Филиалды таңдаңыз:
алушыға;
БЖЗҚ беретін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат:
1. сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;
2. сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұрау салынатын кезеңнің соңында қолданыста болған инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы;
4. сұрау салынатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдардың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;
5. сұрау салынатын кезең ішінде күндерді көрсете отырып салымшының (алушының) ЖЗШ-сында көрінетін басқа операциялардың сомасы;
6. міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы мәліметтерді қамтиды.
БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілдері:
1. электронды:
- БЖЗҚ-ға берген мекенжайға электронды пошта арқылы;
- Электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалану арқылы жеке кабинет арқылы (ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы);
2. салымшының (алушының) тікелей БЖЗҚ-ға жеке өтініш білдірген кезде;
3. пошта байланысы қызметі арқылы.
Хабарлау тәсілін электрондық пошта және интернет арқылы бір мезгілде таңдауға жол беріледі.
БЖЗҚ-да 08.01.2019 жылдан бастап МЗЖ, 01.05.2021 жылдан бастап ерікті зейнетақы жарналарын және 26.10.2021 жылдан бастап МКЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу кезінде БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі автоматты түрде "БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде" ретінде анықталады, оны салымшы (алушы) өз бетінше өзгертуге құқылы.
Хабарландыру тәсілін анықтау немесе өзгерту мақсатында салымшы (алушы) тиісті келісімді тікелей БЖЗҚ кеңсесінде не БЖЗҚ сайтында жасауы қажет. БЖЗҚ сайтында бір ғана әдісті таңдауға болатынын атап өткен жөн - "ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып жеке кабинет арқылы".
Қосымша салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты мобильдік қосымша не электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы өз бетінше алу мүмкіндігі берілген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БЖЗҚ сенімхатта сенім білдірілген адамның БЖЗҚ-ға зейнетақы қызметтеріне жүгінген кезде оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін міндетті түрде көрсету қажеттігі туралы хабарлайды! Әмбебап сенімхаттың үлгісін қараңыз!
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға жүгінген тұлға |
Өтініш беру тәсілі |
Қажетті құжаттар тізбесі |
Салымшы (алушы), оның ішінде заңды өкілінің қатысуынсыз 16 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам |
БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш берген кезде |
Жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа) немесе қарау үшін цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты.
|
Сенім білдірілген адам арқылы
Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады |
1) Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 2) Нотариалды куәландырылған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтында «Қызметтер» -«Салымшыларға» - «Сенімхат үлгілері» бөлімінде орналасқан) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; 3) қандай да бір сәйкестендіру деректерінің болмауына байланысты салымшыны (алушыны) толық сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін сенімхат ұсынған жағдайда, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі. |
|
Салымшы (алушы) -18жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға
|
Заңды өкіл жеке өтініш берген кезде
|
1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі); 2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының 16 жасқа дейінгі азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі; 3) кәмелетке толмаған адамның (16 жастан 18 жасқа дейін) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі); 4) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
5) қамқоршы/қорғаншы мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа). Назар аударыңыз! Ата – ана үшін заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі, ата-анасы болмаған кезде-қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт болып табылады. |
Сенім білдірілген адам арқылы
Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады |
1) кәмелетке толмаған тұлғаның (16 жастан 18 жасқа дейін) туу туралы куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының 16 жасқа дейінгі азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі; 3) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 4) қамқоршы/қорғаншы мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа); Назар аударыңыз! Ата – ана үшін заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі, ата-анасы болмаған кезде-қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт болып табылады 5) Нотариалды куәландырылған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтында «Қызметтер» -«Салымшыларға» - «Сенімхат үлгілері» бөлімінде орналасқан) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; Назар аударыңыз! Сенім білдірілген адам өзі келіп өтініш жасаған кезде заңды өкілдің жеке басын куәландыратын және оның мәртебесін растайтын құжаттар (туу туралы куәлікті қоспағанда) талап етілмейді, егер сенім білдірілген адам ұсынған нотариатта куәландырылған сенімхатта мынадай тиісті жазбасы болған жағдайда: - сенімхатты куәландыру кезінде заңды өкілдің өкілеттіктері мен мәртебесі тексерілді (14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға үшін жүгінген жағдайда);
- кәмелетке толмаған мұрагердің атынан сенімхатты куәландыру заңды өкілінің қатысуымен және оның келісімімен жүргізілді (14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға үшін жүгінген жағдайда); 6) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа). |
|
Әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның заңды өкілі |
Заңды өкіл жеке өтініш берген кезде |
1) әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі); 2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 3) заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа) (қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктің) шешімі немесе қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы сот шешімі негізінде халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органы беретін қорғаншы (қамқоршы) куәлігі/қорғаншы (қамқоршы) тағайындау туралы анықтама немесе қорғаншы/қамқоршы мәртебесін растайтын өзге де құжат). |
Сенім білдірілген адам арқылы
Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады |
1) әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 3) заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа) (қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктің) шешімі немесе қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы сот шешімі негізінде халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органы беретін қорғаншы (қамқоршы) куәлігі/қорғаншы (қамқоршы) тағайындау туралы анықтама немесе қорғаншы/қамқоршы мәртебесін растайтын өзге де құжат); 4) нотариалды куәландырылған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтында «Қызметтер» -«Салымшыларға» - «Сенімхат үлгілері» бөлімінде орналасқан) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; Назар аударыңыз! Ата – ана үшін заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі, ата-анасы болмаған кезде-қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт болып табылады;
5) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа). |
|
Заң бойынша/өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес мұрагер немесе өсиетте көрсетілген адам |
БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш берген кезде |
1) өсиетте/мұраға құқық туралы куәлікте көрсетілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 2) тек өсиет берілген жағдайда қайтыс болу туралы куәлік (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса)) талап етіледі немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – МО АЖ) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда; 3) мұраға құқық туралы куәлік (түпнұсқасы/нотариалдық куәландырылған көшірмесі/сканерленген көшірмесі).
Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы бұрын қабылданған/орындалған өтінішке тіркелген ЖЗҚ ААЖ-дан мұраға құқық туралы куәліктің сканерленген көшірмесін пайдалануға жол беріледі. |
Сенім білдірілген адам арқылы
Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады
|
1) өсиетте/мұраға құқық туралы куәлікте көрсетілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 2) тек өсиет берілген жағдайда қайтыс болу туралы куәлік (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса)) талап етіледі немесе МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда; 3) мұраға құқық туралы куәлік (түпнұсқасы / нотариалдық куәландырылған көшірмесі / сканерленген көшірмесі). Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы бұрын қабылданған/орындалған өтінішке тіркелген ЖЗҚ ААЖ-дан мұраға құқық туралы куәліктің сканерленген көшірмесін пайдалануға жол беріледі. 4) Нотариалды куәландырылған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтында «Қызметтер» -«Салымшыларға» - «Сенімхат үлгілері» бөлімінде орналасқан) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; 5) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа). |
|
Заң бойынша/өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған мұрагер немесе өсиетте көрсетілген 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам.
(ЖЗҚ-да құжаттарды кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететін заңды өкіл (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншылар немесе қамқоршылар, баланы қабылдайтын ата-аналар, патронат тәрбиеші) ұсынады)
|
Заңды өкіл жеке өтініш берген кезде
|
1) өсиетте/мұраға құқық туралы куәлікте көрсетілген кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі); 2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының 16 жасқа дейінгі азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі; 3) кәмелетке толмаған адамның (16 жастан 18 жасқа дейін) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі); 4) тек өсиет берілген жағдайда қайтыс болу туралы куәлік (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса)) талап етіледі немесе МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда; 5) мұраға құқық туралы куәлік (түпнұсқасы / нотариалдық куәландырылған көшірмесі / сканерленген көшірмесі). Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы бұрын қабылданған/орындалған өтінішке тіркелген ЖЗҚ ААЖ-дан мұраға құқық туралы куәліктің сканерленген көшірмесін пайдалануға жол беріледі. 6) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 7) қамқоршы/қорғаншы мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа).
Назар аударыңыз! Ата – ана үшін заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі, ата-анасы болмаған кезде-қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт болып табылады. |
Сенім білдірілген адам арқылы
Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады |
1) өсиетте/мұраға құқық туралы куәлікте көрсетілген кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының 16 жасқа дейінгі азаматтары үшін) - ЖСН тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не ЖСН бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі; 3) кәмелетке толмаған адамның (16 жастан 18 жасқа дейін) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі); 4) тек өсиет берілген жағдайда қайтыс болу туралы куәлік (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса)) талап етіледі немесе МО АЖ зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған жағдайда; 5) мұраға құқық туралы куәлік (түпнұсқасы / нотариалдық куәландырылған көшірмесі / сканерленген көшірмесі); Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы бұрын қабылданған/орындалған өтінішке тіркелген ЖЗҚ ААЖ-дан мұраға құқық туралы куәліктің сканерленген көшірмесін пайдалануға жол беріледі. 6) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 7) қамқоршы/қорғаншы мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа); Назар аударыңыз! Ата – ана үшін заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі, ата-анасы болмаған кезде-қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт болып табылады 8) Нотариалды куәландырылған сенімхат (сенімхат үлгісі БЖЗҚ сайтында «Қызметтер» -«Салымшыларға» - «Сенімхат үлгілері» бөлімінде орналасқан) немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; Назар аударыңыз! Сенім білдірілген адам өзі келіп өтініш жасаған кезде заңды өкілдің жеке басын куәландыратын және оның мәртебесін растайтын құжаттар (туу туралы куәлікті қоспағанда) талап етілмейді, егер сенім білдірілген адам ұсынған нотариатта куәландырылған сенімхатта мынадай тиісті жазбасы болған жағдайда: - сенімхатты куәландыру кезінде заңды өкілдің өкілеттіктері мен мәртебесі тексерілді (14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға үшін жүгінген жағдайда); - кәмелетке толмаған мұрагердің атынан сенімхатты куәландыру заңды өкілінің қатысуымен және оның келісімімен жүргізілді (14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға үшін жүгінген жағдайда);
9) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа). |
![]() |
БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қамтитын зейнетақы жинақтарының құпиясына кепілдік береді; | ||
![]() |
БЖЗҚ сайтында және (немесе) электрондық үкіметтің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу үшін БЖЗҚ-мен келісім жасасу талап етілмейді; | ||
![]() |
БЖЗҚ салымшыға (алушыға) өткен жылғы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты мынадай жағдайларда: | ||
>> |
ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-сында ақша жоқ болған жағдайда; |
||
>> | БЖЗҚ салымшысының (алушысының) көрсетілген мекенжай бойынша адресаттың жоқ болуы себебінен БЖЗҚ-ға өткен жылғы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қайтару нәтижесінде белгіленген тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарламаған жағдайда; | ||
>> | БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) өзге де дерек көзінен: | ||
♦ | БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаның қайтыс болуы туралы; | ||
♦ | Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кетуі туралы; | ||
♦ | тұрақты тұруға шетелдікке/азаматтығы жоқ тұлғаға рұқсатты жою туралы мәліметтерді алған жағдайда; | ||
>> | БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың қайтарылуы нәтижесінде анықталған толық емес (дұрыс емес) пошта және электрондық мекенжай берілген жағдайда; | ||
>> | БЖЗҚ-ға тікелей "өзі келгенде" немесе "жеке кабинет арқылы" хабарлау тәсілін таңдаған немесе тәсіл анықталмаған жағдайда жібермейді. | ||