Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілетін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның банк шотына аударады. Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін:
1) 1) Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ЕДБ), тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен (KZT) жүргізеді;
2) 2) шетел банктеріне төлемдер валюталардың мынадай түрлері бойынша: АҚШ долларымен (USD), евромен (EURO), фунт стерлингпен (GBP), Ресей рублімен (RUB) жүзеге асырылады.
Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ЕДБ-дан және шетелдік банктерден зейнетақы төлемдерін қайтаруды болдырмау үшін алушылар банктік шоттың (ашық немесе жабық шот) өзектілігін, шоттың түрін (ағымдағы шот, карточкалық шот, арнайы мақсаттағы шот) нақтылауы қажет.
Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдері ЕДБ-дағы арнайы мақсаттағы шоттарға аударылмайды!