"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

03.02.2021

Бір апта ішінде БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын мақсатты төлемдер бойынша 60 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры операциялық күнді 2021 жылдың 1 ақпанында жауып, сегіз күн ішінде уәкілетті операторлардан салымшылардың нысаналы пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға қатысты 60 079 өтінішін қабылдады.

БЖЗҚ-ға өтініштердің көпшілігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан келіп түсті. Осы оператор арқылы 2021 жылдың 25 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында 59 337 өтініш қабылданды.

Жалпы сомасы шамамен 240,5 млрд теңгедей болатын 43 737 өтініш (80% пайыздан астамы) өңдеуге қабылданды. БЖЗҚ-ға өтініштер берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бұл сома салымшылардың «Отбасы банкі» АҚ-дағы арнайы шоттарына аударылатын болады. БЖЗҚ 15 600 өтінішті (20% кем) заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылдамады.

28 қаңтарда БЖЗҚ-ға басқа уәкілетті оператор – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан да өтініштер түсе бастады. Бес күн ішінде одан 742 өтініш келіп түсті, оның ішінде 650 өтініш өңдеуге қабылданды, 92 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады.

Осылайша  25 қаңтар мен 1 ақпан аралығында БЖЗҚ  243,8 млрд теңгеден астам сомаға 44 387 өтінішті кейіннен төлеуді жүзеге асыру үшін өңдеуге қабылдады. Өңдеуге қабылданған өтініштің орташа сомасы шамамен 5,5 млн теңгені құрайды.

Осы күндерге жасалған талдау көрсеткендей, өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі (шамамен 80,6%) өтініште көрсетілген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомасынан асып кетуі болып табылады. Бас тартудың бір бөлігі (шамамен 19%) сұралып отырған соманың өңдеуге қабылданған өтініштерді ескере отырып, зейнетақы жинақтарының алу үшін қолжетімді сомасынан асып кетуімен байланысты. Бұл осы өтініштердің қайта берілгендігін білдіреді. Кейбір өтінімдерді БЖЗҚ-да жинақтары жоқ адамдар немесе біржолғы зейнетақы төлемін алуға құқығы жоқ салымшылар берген.

Қандай да бір себеппен (толтыру кезіндегі қателер, дұрыс көрсетілмеген сомалар, төлеуге қолжетімді соманың өзгеруі және т. б.) біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған өтінімін қанағаттандырудан бас тартылған салымшылар бас тарту себебін жойып, уәкілетті операторға қайтадан өтінім берулеріне болады.

Салымшы өз жинақтарын әртүрлі мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда алуға болатын сома шегінде осы мақсаттарға жеке өтінімдер беруге болады.

Зейнетақы жинақтары туралы барлық мәліметтер құпия болып табылатындығын және олар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес салымшының өзіне ғана берілетінін атап өту маңызды.

Қолжетімді сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильді қосымшасы арқылы уәкілеті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында мұқият тексеруге кеңес береміз.   Салымшының  БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегінен асатын сомасы болған жағдайда, оны пайдалануға өтінім шексіз рет берілуі мүмкін.

Азаматтардың өтінім беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді. 


Просмотров 3491

Тізімге оралу