"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Зенетақы қызметтерін тұтынушыларға ақпарат

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ


БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы және өз қызметін қатаң Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ның негізгі қызметі зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен қатар, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелеріне сай:

дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі - меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға (1-баптың 9) тармақшасы);

дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі - оператор) - дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға (1-баптың 10) тармақшасы);

дербес деректерді жинау - дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер (1-баптың 5) тармақшасы);

дербес деректердi өңдеу - дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер (1-баптың 12) тармақшасы);

➤ үшiншi тұлға субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бiрақ дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау бойынша олармен (онымен) мәнжайлар немесе құқық қатынастары арқылы байланысты болатын тұлға (1-баптың 17) тармақшасы). 

Анықтама: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, екінші деңгейдегі банктер және басқалар;

➤ дербес деректерді трансшекаралық берудербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру (16-баптың 1-тармағы).

Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауды, өңдеуді меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде БЖЗҚ зейнетақы шоттарын ашуға, зейнетақы жинақтарының сомасы туралы, сондай-ақ шартты зейнетақы шоттары туралы ақпаратты беруге байланысты қызметті жүзеге асырады (7-баптың 1-тармағы);

қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) субъектінің дербес деректерін жинау, өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (7-баптың 2-тармағы);

үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді субъектінің мемлекеттік сервис арқылы расталған келісімі болған жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ала алады (10-баптың 4-тармағы);

қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi (11-баптың 1-тармағы);

кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi (11-баптың 2-тармағы);

меншік иесінің және (немесе) оператордың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен дербес деректерді жинауды, өңдеуді жүзеге асыруға құқығы бар (25-баптың 2-тармағы);

меншік иесі және (немесе) оператор егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекітуге  міндетті (25-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы).


Демек, БЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде салымшылардың (алушылардың), олардың сенім білдірілген адамдарының, заңды өкілдерінің дербес деректерін қамтитын ақпараттық жүйенің операторы/меншік иесі болып табылады.

Дербес деректер туралы заңнаманың талаптарын сақтау мақсатында, атап айтқанда Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013.11.12 №1214 қаулысымен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын орындау үшін «БЖЗҚ» АҚ жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажет және жеткілікті дербес деректер тізбесі әзірленді.



"БЖЗҚ" АҚ жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажет және жеткілікті дербес деректер тізбесі