"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


30.09.2022

Жыл басынан бері 13 мың адам шет елге кетуіне байланысты БЖЗҚ-дағы жинағын алды.

Қазақстанда жыл басынан бері 13 640 адам шет елге қоныс аударуына байланысты БЖЗҚ-дағы салымын шешіп алды. Жалпы сома –  33,97 млрд теңге. Ал өткен жылы өзге мемлекеттерге көшіп кеткен 17 321 отандасымыз 41,3 млрд теңге көлеміндегі жинағын қайтарып алған. Ал зейнетақы қорына ең көп салым жасаған азаматтың жасы 56-да. Оның шотына бір айда түскен қаражат 707 236 теңге. Azattyq Ruhy тілшісі осы және басқа да өзекті мәселелер жөнінде «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаевамен сұхбаттасқан еді.

- Бүгінгі күні БЖЗҚ-да қазақстандықтар жинаған қанша қаражат бар? Салымшылар жылына орта есеппен қанша инвестициялық кіріс ала алады?

- 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшыларының шоттарында 13,9 трлн. теңге зейнетақы жинағы бар. Бұл сомаға салымшылардың зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірісі жатады. Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жалпы, 2014 жылдан (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерін біріктіру үрдісінің аяқталуы) бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 6,8 трлн. теңгеге жетті.  2022 жылдағы геосаяси жағдайдың нашарлауы салдарынан болған қаржы нарығындағы жалпы тұрақсыздыққа байланысты зейнетақы активтері кірісі құбылып тұр. Дегенмен, құралдар, салалар және валюталар бойынша портфельді әртараптандыру есебінен биылғы жылдың шілдесіндегі инвестициялық кіріс өкен айлардың шығынын жапты. Сегіз айдың қорытындысы бойынша салымшылар мен алушылардың шоттарына 694 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс түсті. Ал зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкімен қамтамасыз етілген соңғы 12 айдағы табыс 8,58% құрады.

-  Инвестициялық кіріс көлемі өзгеріп отыратыны, кейде көбейіп, кейде керісінше, теріс көрсеткішпен шығып жататыны белгілі. Оның себебі неде?

-  Инвестициялау нәтижесінде туындайтын инвестициялық кіріс көптеген факторларға, оның ішінде бағалы қағаздардың нарықтық құнына, валюта бағамдарының өзгеруіне және зейнетақы жарналарының мөлшеріне, олардың түскен күніне, әрбір зейнетақы жарнасы үшін инвестициялау кезеңіне және тұтастай алғанда жалпы сомаға байланысты болады. Сондықтан инвестициялық қызметтің нәтижесінде, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы, сыртқы басқарудағы қаржының және активтердің нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері бірде ұлғайып, бірде азайып отыруы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар уақытша сипатқа ие. Сондықтан зейнетақы шотыңызға есептелетін инвестициялық табыс төмендеген жағдайда, алаңдаудың ешқандай қажеті жоқ. Тағы да ескертетін жәйт, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 жыл кезеңінде талдаған орынды. Күнделікті, апта және ай сайын алынатын қысқа мерзімді деректер көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар нарықтық жағдайға тәуелді.

- Аталған қаражат қалай пайдаланылып жатыр?

- Инвестициялық табыс ҚР заңнамасында айқындалған, зейнетақы алуға мүмкіндік беретін жағдайлар басталған кезде БЖЗҚ-дан төленетін төлем сомасының құрамында пропорционалды түрде төленеді. Ал оған дейін инвестициялық табыс жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары толығымен таусылғанша апта сайын есептеліп отырады. Инвестициялық табыстың тұрақсыз шама екендігін тағы да ескерте кеткіміз келеді. Оның мөлшері жеке зейнетақы шотына келіп түсетін зейнетақы жарналарының көлеміне, түсу уақытына, инвестициялау кезеңіне, сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей, бағалы қағаздардың нарықтағы құны мен валюта бағамының өзгеруіне тәуелді. Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына апта сайын есептеледі және оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына, зейнетақы жарналарының мөлшері мен аударылу жиілігіне байланысты. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды. Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады.

- Қазақстанда қанша адам ерікті зейнетақы салымын жасайды? Жалпы сома қанша? Олар жинаған қаражатын қалай пайдалана алады?

- Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 2,9 млрд теңгені құрады. Ал ЕЗЖ есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы шоттарының саны 343 мың бірлік шамасында. «ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес ЕЗЖ есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға елу жасқа толған, мүгедектік белгіленген адамдар, ҚР тыс жерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, мемлекет заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар құқылы.  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарының сомалары және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде кемінде бес жыл бойы зейнетақы жинақтарын жүргізген салымшыларда бар. Соңғы тармақшаға сәйкес ЕЗЖ бойынша төлемдерді ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жүйесінде кемінде бес жыл болған салымшылар ала алады. Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды  20 немесе 30 жаста бастасаңыз, сіз тиісінше 25 немесе 35 жаста, өзіңіздің алғашқы төлемдеріңізді ала аласыз. Сонымен қатар ЕЗЖ есебінен  БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, еліміздің заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

- Жыл басынан бері неше адам және қандай сомада шетелге қоныс аударуына байланысты Қордағы сомасын қайтарып алды? 

- Қазақстаннан шет елде тұруға кетуіне байланысты  өзінің зейнетақы жинақтарын алған салымшылардың саны шамамен 13 640 адамды құрады. Олардың алған сомасы – 33, 97 млрд теңге. Ал  2021 жылы 41,3 млрд теңге  осы мақсатта шамамен 17 321 адамға берілген болатын.

-  БЖЗҚ-ға ең көп салым жасаған азаматтың жинақ сомасы қанша? Ол азаматтың жасы нешеде?

- Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем 29 812 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды. Яғни, азамат өзінің еңбекке жарамды шағында жұмысқа ресми түрде тіркеліп, неғұрлым көп еңбек өтілін жинап, БЖЗҚ-да көп мөлшерде зейнетақы жинағын қалыптастырса, сәйкесінше, ол адамның зейнет жасына жеткенде алатын зейнетақы мөлшері де көп болады.  БЖЗҚ-ға аударылған зейнетақы жарналарынан қалыптастырылған ең көп жинақ еліміздің 56 жастағы азаматына тиесілі.

- Сұхбаттасқаныңызға рахмет!


Толығырақ: azattyq-ruhy.kz


Тізімге оралу