"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


14.06.2017

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда.

Қор қызметінің ашықтығы мен көрсететін қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиімді сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді.

«Мобильдік агент» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған. Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар, режимдік және ерекше қорғауға алынған нысандардағы азаматтар да «Мобильдік агент» қызметін пайдалана алады.

Одан басқа, көшпелі топ салымшылар мен алушыларға олардың жұмыс орнында қызмет көрсете алады. Бірақ бұл үшін олардың саны жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар салымшыларды (алушыларды) ақпарат берудің электрондық тәсіліне барынша ауыстыру шараларын жүргізеді және ҚР зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту Тұжырымдамасы мен тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.

Қазіргі таңда жоба аясында бірқатар қызметтер көрсетіледі. Олар:

  • жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу;
  • деректемелерді өзгертуге арналған өтінішті толтыру;
  • ақпарат беру тәсілін өзгерту (айқындау) бойынша қосымша келісімді рәсімдеу;
  • ЖЗШ бойынша үзінді-көшірме беру;
  • шарттардың көшірме нұсқасын беру;
  • зейнетақыны жеке және корпоративтік жоспарлау моделін (зейнетақы калькуляторларын) қолдана отырып кеңес беру;
  • ақыл-кеңес беру;
  • таныстырылымдар өткізу;
  • зейнетақыны төлеуге арналған құжаттарды қабылдап алу немесе мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектер үшін зейнетақы жинақтарын аудару.
2017 жылдың басынан бері 5 ай ішінде «Мобильдік агент» жобасы аясында 2 888 көшпелі шара өткізіліп, 86 577 операция жүзеге асырылды. Олардың ішінде жеке зейнетақы шотын ашу бойынша 1 388 шарт, ақпарат беру тәсілін өзгерту туралы 24 202 келісім жасалды. Сонымен қатар 21 470 үзінді-көшірме берілді.

Салымшыларға көшпелі қызмет көрсету одан әрі жетілдіріліп жатыр. Алматыда 2017 жылғы 18-19 мамырда Қор басшылығының қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ филиалдары директорларының жыл сайынғы семинар-отырысы болып өтті. Онда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру аясында БЖЗҚ бөлімшелері жоқ, шалғайдағы елді мекендер үшін «Мобильдік кеңсе» қанатқақты жобасын іске қосу мәселесі көтерілді.

Қазіргі таңда агенттер салымшыларға алып жүруге ыңғайлы компьютер және құжаттар топтамасымен баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникамен және жер серігі байланысымен жабдықталатын болады.

Бұл өзіндік бір көшпелі қызмет көрсету орталығы іспеттес. Онда барлық қызметтер онлайн режімінде көрсетіледі. Қанатқақты жобалар аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды.

Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп. Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден жырақта орналасқан.

«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады.

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

Ақпарат көзі: abay.vko.gov.kz

Тізімге оралу