру арқы¬лы еңбекшілердің зейнетақы құқықтары қалып¬тастырылады. Келісім Одақтың бір елі¬нен екінші еліне зейнетақыны экспорттау тәр¬тібі мен тетігін айқындап, зейнетақы алу құ¬қығын анықтау үшін ЕАЭО-ға мүше мемлек¬ет¬тердегі жұмыс өтілін жинақтауды көз¬дей¬ді. Сондай-ақ Келісім күшіне енгенге дейін және одан кейінгі жұмыс кезеңдері үшін зейнет¬ақы тағайындау мен төлеу тәрті¬бін ай¬қын¬дайтын өтпелі ережелер бекітілді. Қазақстанда Келісімді іске асыру жөнін¬дегі құзыретті орган – БЖЗҚ. Соған сәйкес Қорға еңбекшілер қажетті кеңес алу үшін, ал кейіннен құқықтарын қалыптастыру кезін¬де, өздері еңбек қызметін жүзеге асыр¬ған және жұмыс істеген кезеңдері үшін зейнет¬¬ақы алу құқығына ие болған мүше мемлекет¬тердің құзыретті органдарына жіберу үшін құжаттармен жүгіне алады. Биылғы жылдың тағы бір елеулі шара¬лары¬ның бірі – зейнетақы төлемдерінің мөл¬шерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдіс¬темесі. Оған сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірі¬нен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі – 6,5%. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнет¬ақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөл¬шерін зейнет¬ақы төлемдерін индекстеу мөлшер¬леме¬сіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептеледі – 5%. Айта кету керек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың аталған әдістемесі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есеп¬теуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесіне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бас¬тап 2021 жылғы 31 наурызға дейін іске асырған адамдарға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5% мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайтылады, ол кейіннен жыл сайын индекстеліп отырады. Осылайша, зейнетақы төлемдерінің мөл¬шерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесі алушылардың еңбек жағдайлары мен денсаулығының ерекшеліктерін ескереді, сондай-ақ БЖЗҚ-дан берілетін жыл сайынғы төлемдер мөлшерін ұлғайтуға ықпал етеді. Жұртшылық үшін қуантарлық тағы бір жаңалық – енді ерікті зейнетақы жарналарын есептейтін шот ашу үшін Қорға келудің қажеті жоқ. Міндетті зейнетақы жарналары сияқты алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы да түскен кезде Қордағы шот автоматты түрде ашылатын болды.


– БЖЗҚ-дағы салымдар қалай бас¬қарылады, қайда инвестицияланады және қандай табыс түсуде деген сауалдар Қор салымшылары мен алушыларын толғандыратыны белгілі. Ендеше, осы мәселеге нақты деректерді негізге ала отырып, тоқталып өтсеңіз...

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бо¬йынша 13 трлн теңгеден асты. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 қазаны¬на дейінгі тоғыз ай ішінде БЖЗҚ салым¬шы¬ларының шоттарына 1,1 трлн теңге мөл¬шерінде таза инвестициялық табыс есеשּׁтел¬генін атап өткен маңызды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыр¬ғанда 67 млрд теңгеге немесе 8% артық. Са¬лым¬шы¬лардың (алушылардың) зейнетақы жинақ¬тары¬ның сомасы зейнетақы активтерін инвес¬тиция¬лау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвес¬ти¬циялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойын¬ша сыйақы, қаржы құралдарын нарық¬тық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т.б. кіреді. Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап, Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,6 трлн теңгеден асты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде бір жыл кезеңінде талдаған жөн. Қысқа мер¬зім¬ді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты. Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады.

Толығымен оқыңыз


– Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ-ның зейнет жасына жеткен салымшыларына іздеу жарияланғаны туралы ақпараттар жарияланды. Бұл – әлеуметке қажет, өте құнды бастама. Осы ретте мәселе қалай шешілуде, иелері табылмаған жинақтар Қор есебіне кері қайтарыла ма?

– Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнет¬ақы қоры «Азаматтарға арналған үкімет» мемле¬кет¬тік корпорациясымен бірге әлеуметтік қор¬ғау саласындағы уәкілетті органның ақ¬па¬рат¬тық жүйесінде зейнеткерлік жасқа жет¬кен, бюджет қаражаты есебінен жасына бай¬ланысты зейнетақы төлемдері мен мемле¬кет¬тік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген тұлғалардың бар-жоқ¬ты¬ғын салыстыру жұмыстарын жүргізе бастады. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойын¬ша БЖЗҚ деректер базасында зейнет жасына жеткен, бірақ БЖЗҚ-дан зейнет¬ақы ж¬инақ¬тарын төлеуге өтініш бермеген алу¬шы¬лардың, жалпы көлемі 13 млрд теңгеге жуық 177 мың жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болды. Бұл жағдай зейнет жасына жетуге байланысты бірыңғай өтінім беруге арналған «бір терезе» қағидатымен жұмыс істей¬тін композиттік қызмет 2018 жылдың 11 қаза¬нында енгізілгенге дейін орын алғанын естері-ңізге сала кетейік. Себебі бұл қызмет іске қо¬сыл¬ғанға дейін азаматтар зейнет жасына толуы бойынша бюджет қаражаты есебі¬нен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру үшін Мемлекеттік корпорацияға, ал зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төле¬мін тағайындату үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге мәж¬бүр болған еді. Осыған байланысты 2018 жыл¬дың 11 қазанына дейін зейнетке шыққан кейбір зейнеткерлер бюджеттен зейнетақы алды, бірақ өтініш берілмегендіктен БЖЗҚ-дан төлемдерсіз қалды. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорациямен осындай алу¬шы¬лардың зейнетке жету жасы бойынша таға¬йын¬далған зейнетақы төлемдерінің және бюджет¬тік қаражат есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін «Мобильді азаматтар базасының» ақпараттық жүйесінде алушылардың ұялы телефон нөмірлерінің бар-жоғын анықтауға орай салыстыру жұмыстарын жүргізді. Салыстыру нәтижелері бойынша «Мо¬биль¬¬ді азаматтар» деректер базасында тіркел¬ген және бюджеттік қаражат есебінен зейнет¬ақы төлемдерін алушы 46 696 адам анықтал¬ды, оларға Қордан зейнетақы төлем¬дерін тір¬кеуге келісім алу үшін белсенді қызмет ая¬сында SMS жіберілді. Келісіммен жауап бер¬ген адамдарға «Азаматтарға арнал¬ған үкі¬мет» мемлекеттік корпорациясы бұ¬рын зейнетке жету жасы бойынша және мем¬ле¬кет¬тік базалық зейнетақы төлемдерін тағବйын¬дау кезінде ұсынған зейнеткерлердің банк¬тегі шоттарына зейнетақы төлемдерін жүргізді. Биыл жеті айда 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнеткерлік жасқа жеткен 28 мың зейнет¬ақы төлемдерін алушыларға БЖЗҚ Мем¬ле¬кеттік корпорация арқылы 3 млрд теңге ша¬масында төлем жасады. Бұл ретте 27 мың¬ға жуық төлем алушыларға төлемдер осы жыл¬дың мамыр айынан, яғни белсенді қыз¬мет ен¬гізілген сәттен бастап жүзеге асырылуда. Осылайша, БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірге зейнетақы жинақтарын төлеуге өтініш бермеген зейнеткерлерді анықтау және олармен байланыс орнату бойынша белсенді қызметті одан әрі жалғастыруда.


– Жанат Бостанұлы, Сіз қоғамдық бақы¬лау¬дың, қоғамдық пікірдің мони¬торингіне және Қоғамдық кеңес сияқты «кері байланыс» форматына қалай қарайсыз және қандай өзекті тақырып¬тарды Қоғамдық кеңестің талқылауына ұсыну қажет деп ойлайсыз?

– Қоғамдық кеңестің жұмысы – қаржы нарығы сарапшыларының, журналистердің және қарапайым салымшылардың пікір алуандылығын екшелеп, жаңашылдық арнасына топтастыру. Қоғамдық кеңестің отырыс¬тары – Қор қызметін қоғамдық бақылаудың нақты көрінісі, оны жақсарту және тұтастай алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар генераторы. Сондықтан бұл – Қор акционері, Ұлттық банк, мемлекеттік органдар және ең бастысы, салымшылар мен алушылар сияқты барлық мүдделі тараптармен жұмыс істеу үшін маңызды, әрі қажетті құрылым. Өткен жылдың соңында Кеңес құрамы мен Кеңес туралы ереже жаңартылып, оның жұмы¬сы біртіндеп сапалы, сарапшылық жаңа деңгейге өтті. Соған сәйкес Кеңес оты¬рыс¬тарының тақырыптары да таңдалып алына¬тын болды. Қазір онлайн режімде өткізі¬летін отырыстарда жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту, MCGPI әлемдік зейнетақы жүйелері тиімділігінің индексі, демографиялық трендтер және олардың зейнетақы жүйесінің дамуына әсері, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдан астам уақыт ішіндегі нәтижелері және т.б. мәселелер күн тәртібіне қойылды. Жұртшылық сұранысы мен талабына жауап бере алатындай жұмыс сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылау мен Қоғамдық кеңес талқылаулары тұрақты негізде жүргізілуі тиіс. Осы үрдістен шыға білген Қоғамдық кеңес Қормен үнемі тығыз байланыста, бұл мәселеде қазіргі заманға сай коммуникация құралдарының да пайдасы зор. Сондықтан Кеңес мүшелерінің сындарлы пікірлерін біз әртүрлі шешімдер қабылдау кезінде ескеріп отырамыз.


– Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнет¬ақы қорынан қаражат алу үрдісі жалғаса берсе, бұл белгілі бір дәрежеде Қор актив¬терінің азайып кетуіне ықпал етуі ық¬тимал деген пікірлердің кейбір сарапшылар тарапынан айтылып жүргенін білеміз. Бұған сіз не дейсіз?

– Жыл басындағы болжам бойынша тұр¬ғын үйге, емделуге немесе зейнетақы порт¬фелін басқарушының аударуына пайдалануға болатын жалпы сома шамамен 2,8 трлн тең¬гені құрады. 2021 жылдың 25 қазанына қарай болжамды сомадан шамамен 2 трлн теңге алынды, бұл – жоғарыда айтылып өткен қаржының шамамен 71 пайызы. Алайда зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен оларды инвестициялаудан түсетін инвестициялық табыс есебінен үнемі ұлғайып отырады. «БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2021 жылдың 1 қазанындағы мәліметке сәйкес 13 трлн теңгеден асты. Бір жыл ішінде, яғни 2020 жылдың қазаны¬нан 2021 жылдың қазанына дейін зей¬нет¬ақы жинақтарының жалпы сомасы бір¬жолғы зейнетақы төлемдерінің алынуына қарамастан, 569 млрд-тан аса теңгеге немесе 5%-ға өсті. Яғни зейнетақы активтерінің жалпы көлемі төмендеген жоқ. Жеке зейнетақы шоттарында ең төменгі жеткіліктілік шегінде қалатын қаражат салым¬шыны ең төменгі зейнетақыдан төмен емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қам¬тамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл болашақ зейнетақы үшін өте аз сома. Ол БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерден және ең төменгі базалық зейнетақыдан құралады (еске сала кетейін, бұл – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы). Сондықтан жинақтарды пайда¬лану алдында салымшыларға болашақ¬та лайықты зейнетақы алуы үшін бәрін ойластырып, мұқият зерделеуге кеңес береміз.


– Қордағы зейнетақы активтерін бас¬қару¬ға алған инвестициялық басқару¬шы компаниялар алдағы уақытта сіздермен бәсе¬келес болуы мүмкін бе? Олармен ара¬да¬ғы байланыс қандай деңгейде?

– Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне бәсе¬келес ортаның келуі – жүйенің одан әрі дамуына ықпал ететін қалыпты құ¬бы¬¬лыс. Салымшылардың өз таңдауы бар, зе鬬нет¬¬ақы жинақтарын басқаруға қа¬ты¬су – жар¬¬наларды неғұрлым тұрақты әрі та¬быс¬ты мөл¬шерде аударуға ынталанды¬рады. Меніңше, инвестициялық портфельді басқарушылардың пайда болуындағы ең маңызды нәрсе – халықтың жинақтаушы жүйеге қатысуға және өз жинақтарын ұлғай¬туға деген талпынысы, басқарушы компа¬ния¬ның табыстылығы мен тәуекел деңгейіне қарай инвестициялық артықшылықтарды таңдауы. Бұл ретте халықтың жинақтарын – жарналарды, активтерді, инвестициялық табысты орталықтандырылған есепке алуды БЖЗҚ жүргізіп отырады. Қор қаржы нарығы¬ның толыққанды, реттелетін қатысушысы ретінде инвестициялық портфельді басқару¬шылармен арада сенімгерлік басқару шарттарын, кастодиан-банктердің қатысуымен кас¬тодиандық шарттарды жасайды. Осы¬лай¬ша, мемлекет тарапынан зейнетақы жинақ¬тары¬ның бірыңғай есебі мен бақылауы сақталынады. Зейнетақы активтерін басқарушы ком¬па¬ния¬лардың бәсекелестік нарығы үшін заңнамалық орта қалыптастыру – зейнет¬ақы активтерін әртараптандыру және инвес¬тиция¬лық тәуекелдерді азайту жөніндегі жұмыс¬тың бір бөлігі. Бұл салымшылардың мүдде¬лерін ескере отырып, инвестициялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді дамытуға мүм¬кіндік береді. Ал ол өз кезегінде қор нары¬ғын және экономиканы қаржыландыру құрал¬дарын дамытуға ынталандырады.


– Халықтың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы зейнетақы жүйесіне қалай әсер етуі мүмкін?

– Көптеген мемлекет үшін өзекті әлеумет¬тік-экономикалық мәселелердің бірі – азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету. Келе¬шегін ойлайтын әрбір адам өмірінің осы ке¬зеңінде өз қажеттіліктеріне жеткілікті зейнет¬ақы төлемін алғысы келетіні ақиқат. Төрт¬күл дүние халқының өмір сүру ұзақтығы ұлға¬йып, саны артып, жыл сайын қартаю көрсет¬кіші көбейіп келе жатқан қазіргі кез – біраз елді алаңдатып отырған түйткілді мәселе. БҰҰ-ның болжамдарына сәйкес Қазақ¬станда да әлемнің көптеген аймағы сияқ¬ты халық саны одан әрі өсе береді. Осы¬лай¬ша, келесі бірнеше онжылдықта (2050 жылға қарай) еліміздегі халық саны шамамен 24 млн адамға жетеді. Десек те Қазақстанда халық¬тың өсу қарқынының бірте-бірте баяулап бара жатқанын айта кеткен жөн. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры¬ның демографиялық есептеріне сәйкес Қазақ¬стан халқының 2020 жылдан 2050 жылға дейінгі болжамды өсуінің шамамен үштен бірі, бала туу деңгейінің қарапайым ұрпақтар ал¬масуы деңгейінен асып түсуіне байланыс¬ты болады. Ал үштен екіге жуығына «демо¬гра¬фиялық импульс» немесе халықтың ағым¬дағы жас құрылымының өзгеруіне байланыс¬ты қол жетеді. Яғни елдегі туу деңгейі өмір сүру ұзақтығының одан әрі өсуі есебінен қара¬пайым ұрпақтар алмасуы деңгейіне де¬йін күрт төмендесе де, халық санының өсуі орын алады. Мұндай есептеулер мен деректер әрбір елде өте маңызды. Өйткені олар қа¬жет¬ті шараларды алдын ала қабылдай отырып, аза¬маттарды зейнетақымен қамтамасыз ету жү¬йесін болжауға және дамытуға мүмкін¬дік береді. БЖЗҚ соңғы үш жыл ішінде британдық актуарийлермен бірлесіп, KazPRESTO (Pension Reform Simulation Tool for Kazakhstan) ұзақ мерзімді моделін әзірледі. Ол еліміздегі зейнет¬ақы жүйесінің болашағын кешенді түрде есептеуге мүмкіндік береді және Қазақстан зей¬нет¬ақы жүйесінің заңнамада көзделген бар¬¬лық негізгі құрамдауышын қамтиды: мем¬ле¬кет¬тік зейнетақы (базалық зейнетақы және ортақ зейнетақы); жинақтаушы зейнет¬ақы (міндетті зейнетақы жарналары МЗЖ, міндет¬ті кә¬сіп¬тік зейнетақы жарналары МКЗЖ, жұ¬мыс беру¬шінің міндетті зейнетақы жарналары). Қазіргі кезде екінші құрамдауыштың өзек¬тілігі басым, себебі Қазақстан ортақ зей¬нетақы жүйесінен жинақтаушы жүйеге кезең¬мен өтуді жүзеге асыру үстінде. Бұл өзгеріс, оның ішінде халқымыздың ұзақмер¬зімді перспективада болжанып отырған қар¬таюымен және соның салдарынан әлеуе¬т¬ті қолдау коэффициентінің біртіндеп өзгеруі¬мен (яғни жұмысқа қабілетті халық саны¬ның зейнет жасындағы азаматтар санына ара қа¬тынасы) байланысты. БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да ұзақ мерзімді болжамдарына сәйкес Қазақстанда 2050 жылға қарай 65 жастан асқан халық үлесінің екі есе, БЖЗҚ болжамы бойынша ағымдағы 7,3%-дан 14,2%-ға дейін және БҰҰ болжамы бойынша 14,1%-ға дейін көбейуі байқалады. Айта кету керек, қазір Қазақстан халқы Ж.Божё-Гарнье-Э.Россеттің демографиялық қартаю шәкілі бойынша кәріліктің бастапқы деңгейінде тұр. Бұл шәкілге сәйкес халықтың жалпы санының 12%-ынан астамын 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі құрайтын елдер демографиялық тұрғыдан кәрі мемлекеттерге жатады. Қазақстан қазіргі уақытта 12 пайыздық межеден өтті. Әрине, мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес (Африканың, Орталық Америка мен Азияның туу деңгейі жоғары және өмір сүру ұзақтығы соншалықты жоғары емес бірқатар елдерін қоспағанда), жалпы бүкіл әлем бойынша қалыптасып отыр. Осылайша, БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлемдегі әрбір алтыншы адам 65-тен асқан (халықтың 16%) жаста болады. Бұл – 2019 жылғы әрбір он бірінші адаммен (халықтың 9%-ы) салыстырғандағы жағдай. Айтпақшы, 2018 жылы тарихта алғаш рет 65 және одан жоғары жастағы адамдар саны бүкіл әлемдегі бес жасқа дейінгі балалар санынан асып түсті. Сондықтан жақын арада көптеген елдің зейнетақы жүйелерінде көп деңгейлі және көп құрамдауышты жүйені неғұрлым тұрақты және әртараптандырылған үлгіде құру бағытында жасалатын маңызды өзгерістер күтілуде. Мысалы, негізінен ортақ жүйе қалыптасқан елдерде қазірдің өзінде мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеменің ұлғаюы мен азаматтар үшін жинақтаушы зейнетақыны енгізу қажеттігі байқалады. Жалпы, бүкіл әлемде таза бөлгіш және таза жинақтаушы зейнетақы жүйесінен кепілді мемлекеттік зейнетақы мен міндетті жарналар есебінен жинақтаушы зейнетақы қосылатын көпсалалы (аралас) жүйелерге ауысу бойынша жаһандық тренд байқалады. Айта кету керек, БҰҰ-ның бағалау болжамдары БЖЗҚ-ның нақты есептерімен расталады, атап айтқанда Қазақстанда туғаннан күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштерінің өсу серпіні одан әрі де сақталады. Осылайша, БЖЗҚ болжамына сәйкес ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы ағымдағы 68,84 жастан 2050 жылға қарай 78,01 жасқа дейін өседі. Тиісінше, әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы қазіргі 77,19 жас¬тан 83,91 жасқа дейін өседі. Халықтың қартаю үрдісінен БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның Қазақстандағы болжамдарына сәйкес 2019 жылдан бастап 2050 жылға дейінгі кезеңде әлеуетті қол¬дау коэффициенті 2 есе төмендейді: 65+ жас¬тағы бір зейнеткерге еңбекке қабілетті жас¬тағы 3,5 адамнан ғана келеді. Бұл жерде әң-гіме нақты ресми жұмыс істейтін және бар¬лық міндетті әлеуметтік төлем мен салықты тұрақты аударып отыратын адамдар туралы болып отырмағанына назар аударамыз, олардың ара қатынасы тіптен аз. Бұл өз кезегінде зейнетақымен қам¬сы第дандырудың мемлекеттік бөлігін қар-жыландыруға қатысты еңбекке қабілетті халыққа түсетін «жүктемені» арттырады. Мұндай мәселе АҚШ-та және Батыс Еуропа елдерінде орын алуда, олар да бір зейнеткерге еңбекке жарамды жастағы екі адамнан келетін көрсеткішке жақындап келеді. Бұл зейнетақы жасын одан әрі арттыруға, зейнетақы және тағы басқа төлемдердің өсу қарқынының төмендеуіне байланысты әлеуметтік наразылықтың кең тарауына әкеліп соғады.


– Осы ретте сізден тағы бір маңызды мәселе жайында сұрай кеткім келеді. Әңгіме актуарлық есептеулер жайында және Қор осы бағытта қандай жұмыстар атқарып жатыр?

– Болашақтағы зейнетақы міндеттеме¬лері¬нің өсуін болжау және жалпы зейнетақы жүйе¬сі¬нің ұзақмерзімді тұрақтылығын қам¬та¬масыз ету үшін БЖЗҚ қалыптасқан үлгіні дамытып, әдіснаманы жетілдіру арқы¬лы тұрақты демографиялық бағалар мен ак¬туарлық есептер жүргізіп отырады. Осы¬лайша, зейнетақы жүйесінің параметрлерін KazPresto актуарлық моделінде болжау үшін алдыңғы қатарлы машиналық оқыту әдіс¬терінің бірі кластерлік талдау қол¬да¬ны¬-лады. Ол БЖЗҚ салымшыларын сипат¬тама¬ларының (жынысы, жасы, табыс тобы, жар¬наларды төлеу тұрақтылығы) ұқсас¬ты¬ғына қарай топтарға бөлуге жол ашады. Бұл Қорға салымшылардың болашақ¬тағы саны мен «мінез-құлқын» болжауға мүм¬кіндік береді: жарналарды төлеу тұрақ¬ты-лы¬ғының және жарналар мөлшері¬нің өз¬геруі (мансаптық өсу, уақытша жұмыссыз¬дық, еңбекке жарамсыздық немесе еңбек қыз¬метін¬дегі үзілістің басқа да себептері), жаңа қа¬тысу¬шылардың қосылуы және бар салым¬шы¬лардың әртүрлі себептер бойынша (туу, көші-қон, мүгедектік, өлім) жүйеден шығуы. Актуарлық үлгі зейнетақы жүйесін рефор¬малауға бағытталған заңнамалық баста¬маларды кешенді ұзақмерзімді талдау¬ды жүзеге асыруға және Қазақстан Республи¬касын¬да зейнетақы жүйесінің тұрақты пара¬метр¬лерін құру бойынша стратегиялық ұсыным¬дар мен оңтайлы шешімдер әзірлеуге көмек¬теседі. Осындай бірқатар ұсынысты ұзақмер¬зімді актуарлық үлгілер құру негізін¬де Үкімет жанындағы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша іс-шаралар кеше¬нін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы қарайды.


– Коронавирус індеті басталғаннан бері әлемдегі зейнетақы қорларының көпшілігінің табысы төмендеп кетті. Ал Қор көрсеткіштері қандай?

– Біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлемді шарпыған індет, әрине, ел еңсесін шайқалтып кетті. Бірақ соған қарамастан, Бірыңғай жи¬нақ¬таушы зейнетақы қоры өз жұмысын бір күн¬ге де тоқтатқан емес. Үздіксіз жұмыс нә¬ти¬жесін келесі мәліметтерден байқауға болады. Жоғарыда атап кеткенімдей, Қордағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2021 жылдың 1 қазанына қарай 13 трлн тең¬ге¬ден асты. Бір жыл ішінде, яғни 2020 жыл¬дың қа¬занынан 2021 жылдың қазанына дейін зей¬нет¬ақы жинақтарының жалпы сомасы бір¬жолғы зейнетақы төлемдерінің алынуына қа¬ра¬мастан, 569 млрд-тан аса теңгеге немесе 5%-ға өсті. Зейнетақы жинақтарының негіз¬гі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,7 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 4%). Мін¬дет¬ті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бо¬йынша зейнетақы жинақтарының сома¬сы 349,5 млрд теңге (өсім – 16%), ал ерікті зей¬нет¬ақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнет¬а¬қы жи¬нақ¬тарының сомасы 1,6 млрд теңгеге жетті. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 70,5 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 млрд теңге, мұрагерлік бойын¬ша төлемдер – 39,0 млрд теңге, Қазақ¬стан шегі¬нен тыс тұрғылықты тұратын жерлерге (ТТЖ) кетуге байланысты төлемдер – 26,2 млрд теңге, жерлеуге – 3,9 млрд теңге және мүг嬬дектік бойынша төлемдер 1,6 млрд теңге. БЖЗҚ қызметтері онлайн және офлайн режімінде айтарлықтай сұранысқа ие болды. 2020 жылы 19,4 млн-нан астам қызмет көрсетілді, оның 92 пайыздан астамы – электронды форматта. 2021 жылдың 9 айында барлық қызметтің көлемі (онлайн және офлайн) 27 млн-нан асты, оның 94 пайыздан астамы – электронды форматта. БЖЗҚ-ның барлық жаңа қызметтері (азаматтардың тұрғын үй алу, емделу, инвес¬тициялық басқаруға беру үшін жинақ ақша¬сын пайдалануы бойынша) толығымен цифр¬лан¬¬дырылған және мемлекеттік органдар¬дың, банктердің, басқарушы компания¬лар¬дың ақпараттық жүйелерімен біріктірілген.


– Жанат Бостанұлы, сіз еліміздегі зейнет¬ақы реформасын іске асыруға белсене қатысқан тұлғалардың бірісіз. Терең білім, мол тәжірибеңіз, іскерлігіңіз және қоғам тарапынан алған оң бағаңыз бар. Бұл өл¬шемдер Бірыңғай жинақтаушы зейнет¬ақы қоры сияқты ірі қаржы институ¬тын басқару үшін қаншалықты маңызды?

– Бүкіл әлем бойынша сіз атап өткен құндылықтар – халықтың жинақ ақшасымен жұмыс істейтін кез келген ірі қаржы инсти¬туты¬ның басшысы үшін өте маңызды қағи¬дат¬тар. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалып¬тас¬тырудағы жұмыс тәжірибем мен оған қа¬тысу өтілім маған күнделікті қызмет бары¬сында көп көмегін тигізуде. Зейнетақы жүйе¬сі өзінің даму кезеңдерінен өтеді және әлем¬дегі сияқты біздің елімізде де үнемі жетіл¬діріліп отырады. Біз өзге мемлекеттерге қарап, қандай мүмкіндіктер мен ұтымды ше¬шім¬дер бар екенін көреміз, олардың тәжіри¬бесін талдаймыз, ұзақмерзімді кешенді ак¬туарлық есептер жүргіземіз және зей-нет¬ақы жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне қа¬тысты заңнамалық өзгерістердің жүзеге асы¬ры¬луына орай нақты ұсыныстар енгіземіз. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ел эко¬номикасына инвестиция ретінде салынып, Қазақстанның экономикалық тәуел¬сізді¬¬гін қамтамасыз етуге өзіндік үлес қосатыны, оның даму деңгейінің халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағала¬на¬тыны көңілге демеу береді. Мәселен, Тhe Allianz Group халықаралық ұйымының соңғы есебінде әлемнің озық зейнетақы жүйелерінің рейтингі ұсынылған. Рейтинг экономикалық және демографиялық факторлар, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің тұрақтылығы мен барабарлығы сияқты алғышарттар бойынша жасалған. Allianz зейнетақы рейтингінде Қазақстан 70 елдің ішінде экономикасы дамыған бірқатар елді басып озып, 20-орынды иеленген. Бұл таңдалған стратегияның, елдің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің және оның одан әрі даму бағыттарының дұрыстығын растайды.






Зейнетақы активтерін басқаруда бәсекелес орта қалыптасып келеді


kz1.jpg 

Дерек көзі:  Kursiv.kz

Дата: 20.06.2021

Биыл қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу, сондай-ақ инвестициялық басқарушы компанияларға аудару құқығына ие болды. Бұл ретте БЖЗҚ бұрынғыдай жарна көлемі, қаржы құралдары, нақты инвестициялық табыс есебін ұсынып отыр...

Толығымен оқыңыз


«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов қор активтерін инвестициялық компания басқаруына беру қалай жүріп жатыр, жеке деректерді қорғау деңгейі қандай және жыл басынан бері қазақстандықтар қандай инвестициялық табыс тапқаны жайлы айтып берді...


- Биыл қор жұмысы қалай өзгерді?

- Зейнетақы қорына жаңа міндеттер артылды, біз оған дайын болдық. БЖЗҚ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын дайындауға қатысты. Нормативтік-құқықтық, техникалық, ұйымдастыру мәселелері уақтылы шешілді. Ақпараттық жүйе мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдармен ықпалдастырылды, қаржы нарығы өкілдерімен (уәкілетті банк, банк-костидиан, басқарушы компаниялар) тығыз байланыс орнатылды. Қойылған міндеттерді жоғары, кәсіби деңгейде атқару үшін арнайы бағдарламалық жүйе орнатып, қажетті техника, құрал-жабдықтар алып, мамандардың біліктілігін арттырып, оқыттық.

2020 жылдың басында салымшылардың жинақ құрылымы талданды (БЖЗҚ-дағы жеке шоттардың жалпы саны 10,6 миллионнан асты), актуарлық модельдер тексеріліп, ұзақ мерзімді есеп жүргізілді. БЖЗҚ деректерін, сондай-ақ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректерін талдау негізінде қордан ақша алынуы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қалай әсер ететіні сараланып, Үкіметтің жұмыс тобына, мемлекеттік органдарға зейнетақы жинақтарын есептеу және орташа айлық табысты жиынтық зейнетақымен ауыстыру коэффициенттеріне қатысты ұсыныстар әзірленді.

БЖЗҚ биыл жыл басында ЖЗШ-дан алынатын үзінді көшірме үлгісін жасап, оны БЖЗҚ мен электронды үкімет интернет-ресурстарынан (мобайл қосымша мен салымшының жеке кабинетінде) алуды оңтайлы, ыңғайлы етті.

Салымшыға өз жинағын қашан және қалай пайдалануға болатынын түсіну, қолжетімді соманы білу, бұның бәрі қалай жүзеге асатынын ұғыну маңызды. Жеке үзінді көшірмеде жинақтың барлық сомасы, сондай-ақ басқарушы компанияға басқаруға беруге болатын сома туралы толық ақпарат ұсынылған. 2021 жылдың басынан бері (01.01.2021-01.05.2021) БЖЗҚ өз салымшыларына 15 млн қызмет көрсетті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 39 пайызға артық.

Бұқаралық ақпарат құралдары, өзге да коммуникация арналары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл артық жинақты алу мүмкіндігі шындыққа айналып, салымшылардың өз жинағына қызығушылығы еселеп өскен кезде, БЖЗҚ баспасөз орталығы күн сайын ақпарат құралдарынан келіп түскен 10-15 сауалхат пен әлеуметтік желілерде жазылған көптеген өтінішке жауап дайындап, басшылар сұхбат беріп, арнайы брифингтер ұйымдастырылды.

2021 жылдың төрт айында салымшылардан кері байланыс арналары арқылы келген сауал-өтініштердің саны 2020 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, 714 мыңға жуық өтініш келіп түскен. (салыстыру үшін айтсақ, 2020 жылғы 1 мамырда 440,8 мың өтініш түскен). Әр салымшы БЖЗҚ-ға келгенде білікті қызмет пен қажетті ақпарат алуы үшін, жыл басынан бері қордың орталық аппараты мен 19 филиалы қызметкерлерін зейнетақы жинақтарын алу және аудару мәселелері бойынша қосымша оқытып, біліктілігін арттырдық.

Зейнетақы жинағын өзге де мақсаттарға пайдалануға қатысты барлық операциялар цифрлық форматқа көшіріліп, онлайн жүзеге асырылды. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ веб-сайтында зейнетақы жинағының жеткілікті шегін тексеру, зейнетақы шотындағы қаржыны басқарушы компанияға аударуға өтініш беру және өтініштің күшін жою сияқты қызметтер енгізілген. БЖЗҚ көрсететін қызметтердің 92%-дан астамы цифрлық форматта жүзеге асады.

Бұл ретте азаматтардың өтініш беру және жинақты өзге де мақсатта (тұрғын үйге, емделуге) пайдалану шарттарына қатысты барлық мәселелерді оператор банктер «бір терезе» қағидаты бойынша қарастырады және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді.

Осылайша, БЖЗҚ барлық жарна, қаржы құралдары, инвестициялық табыстың дұрыс есептелуі, салымшыларға өз жинағы туралы 24/7 режимінде (пайдалануға қолжетімді сомаларды қоса алғанда) толық ақпарат беру, зейнетақы қызметтерін көрсету, төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен және қаржы нарығымен тығыз байланыс орнату сынды өз міндеттерін толық атқарып отыр.

–Сарапшылар егер қордағы зейнетақы жинағын алуға рұқсат берілсе, бұл белгілі бір дәрежеде зейнетақы қоры активтерінің табыстылығына әсер етуі мүмкін деп болжам жасады. Осы ретте салымшылардың артық жинағын алуы қор жұмысына кері әсер етпес үшін, қандай шаралар қолға алынды?

–Барлық кіріс және шығыс ағынын ескере отырып, салымшылардың өз жинақтарын мерзімінен бұрын алуы зейнетақы активтерінің азаюына айтарлықтай әсер еткен жоқ деп айта аламыз.

2021 жыл бес айының қорытындысы бойынша, келіп түсетін жарналар мен инвестициялық табысты ескере отырып, зейнетақы активтерінің портфелі 12,9 трлн теңгеден 12,7 трлн теңгеге дейін (1,4%) төмендеді. 2021 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша, жинақтарды мерзімінен бұрын алуға қатысты түскен 308,5 мың өтініш бойынша 1,4 трлн теңге аударылды. Бұл ретте ай сайын алынған қаржы көлемінің төмендегені байқалады (қордан ақпан айында 643,4 млрд теңге алынса, наурызда – 302,1 млрд теңге, сәуірде – 283,0 млрд теңге, мамырда – 179,0 млрд теңге).

Жалпы алғанда, зейнетақы қорынан қаржы алу қор портфелінің сапасына әсер еткен жоқ. Ұлттық Банк (сенімгерлік басқарушы ретінде) түсетін зейнетақы жарнасы мен портфелді, сондай-ақ өтімді активтерді басқару есебінен өтімділікті қамтамасыз етіп отырды.

Ұлттық Банк сонымен қатар табыстылығы жоғары, тиімді активтерге инвестиция салу үшін валюталық портфелді дамытуды жалғастырып жатыр. Қазіргі кезде зейнетақы активтерінің 32 пайызын немесе 9,5 млн АҚШ долларын валюталық активтер құрайды.

Тұтастай алғанда, портфелді қаржы құралдары бойынша әртараптандыру сақталып, ол инфляциядан жоғары табыс қамтамасыз етіп тұр. 2020 жылы оның табыстылығы 10,98%-ды құрады, ал жылдық инфляция 7,5% деңгейінде қалыптасты. Соңғы 12 айда табыстылық – 9,8%, осы кезеңдегі инфляция 7,0%-ды құрады. 2021 жылғы 1 қаңтардан 1 мамырға дейін БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 475,8 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс түсті.

Егер Қазақстанның зейнетақы жүйесі негізі қаланғаннан бергі кезеңді алсақ, (1998-2021 жыл, мамыр) таза инвестициялық табыс 6 трлн теңгеден асты (бұл шамамен зейнетақы жинақтарының 46 пайызы).

Осы уақыт ішінде жинақталған инвестициялық рентабельділік 621,9% құрады, ал инфляция 519,4% болды. Нәтижесінде жинақ зейнетақы жүйесінің бүкіл кезеңінде зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 102,5% -ды (инфляциядан жоғары) құрады.

– Енді БЖЗҚ-ға жеке басқарушы компаниялар бәсекелес болмақ. Осы ретте БЖЗҚ үшін басқарушы компаниялардан жоғары табыс қамтамасыз ету қаншалықты маңызды?

–Бүкіл зейнетақы жинағы – кім сенімгерлік басқаруға алғанына қарамастан, Ұлттық банк болсын, жеке басқарушы компаниялар болсын – БЖЗҚ-да жатады. БЖЗҚ басқарушы компанияларды бәсекелес санамайды,тек азаматтардың зейнетақы жинағы тиімді инвестицияланып, жақсы табыс әкелуіне мүдделі.

БЖЗҚ-ның сенімгер басқарушысы ретінде Ұлттық банк жүргізетін үйлесімді инвестициялық саясат бірнеше жылдан бері тұрақты табыс көрсеткішін қамтамасыз етіп келеді. Зейнетақы активтерінің басым бөлігін Ұлттық банк басқарады. Сондықтан Ұлттық банк пен басқарушы инвестициялық компаниялар қызметін салыстырып, олардың арасында бәсеке туындайды деп айтуға әлі ерте болар. Өйткені екі жақтың портфель көлемі де, құрылымы да, инвестициялау кезеңі де, әртараптандыру деңгейі де, дюрациясы да мүлдем салыстыруға келмейді.

Осы ретте зейнетақы активтерін басқаруда салымшылардың мүддесін ескеретін, өзі күтетін табыс пен тәуекелге сай келер түрлі инвестициялық құрал мен стратегияны таңдатқызатын бәсекелес орта қалыптасып келе жатқанын атап өткен жөн. Ел азаматтары басқарушы компаниялар туралы, олардың актив басқару тәжірибесі жайлы, қазіргі портфелі мен табыстылығы туралы жан-жақты ақпарат жинап, зерттеп-зерделей бастайды.

Жеке басқарушы компаниялардың инвестициялық декларациясы мен комиссиялық сыйақысы туралы мәліметтерді қамтыған негізгі ақпарат enpf.kz сайтында жарияланған. БЖЗҚ (бірыңғай есепке алу орталығы ретінде) әрбір салымшыға жеке зейнетақы шотының үзінді көшірмесінде оның активтерін басқару қорытындысы туралы ақпаратты 24/7 режимінде ұсынады.

–БЖЗҚ комиссия көлемін одан әрі қысқартуды көздеп отыр ма?

– БЖЗҚ құрылғалы бері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, комиссия санын қысқарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

2013 жылы заң негізінде комиссиялық сыйақы лимиті екі есе қысқартылды. 2013-2021 жыл аралығында БЖЗҚ-ның жалпы шығынын қысқарту (соның ішінде бизнес-процестерді оңтайландыру, оларды автоматтандыру, зейнетақы қызметтерін цифрландыру) бойынша қабылданған шаралардың арқасында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің комиссиясы айына 025% -дан 0,01%-ға дейін, тағы да 2,5 есе азайды. Бұл мәселе 2021 жылдың 1 қаңтарынан бері зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда қарастырылған.

Сондай-ақ, 2021 жыл басынан БЖЗҚ-ға инвестициялық кірістен комиссия алуға тыйым салынды, оны тек Ұлттық банк пен басқарушы инвестициялық компания ала алады.

ҚРҰБ-ның инвестициялық кірістен алатын комиссиялық сыйақысы 2014 жылдан бастап 3,75 есе, яғни 7,5% -дан 2%-ға дейін төмендеді. Ал басқарушы компаниялар инвестициялық кіріс комиссиясын өздері белгілейді, дегенмен, заңға сәйкес, ол 7,5 пайыздан аспауы тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қолданатын мемлекеттердің халықаралық тәжірибесін талдау комиссия сыйақысы осы елдердің арасында Қазақстанда ең төмен екенін байқатты.

– Кейінгі бес жылда БЖЗҚ-ның әкімшілік шығындары қалай өзгерді? Қор алдында өз шығындарын оңтайландыру міндеті тұр ма, осы мәселе қолға алынса, шешімін қалай тауып жатыр?

– Кейінгі 5 жылда БЖЗҚ-ның жалпы әкімшілік шығындары өскен жоқ, тіпті үнемі азайып келеді.

2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде шығын шамамен 1,3 млрд теңгеге (12,9-дан 11,6 млрд теңгеге немесе 10%-ға) қысқартылды, соның ішінде еңбекақы төлеу қоры шығыны 14 пайызға қысқарды. Алайда бұл БЖЗҚ дамуына, қызмет көрсету сапасы мен зейнетақы қызмет қолжетімділігіне кері әсерін тигізіп, нұқсан келтірген жоқ. Бұл ретте БЖЗҚ шешетін міндет пен көрсететін қызметі артқанын айта кеткен жөн.

Шығынды қысқарту бизнес-процестерді оңтайландыру, сервистерді цифрландыру, көрсетілетін қызметтердің басым бөлігін онлайн-форматқа көшіру есебінен жүргізіледі.

2021 жылы салымшыларға жеткілікті шектен асатын сома туралы ақпарат беру, жинақты басқарушы компанияға аудару, ерікті зейнетақы жарнасына автоматты режимде шот ашу (алғашқы жарна түскенде), ЕЗЖ есебінен төлем алуға электронды өтініш беру сынды онлайн қызметтер енгізілді. Бұл қызметтердің бір бөлігін Қазпошта арқылы да (трансфер-агент ретінде) алуға болады.

Цифрлық қызметтерді дамыту, оны қашықтан отырып-ақ алу мүмкіндігін дамыту мен БЖЗҚ бизнес-процестерін оңтайландыру жұмыстарының бәрі салымшылардың мүддесіне сай жалғасын табады.

– БЖЗҚ-мен байланысын үзген салымшылардың ақшасына қатысты мәселе қалай шешіледі? Егер бұл ақшаның иесі табылмаса, оны не істейсіздер?

– Әртүрлі себеппен қормен байланысын үзген барлық салымшылармен (алушылармен) байланысу үшін БЖЗҚ ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен бірқатар жүйелі іс-шараларды атқарып келеді.

Зейнет жасына жеткен, зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ 2021 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе, олардың мемлекеттік бюджеттен тағайындалған зейнетақы (базалық және ортақ зейнетақы) алып-алмайтынын, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін телефон нөмірлері («Электрондық үкімет» веб-порталындаға мобильді азаматтар (МАБ) базасында тіркелген) бар-жоғын салыстып, тексеруді қолға алды. Биыл салыстыра отырып, зейнетақы жасына жеткен, базада тіркелген және мемлекеттік бюджеттен зейнетақы алатын 46 696 тұлғаға Азаматтарға арналған үкімет зейнетақы қорындағы жинағын проактивті төлеу тағайындалғаны туралы хабарлама жіберді.

БЖЗҚ сонымен қатар салымшылардың (алушылардың) дерегін БЖЗҚ мен мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтермен салыстыра отырып, белсенді емес (бір жыл және одан да көп уақыт жарна аударылмайтын) шот иелерімен тұрақты жұмыс жүргізеді. БЖЗҚ қызметкерлері салымшылармен байланысып, зейнетақы шотына неге жарна түспей жүргенін анықтап жатыр. Пандемияға дейін салымшылармен жеке кездессек, қазір қашықтан байланыс орнатылады.

Зейнетақы шотына уақытылы жарна аударылмауына салымшының жұмыстан айырылуы, оқуға кетуі, бала күтімі бойынша демалысқа шығуы, кейде қызметкерлердің зейнетақы жарналарын уақтылы аудармайтын жұмыс беруші себеп болуы мүмкін. Егер салымшы төлем алуға өтініш бермей, шетелге көшіп кетсе немесе қайтыс болса, онда салымшы мен оның мұрагеріне зейнетақы жинағына қатысты құқығы, төлем жасау мен мұраға алу тетігі түсіндіріледі. 2021 жылдың төрт айында 174 мың салымшымен байланыс орнатылып, соның ішінде 25,6 мың шотқа жалпы сомасы 756 295 мың теңгені құрайтын 100 мың жарна түсті.

Белсенді шоттардың саны жылдан жылға артып келеді. Егер 2018 жылы олардың саны 6,4 млн болса, 2019 жылы – 6,6 млн, 2020 жылы міндетті зейнетақы жарнасы түсуі тиіс 10 млн ЖЗШ-ның 8,8 миллионына жарна тұрақты түрде аударылып тұрды. Қызметкерлер есебіне аударылатын жананың орташа жиілігі – 8 жыл.

Заңнама бойынша, зейнетақы жинақтары ЖЗШ-да (инвестициялық табысты тұрақты түрде есептей отырып) алушы немесе оның мұрагері талап еткенге дейін мерзімсіз есепке алынады.

– Елімізде зейнетақы аннуитеті қалай дамып жатыр? БЖЗҚ салымшылары мысалында бұл өнім танымалдығы қаншалықты артып келе жатқанын айтып өтсеңіз?

– 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы негізінде, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша мынадай нормалар енгізілді.

Аннуитет шарты бойынша ең төменгі ай сайынғы төлем мөлшері ең төменгі бір айлық зейнетақы көлемінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін төмендетілді. Бұл өзгеріс зейнетақы жинағының аннуитет сатып алуға қажетті жеткілікті шек сомасын төмендетіп, аннуитеттің қолжетімділігін арттырды. Мәселен, былтырға дейін 55 жастағы ерлер аннуитет сатып алу үшін зейнетақы шотында 11,3 млн теңге, ал 51,5 жастағы әйелдердің жинағында 15,5 млн теңге жатуы тиіс еді. 2021 жылдан бастап 55 жастағы азаматтар зейнетақы жинағы 6,7 млн теңгеге жетсе, ал 52 жастағы әйелдер шотында 9 млн теңге болса, аннуитет сатып ала алады.

Сақтандыру төлемдерін кейінге қалдыра отырып (кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігі іске қосылды. 2020 жылға дейін ерлер мен әйелдер аннуитет шартын 55 және 51,5 жаста ғана жасай алатын. 2021 жылдан бастап ерлер мен әйелдер 45 жастан бастап аннуитет сатып алуға құқылы, ал аннуитеттік төлемдер ерлерге – 55 жастан, әйелдерге – 52 жастан төленеді (жыл сайын жарты жыл қосылып, 2027 жылға дейін 55 жасқа жеткізу көзделген).

Егер салымшы шотына кемінде 60 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы (МКЗЖ) аударылса, онда ол 40 жастан аннуитет шартын жасасуға құқылы және ал төлемді 50 жасқа келгенде ала алады.

Кейінге қалдырылған аннуитет енгізу бұл құралдың қолжетімділігін арттырды. 45 жаста кейінге қалдырылған аннуитет сатып алу үшін (55 жастан төленетін) ер адамның жинақ сомасы – кемінде 6,1 млн теңге, ал әйел адамдікі 7,7 млн теңге болуы тиіс.

Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасында бірлескен аннуитет енгізу көзделген. Бұл біршама аз зейнетақы алатын әйелдердің гендерлік проблемасын ішінара шешуге ықпал етіп, туыстық қатынастағы салымшылардың (ерлі-зайыпты немесе жақын туыстардың) бірлескен аннуитет сатып алу үшін өз жинақтарын біріктіруі есебінен зейнетақы аннуитеті құны төмендеуі мүмкін. Төлем екі адамға төленеді, біреуі қайтыс болса, екіншісіне төлене береді.

2020 жылы 4 273 зейнетақы аннуитеті шарты жасалған (2019 жылы 4 610 шарт), 2017 жылмен салыстырғанд зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару көрсеткіші екі есе өсті.

Кейінгі кездері қабылданған заңнамалық өзгерістер зейнетақы аннуитеттерінің қолжетімділігі мен оған деген қызығушылықты арттырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру тәсілдері мен құралдарын көбейтті.

– Қазіргі заңнамаға сәйкес, салымшылар зейнетақы шотына жалақысының 10 пайызын аударады. Шетелде бұл көрсеткіш біршама жоғары, неге?

– ЭЫДҰ елдерінде зейнетақы жарнасының мөлшері орта есеппен 18%-ы, 2020 жылы MCGPI (Mercer CFA Institute Global Pension Index) индексіне кірген, озық зейнетақы жүйесіне ие елдерде орташа мөлшерлеме шамамен 17%-ды құрайды. ЭЫДҰ есептеуі бойынша, зейнетақы жарнасының ең төменгі мөлшерлемесі кемінде 13% болуы тиіс.

Зейнет жасына жеткен азаматтарды жеткілікті зейнетақымен (кемінде еңбек табысының 40 пайызы) қамтамасыз ету үшін, аударылған жарна деңгейі жеткілікті болуы шарт. ЭЫДҰ елдерінің жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жарна мөлшерлемесі жоғары, өйткені олар азаматтар мен жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін төлейтін жарнасын қамтиды.

Қазақстанда зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасында жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуға біртіндеп тарту қарастырылған. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы кезең-кезеңімен енгізілмек.

Жұмыс берушілер 2023-2024 жылдары – 1%, 2025-2026 жылдары – 2%, 2027 жылы – 2,5%, 2028 жылы – 4%, 2029 жылы 5% мөлшерде жарна аударады деп жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жиынтық зейнетақының халықаралық стандарттарға сай деңгейде еңбек табысын алмастыруына мүмкіндік береді. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілген кезде, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жауапкершілігі мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында теңдей бөлінетін болады.

– Қазақстандықтар БЖЗҚ қосымшасын қаншалықты жиі пайдаланып, зейнетақы жинақтарына қатысты мәселелерін онлайн шешеді? Бұл үрдіс БЖЗҚ қызметіне қалай әсер етіп жатыр (Қор биыл бөлімшелер санын қысқарта ма)?

– БЖЗҚ-ның цифрлы форматта көрсететін қызметтері жыл санап артып келеді. 2021 жылдың 4 айында көрсетілген 15 млн қызметтің 90%-дан астамы қашықтан алынған.

БЖЗҚ ұялы қосымшасы шамамен 2,2 млн рет жүктелген, пайдаланушылар белсенді.

Салымшылар өз зейнетақы жинақтарын мобильді қосымша мен www.enpf.kz сайтында 24/7 режимінде, кез келген уақытта, ЭЦҚ немесе ЖСН, пароль арқылы тексере алады. Сондай-ақ олар өз деректерін толықтыру, ақпарат алу тәсілін таңдап, ЕЗЖ және І және ІІ топ мүгедектігі мерзімсіз белгіленуіне байланысты төлем алуға өтініш беріп, аударым мен төлем (оның ішінде тұрғын үй мен ем-домға) мәртебесін бақылай алады, зейнетақы калькуляторымен болашақ зейнетақысын есептеп, өзге де қызметтерді ала алады.

БЖЗҚ ақпараттық жүйелері қарқынды дамып, олардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіліп, қызметкерлердің еңбек өнімділігі артып келеді.

Атқарылған операциялар саны мен бизнес-процестерді автоматтандыру деңгейіне үнемі талдау жүргізіліп, қажет болған жағдайда оларды оңтайландыру шешімі қабылданады. Тұтастай алғанда, операцияларды автоматтандыру және электрондық қызметтерді дамыту есебінен қызметкерлер саны үштен бірге (32%-ға) қысқарды. 2021 жыл басынан бері миллионға жуық салымшы БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелеріндегі мамандарымыздан тікелей білікті кеңес пен қызмет алуды жөн көрген.

–БЖЗҚ клиенттерінің жеке деректері қаншалықты қорғалған?

–Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін стандартты шаралардан бөлек, (вирусқа қарсы қорғау, желіаралық экрандар, ат-жүйелер осалдығын жоятын технологиялар және т.б.) қосымша кешенді қорғау жүйелері пайдаланылады. Мемлекеттік стандартқа сәйкес, мәліметтер базасын криптографиялық қорғау енгізілді. Салымшылардың барлық дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ете отырып, шифрлы түрде сақталады.

Қорда ақпараттық қауіпсіздік, салымшылардың дербес деректерін қорғау және зейнетақы жинақтары құпиялылығын сақтау мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Басқа ұйымдармен интеграциялау барысында түпнұсқаны растау (аутентификация), деректердің тұтастығын тексеру және шифрлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қорғаныс деңгейі жоғары байланыс арналары қосылған.

Ақпараттық қауіпсіздік аудиті жүргізіліп, жыл сайын ISO/IEC 27001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі расталады. ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздік стандарттарымен қоса, нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеріп отырамыз.


ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ ЖИНАҒЫҢЫЗ АЗАЙҒАН ЖОҚ


kz1.jpg 

Дерек көзі:  Kursiv.kz

Дата: 26.06.2020

Зейнетақы қорындағы жинағыңыз азайған жоқ, - деп «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Жанат Құрманов онлайн брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Толығымен оқыңыз

Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісіне байланысты өткен жиында спикер тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

«Соңғы уақытта әлемдік қаржы нарығында әлемді жайлаған қауіпті індет пен мұнай бағасының өзгеруіне байланысты бірқатар жағымсыз оқиғалар орын алды. Бұл ретте тұрғындар "зейнетақы қорындағы жинақтарымыз азайып кете ме?" деген сұрақтарды жиі қояды. Біздің айтпағымыз, алаңдауға еш негіз жоқ. Зейнетақы қорындағы жинақтар тұрақты әрі ол оң инвестициялық табыстылыққа ие», - деді Жанат Құрманов.

Спикердің айтуынша, зейнетақы жинақтарына есептелетін таза инвестициялық табыс тұрақты түрде өсіп келеді. Осылайша 2020 жылдың бірінші тоқсанында инвестициялық табыс 661,7 млрд тг болды. 2020 жылдың 1 сәуіріне зейнетақы активтері 11,7 трлн тг құрап, 8%-ға өсті.

«Алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес мемлекет азаматтарға олардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына кепілдік береді. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет салымшы зейнетке шыққан кезде зейнетақы жинақтары азайып қалса оны өтеп береді. Бірақ бұл шара жинақталған инфиляция деңгейі, инвестициялаудың барлық жылдарында алынған табыстан асып кеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады», - деді Құрманов.

Жалпы 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың наурызына дейінгі соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің табысы 11,87%-ды құрады. Ал инфляция 6,4% болды. Осылайша табыстылық инфляциядан 5,5%-ға асып түсті.


САЛЫМШЫЛАРДЫҢ АҚШАСЫ 2020 ЖЫЛҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ҚАУПІНЕН ҚОРҒАЛҒАН – ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ


kz2.jpg 

Дерек көзі:  Kazinform.kz

Дата: 30.04.2020

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов инфляциядан зейнетақы активтерінің қаншалықты қорғалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толығымен оқыңыз


«Барлық құралдар бойынша бізде табыстылық деңгейі жоғары. 2020 жылы инфляция күрт көтерілетін болса да, зейнетақы активтері сақталады», - деді Жанат Құрманов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк 2020 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың ақшасын ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарына инфестициялаған болатын. Бұл құнды қағаздардың табыстылығы 11 пайыз, ноталар бойынша орташа табыс 10,92 пайыз болды.

«Зейнетақы активтерінің шетел валютасына салынған инвестициясы тиімді болғандықтан 2020 жылы салымшылардың зейнетақысы инфляциядан қорғалады», - деді ол.

Оның айтуынша, салымшыларға өз жинақтарының инфляциядан қорғалуына қатысты алаңдауға негіз жоқ. Өйткені, Заңға сәйкес мемлекет азаматтарға олардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына кепілдік береді.

«Бір сөзбен айтқанда, салымшы зейнетке шыққан кезде, зейнетақы жинақтары азайып қалса, мемлекет оны өтеп береді. Бірақ бұл шара жинақталған инфляция алынған табыстан асып кеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады», - деді ол.


«АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ». БЖЗҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕГЕ ЖАУАП БЕРДІ


kz3.jpg 

Дерек көзі:  Tengrinews.kz

Дата: 30.04.2020

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов қазақстандықтырды сабырға шақырып, зейнетақы жинақтары тұрақты түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығымен оқыңыз


«Алаңдауға негіз жоқ. Өйткені зейнетақы жинақтары тұрақты түсіп жатыр әрі 10 пайыздық инвестициялық табыстылыққа ие. Мысалы, 2020 жылдың бірінші тоқсанында инвестициялық табыс 662 миллирд теңге болды. Осы жылдың 1 сәуірінде зейнетақы активтері 11,7 триллион теңге болып, 8 пайызға өсті», - деді ол Алматыда өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Жанат Құрманов тұрғындардың зейнетақы жинақтары инфляциядан қорғалатынын атап өтті.

«Мемлекет азаматтардың зейнетақы жинақтарын инфляциядан қорғауға кепілдік береді. Яғни салымшылар зейнетке шыққанда олардың зейнетақы жинақтарындағы салымдары азайып қалса, мемлекет оны өтеп береді», - деді басқарма төрағасы.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар зейнетақы жинағында ақшасы азайғанын айтып, шағымданып жатқаны хабарланған еді.

Бұл туралы Facebook қолданушысы Мадина Кудинова жазды. Желі қолданушысының айтуынша, оның зейнетақы шотындағы қомақты сомадағы қаражат жетіспейді.

«Көбі зейнетақы жинағында ақша жетіспейтінін айтып жатқанын естідім. Неге олай болып жатыр деп ойладым. Содан өзімнің шотымды тексеріп, таңғалдым. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шотымда 6 571 948 теңге болады. Ал бүгін 3 856 346 теңге. Сонда менің ақшам қайда кетті? 1414-ке хабарлассам, ол мәселемен айналыспайтынын айтты. Нақтылайын десең, телефонды тастай салады. Мен ешқандай келісімімді берген жоқпын. Ақшамды қайтарыңыздар», - деп жазды ол.

Ал «БЖЗҚ» АҚ өкілдері салымшылардың шотты әртүрлі форматта қарайтынын айтып, жауап берген.


БЖЗҚ ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫНДАРҒА 12 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАҒАН


kz4.jpg 

Дерек көзі:  Kursiv.kz

Дата: 05.02.2020

Қазақстан Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының былтырғы жылғы табысы 71 млрд теңгеден асқан, барлық жылдық шығын 22,8 млрд теңгені құраған. Оның 54%-ы немесе 12,4 млрд теңгесі әкімшілік шығындарды жабуға жұмсалған.

Толығымен оқыңыз


Қазақстан Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының былтырғы жылғы табысы 71 млрд теңгеден асқан, барлық жылдық шығын 22,8 млрд теңгені құраған. Оның 54%-ы немесе 12,4 млрд теңгесі әкімшілік шығындарды жабуға жұмсалған.

«БЖЗҚ» Акционерлік қоғамының кірістер мен шығыстар туралы жылдық есебіндегі ақпаратқа сәйкес, соңғы жылда қор табысының деңгейі 69,9-дан 71,1 млрд теңгеге (немесе 2,2%-ға) дейін артқан. 2020 жылғы 1-қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, таза кіріс 41,3 млрд теңгені (2018 жылғы тиісті мерзімде ол 41,2 млрд теңге болған) құраған.

Қорытынды мәні бар шығындар тармағында, осы жылғы қаңтардағы мәліметтер бойынша 22,8 млрд теңге сомасы көрсетілген (2018 жылы – 20,4 млрд теңге болған немесе 10%-ға көп). Шығындар құрылымы төмендегідей: 27% (немесе 6,1 млрд теңге) сыйақы ретінде инвестициялық портфельдің басқарушысына төленген, 13% (немесе 2,9 млрд теңге) кастодион-банктерге сыйақы төлеуге жұмсалған, 54% (немесе 12,4 млрд теңге) жалпы әкімшілік шығындарға кеткен.

Қызметкерлердің тікелей еңбекақысы мен іс-сапарлар шығынына «БЖЗҚ» АҚ-мы өткен жылы 7,2 млрд теңге жұмсаған, басқа әкімшілік шығындарға (оның ішінде, нотариус қызметтерінің ақысын төлеуге, шаруашылық тауарларын сатып алуғаконференцияларға қатысуға жарна төлеуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыру шығындары) – 2,5 млрд теңге жіберілді.

«Персоналға жұмсалатын шығындар, салықтарды және еңбекақы бойынша аударымдарды қоса алғанда, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, 17,5 млн теңгеге қысқарды. Ұзақмерзімдік кезеңде, үш жылдан астам уақыт, осы бап бойынша шығындар 1,2 млрд теңгеге азайған. Бұл қызметкерлердің штаттық санын 25%-ға оңтайландыруға байланысты (2017-жылдар аралығында) орын алған, өйткені осы кезеңде бизнес-процестер де оңтайландырылып, автоматтандырылды және электрондық қызметтерге көшірілді. Цифрлық қызметтердің одан дамитынын ескеретін болсақ, сірә, бұл үдеріс ары қарай да жалғасын табатын болады», - деп хабарлады Kursiv.kz-ке «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Персоналдың, 2020 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша, жалпы саны 1740 адамды құрайды. Сәуле Егеубаеваның ақпараты бойынша, БЖЗҚ қызметкері орташа еңбекақысының көлемі (сыйлықты ескергенде), қаржы саласындағы номиналды орташа еңбекақыдан 25%-ға төмен.

ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы үшінші тоқсанда қаржы және сақтандыру саласында қызмет ететін қазақстандықтың орташа айлық еңбекақысы 484,5 мың теңгені құраған болатын. Ендеше, осы соманың 75%-на тең БЖЗҚ қызметкерінің өткен жылғы айлық табысы 363,3 мың теңгені құраған. Ал бұл жұмыс істейтін Қазақстан тұрғынының ресми орташа айлық еңбекақысынан (181 мың теңге) екі есе артық.

«БЖЗҚ» АҚ басқарма мүшелерінің еңбекақысының деңгейі туралы сұраққа, еңбекақыны белгілеу Директорлар кеңесінің құзыретінде дегенді алға тартқан Сәуле Егеубаева тікелей жауап бермеді.

«Басқарма мүшелері еңбекақысының көлемі мемлекеттің қатысуы бар компаниялардағы табыспен бірдей деңгейде», - деді аталмыш сұрақ бойынша жағдайды түсіндірген БЖЗҚ басқармасы төрағасының орынбасары.


БЖЗҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН КОМИССИЯНЫ ТӨМЕНДЕТТІ


kz5.jpg 

Дерек көзі:  Kursiv.kz

Дата: 15.11.2019

Бітыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвест табысынан алынатын салықты Ұлттық банк 2020 жылғы 1-қаңтардан 2% деңгейінде белгіледі. Бұл турасында «Курсивке» берген сұқбатында БЖЗҚ басшысы Жанат Құрманов айтты.

Толығымен оқыңыз


ҚР Ұлттық банктің қаулысымен акционерлік қоғамның комиссиялық сыйақысының келесі өлшемдері белгіленді: инвестициялық табыс сомасының 2% және бір айдағы зейнетақы активінің 0,011%.

«Комиссиялық сыйақыны қысқарту қордың бизнес-процестерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, қызметтің барлық түрлерін электрондық форматқа көшіру, жүзеге асрылыған операциялардың көлеміндегі үлесті ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруы арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті қор басшысы.

Спикер бұл 2013 жылдан кейінгі алғашқы қысқарту емес екендігін, «бүгінгі күнге дейін комиссиялар, шамамен, 30-40%-ға қысқартылғанын» атап өтті.

«Сонымен қатар, комиссиялардың қысқаруына БЖЗҚ-ның тұрақты табыс көрсетіп отырған меншік капиталы бар екендігі әсер етті. Айтпақшы, біздің капиталды ҰБ басқарады», - деп еске салды БЖЗҚ басқарамасының төрағасы.

Бұдан бөлек, ол БЖЗҚ комиссияларының қысқаруы келесі жылдарға да жоспарланып қойғанын атап өтті. «Алдағы бес-алты жылда комиссиялық сыйақы тағы екі есе қысқарады», - деп сендірді спикер.

Зейнетақы жинақтарын басқаруға реформа жасалғаннан кейін, комиссиялық сыйақыны зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың салымшыларынан активтерді басқаратын компаниялардың өздері алатын болады.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10,4 трлн теңгені құрады. Теңгемен номинацияланған ақша мен қаржы құралдары 6,8 трлн теңге немес 65,7%-дв құрады, шетелдік валютадағысы – 3,5 трлн теңгені немесе 34,3%-ды құрады.