"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Қызметтер

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУҒА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЕМДЕЛУГЕ АҚЫ ТӨЛЕУГЕ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ


Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) алатын, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.

Уәкілетті оператор – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан БЗТ алу үшін БЖЗҚ-мен МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЗТ аударылатын, арнайы шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (заңды тұлғалар).

БЗТ өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында келесі шарттардың бірі болған кезде жүргізіледі:
егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асқан жағдайда;

 егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда жүргізіледі. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнетке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі;

 егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда;

➤ егер МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда.

БЖЗҚ-дан МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЗТ Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:

 Кодекстің 220-бабының 3-тармағының екінші азат жолында көрсетілген адамдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс;

Кодекстің 220-бабының 3-тармағының үшінші азат жолында көрсетілген адамдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс;

 Кодекстің 220-бабының 3-тармағының төртінші және бесінші азат жолдарында көрсетілген адамдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.

БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан БЗТ алу үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға БЗТ аударады.

Бүгінгі күні БЗТ алуға өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар - «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «БанкЦентркредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ. Уәкілетті оператор БЗТ-ға берілген өтініш қаралғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде БЗТ-дан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті операторға алушының БЗТ сомасын аударады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырғанға дейін МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) өзінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасының бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте немесе электрондық үкімет порталында тексеруге болады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып қою тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлейді және бекітеді..

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделуге ақы төлеуге алу тәртібін  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлейді және бекітеді.


БЖЗҚ-мен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасаған уәкілетті операторлардың тізімі

Уәкілетті оператордың атауы

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында қосалқы мақсаттар

Емделу ақысын төлеу мақсатында қосалқы мақсаттар

«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (соңғы есеп айырысу)

Орфандық ауруларды емдеу

Жеке тұрғын үй құрылысы (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда)

Стоматологиялық қызметтер

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Радионуклидтік және радиойодтерапия

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Радиохирургиялық емдеу

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

Протондық терапия

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алу (құрылысты қоспағанда)

Офтальмологиялық қызметтер

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық өтеу

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) ипотекалық тұрғын үй қарызын алу

Төлемді бөліп төлей отырып, сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара төлем

Төлемді бөліп төлей отырып, сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша толық төлем

Жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық - нысаналы мақсаты бар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке жер учаскесін сатып алу (соңғы есеп айырысу)

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша немесе көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы акт жасау кезінде тұрғын үйді (пәтерді) сатып алу (соңғы есеп айырысу)

Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағына салымды толықтыру

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

«Банк ЦентрКредит» АҚ

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ)

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

«Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)