"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


23.07.2022

Салымшы қаражаты сенімді қолда

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) аз уақыт ішінде-ақ халық сенімінен шығып үлгерді. Оған дәлел, осы күнге дейін «салымшылардың ақшасы жоғалыпты немесе басқа да келеңсіз оқиғалар орын алыпты» деген жайсыз хабар тараған емес. Қайта жылдар жылжыған сайын Қор салымшылары үшін барлық жағдай жасалып, мүмкіндіктер көкжиегі кеңеюде. Тіпті, салымшылар (алушылар) өз шоттарында қанша ақша барын үйінен ұзамай-ақ, кез келген жерде отырып ұдайы қадағалай алады.

Салымшылардың қаражатын шашау шығармай ие болып отырған «БЖЗҚ» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалының тыныс-тіршілігі қандай? Осы сауалға жауап іздеп, аталған мекеменің табалдырығынан аттадық.

ЖАҢА КҮН

«БЖЗҚ» АҚ-ның Алматы қалалық филиалында күнделікті жұмыс күні таңертеңгілік лездемеден басталады. Филиал директоры Нұрлан Слямбекұлы Әміренов қызметкерлеріне әрбір тұтынушыға сапалы қызмет көрсетуді, зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерді, жаңа қызметтерді жан-жақты түсіндіруді міндеттейді. Сәйкесінше, әрбір қызметкер келушілерді жылы шыраймен қарсы алып, қажетті қызметтерді көрсетіп, барлық сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесінде болып жатқан өзгерістермен таныстырады. Яғни филиал қызметкерлерінің әдеттегі жұмыс күні Қор кеңселерінде және олардан тыс жерде салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі аясында білікті және сапалы қызмет көрсетуден басталады.

Филиалда 94 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 72-сі жеке және заңды тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Қордың ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіпте Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы төлемдерін тағайындау, зейнетақы жинағын аудару туралы өтініштерін қабылдау, қалыптастыру және тіркеу; салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер беру; деректемелеріне өзгерістер (толықтырулар) енгізу; қолданыстағы заңнамамен және Қордың ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте хабарландыру тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімді рәсімдеу; Қор қызметі туралы ақпаратты ұсына отырып, салымшыларға (алушыларға) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; халықтың қаржылыққұқықтық сауатын көтеру мақсатында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және т.б.

 

Қор салымшыларының өз жинақтары туралы ақпаратты тез алуы үшін де барынша жағдай жасап келеді. Қазіргі кезде зейнетақы қорының арнайы сайтына тіркелген әр азамат өзінің жинаған қоры туралы ақпаратты кез келген жерде және қалаған уақытында ала алады. Қор сайтына тіркеліп, арнайы логин мен құпия сөз арқылы өзінің жинағы жайындағы ақпаратты біліп отырады. Қор зейнетақы жарнасының құпиялылығын қатаң сақтайды. Әр салымшы туралы жеке ақпарат «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы Заңымен қорғалған.

Қор салымшыларының өз жинақтары туралы ақпаратты тез алуы үшін де барынша жағдай жасап келеді. Қазіргі кезде зейнетақы қорының арнайы сайтына тіркелген әр азамат өзінің жинаған қоры туралы ақпаратты кез келген жерде және қалаған уақытында ала алады. Қор сайтына тіркеліп, арнайы логин мен құпия сөз арқылы өзінің жинағы жайындағы ақпаратты біліп отырады. Қор зейнетақы жарнасының құпиялылығын қатаң сақтайды. Әр салымшы туралы жеке ақпарат «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы Заңымен қорғалған.

ҚЫЗМЕТТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ

БЖЗҚ қызметтері халыққа кез келген уақытта, кез келген жерде қолжетімді болуы үшін 2021 жылдың жазынан бастап Қор мамандары Алматыдағы Достық даңғылы, 85 мекенжайында орналасқан «Әлеуметтік қызметтер үйінде» де Қор салымшыларына (алушыларына) қызмет көрсете бастады. Онда да зейнетақы жүйесінің барлық бағыты бойынша толыққанды қызметтер көрсетіледі.

2021 жылдың 1 маусымы мен биылғы жылдың 1 маусымға дейінгі бір жыл ішінде филиал мамандары «Әлеуметтік қызметтер үйінде» салымшыларға (алушыларға) 9664 қызмет көрсеткен. Оның ішінде зейнетақы төлемдерін тағайындауға 708 өтініш, ал жинағын сақтандыру ұйымына аударуға 499 өтініш қабылданған. 2368 салымшының (алушының) деректемелеріне өзгерістер енгізілсе, 4084 салымшыға (алушының) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме беріліп, 1495 салымшының тәсілін өзгерту туралы келісім жасалған.

Сондай-ақ, Қордың Алматы филиалының қызметкерлері қаладағы Әуезов, Түрксіб және Алмалы аудандарының аумағында орналасқан 3 операциялық бөлімшеде, Есік, Қаскелең, Талғар, Қонаев қалаларындағы, Өтеген батыр, Ұзынағаш ауылдарындағы салымшыларға арналған қызмет көрсету орталықтарында дербес қызмет көрсетіп келеді.

Иә, жаһанданудың ақпараттық көшінен қалмай, күнделікті өмір сүру дағдымыз да өзгеріп, жаңарып жатыр. Соған орай, филиал ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» терминалы орнатылған. Оның болуы жұртшылықтың алтын уақыттарын үнемдеуге және қағазбастылықтан арылуға бірден-бір таптырмас құрал екені ақиқат.

ФИЛИАЛДАҒЫ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Халықтың зейнетақы заңнамасы мәселелері бойынша қаржылық сауаттылығын арттыру және Қор қызметтерін насихаттау мақсатында БЖЗҚ әр тоқсан сайын «Ашық есік» күнін өткізеді. «Ашық есік» шарасына қатысуға, әсіресе әртүрлі оқу орындарының (колледж, институт, университет) түлектері аса ықылас танытуда.

Коронавирус індетіне байланысты бұл іс-шара екі жылдан астам уақыттан бері онлайн тәртібінде өткізіліп келеді. Оның өтетіні туралы ақпараттар алдын ала ұйымдар мен мекемелерге таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарында және қала, аудан әкімдіктерінің сайттарына орналастырылады.

Соңғы «Ашық есік» күні 2022 жылдың 28 маусымында «Зейнетақы активтерін басқару. Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?» деген тақырып шеңберінде өтті. Қазақстандағы және әлемдік қаржы нарығындағы экономикалық ахуалды ескерсек, бұл тақырыптың қазіргі уақытта өте өзекті екенін айта кетуге болады. «Ашық есік» күніне 461 адам қатысты.

 

КӨШ БАСЫНДА – АЛМАТЫ

Біз филиал басшысымен сұхбат барысында «Биылғы шекті сома өзгергенге дейін қанша адам баспана мәселесін шешіп алды, денсаулығын жақсартуға жұмсағандары қанша? Басқарушы компанияларға сенетіндер көп пе? БЖЗҚ бойынша Алматы қай бағытта көш бастап тұр?» деген сауалдарымызды көлденең тартқан болатынбыз.

– 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 323 432 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі біздің Алматы қаласының (17,63%), НұрСұлтан қаласының (13,98%) және Маңғыстау облысының (10,36%) тұрғындары тарапынан жолданған.

Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 298,0 млрд теңгеге 384 969 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Сондайақ, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 29,2 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 8,7 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 5870 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 млн теңге. Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт ИПБ-мен («Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ) шарт жасасты, – дейді «БЖЗҚ» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Нұрлан Әміренов.

Тақырыпқа орай

2022 жылдың 1 маусымына дейінгі көрсеткіш бойынша БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) 16,5 млн-нан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 11,3 млн-нан астам операция электрондық форматта, 4 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілген. Осылайша қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93%-ын қашықтан алды.

Биылғы жарты жылдағы жағдай бойынша зейнет жасына байланысты төлемдер 42,4 млрд теңгені құрады.

Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты БЖЗҚ-нан кесте бойынша орташа айлық төлемнің мөлшері 29 360 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 707 326 теңгені құрады


Толығырақ: almaty-akshamy.kz


Тізімге оралу