"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

21.04.2022

Бес жыл ішінде БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарын 13,1 триллион теңгеге дейін қалай көбейтті?

2021 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтік даму cтратегиясын жариялады. Ілкідегі Корпоративтік стратегия 2017 жылы бекітіліп,ондағы БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері орындалған болатын. Бүгінгі жарияланымда Қордың соңғы бес жылда атқарған жұмысына толығырақ тоқталамыз. Әрине, оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ өткен жылдардағы ең есте қаларлық оқиғаларды атап кетелік.

Даму стратегиясы қолданылған бес жыл ішінде зейнетақы жинақтарының көлемі 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 13,1 трлн теңгеге (ЖІӨ-нің 16,1%) жетіп, 5,3 трлн теңгеге немесе 68% ұлғайды. Осылайша, аталған кезеңде зейнетақы жинақтарының орташа жылдық өсуі ЖІӨ өсімінен асып түсті. Зейнетақы жинақтарының, сондай-ақ, зейнетақы жарналарының, инвестициялық табыстың, зейнетақы төлемдерінің және т. б. өсуі байқалады.

Зейнетақы активтерінің 2017-2021 жылдардағы жылдық орташа табыстылығы орташа жылдық инфляция 6,7% болғанда 9,6% құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) енгізілген сәттен бастап жинақталған кірістілік көрсеткіші 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған инфляция деңгейінен 1,2 есе жоғары болды (тиісінше, 681,13% және 546,77%).

2017-2021 жылдар аралығында жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар (МЗЖ бойынша бірегей салымшылар мен алушылар) саны 1,9 млн адамға немесе 20,9% артып, 10,9 млн адамға жетті. 2022 жылдың 1 қаңтарына жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 11,5 млн бірлікті құрады. ЖЗШ-ның орташа жылдық өсу қарқыны кезең ішінде 4%.

2021 жылы ЖЗЖ белсенді қатысушыларының саны (ЖЗШ-на бір жыл ішінде ең болмағанда бір МЗЖ түскен) 7 млн адамды немесе жұмыспен қамтылған халық санының 79,5% құрады. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, жұмыс істейтін халықтың жалпы саны – 8,8 млн адам.

Барлық жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот алғашқы жарна түскенде ашылады. 2021 жылы ерікті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ЖЗШ ашу автоматты форматқа ауыстырылды. Ақпараттық технологиялар қызметтерін басқару жүйесінің сертификаттау аудиті және сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттау аудиті және т. б. сәтті өтті.

БЖЗҚ-ға сенім арту және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы білім деңгейіне қатысты көрсеткіштер назар аудартады. Атап айтқанда, «Қазақстанның зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметтері туралы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген респонденттердің үлесі» көрсеткіші мақсатты мән 63,5% болғанда 69,9% құрады. Көрсеткіш базалық сауалдардың жауаптарына байланысты бағаланады. Бұл ретте әлеуметтік сауалнама базалық сұрақтар (базалық деңгей) мен күрделі сұрақтарды (ілгері деңгей) да қамтыды. Бұдан басқа, халықтың БЖЗҚ-ға деген сенім индексі 79% жетті (мақсатты көрсеткіш 74%).

Сондай-ақ, Қор Қазақстан Республикасының заңнамасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды да жүргізді. Мысалы, 2018 жылдан бастап зейнет жасына жеткен тұлғаларға «Бір терезе» қағидаты бойынша тек Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінуге болады; салық салуда ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары мен пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді. 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылдың 20 желтоқсандағы Келісім күшіне енді. Келісімнің негізгі мақсаты – еңбекшілерге сол өздері жұмыс істеп жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматтарына тән шарт пен тәртіптегі зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады.

БЖЗҚ-ның алдыңғы бес жылдағы даму стратегиясын жүзеге асыру – БЖЗҚ салымшыларын (алушыларын) сапалы қызмет қана емес, лайықты төлемдермен қамтамасыз ету бағытындағы кезеңдердің бірі ғана екенін атап кеткен абзал.


Просмотров 3272

Тізімге оралу