"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

18.05.2022

БЖЗҚ-ның «5 сұрақ» айдары өзекті сұрақтарға жауап береді

1) Қайырлы күн! Мен тұтынушылық несие бойынша төлемнің мерзімін өткізіп алдым, енді сот болайын деп жатыр. Сот орындаушылары берешегімнің орнын толтыру үшін менің зейнетақы жинақтарымды БЖЗҚ-дан ала ала ма? Мұндай жағдайда болашақта зейнетақысыз қаламын ба?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе ақша өндіріп алуға жол берілмейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 98-бабы, 14) тармақшасына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтары – өндіріп алуға болмайтын қаражат сомасына жатады.

Осылайша, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарын сот орындаушысының немесе кез-келген үшінші тұлғаның өндіріп алуы мүмкін емес.

 

2) Менің жұбайым шетел азаматы, алайда қазақстандық компанияда жұмыс істейді, әрі БЖЗҚ-ға үнемі зейнетақы аударымдарын жүргізіп отырады. Қазір оның шотында жинақталған сома жеткіліктіліктің жаңа шегінен асып түсетін мөлшерде, осы құқықты ол пайдалана ала ма?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабы 14) тармақшасына сәйкес, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты – шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында, сондай-ақ, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқылы.

 

3) Сәлеметсіз бе! Тұрақты жалақысы бар жұмыссыз жүргеніме осымен үш ай болды. Соның салдарынан, осы кезең ішінде БЖЗҚ-ға аударым жасаған жоқпын. Бұған дейін тұрақты жалақы алып тұрғанда, Қордағы менің шотымда аздаған сома жинақталған еді. Енді Қордағы жинақтарым «күйіп кетуі» мүмкін бе? Соны білсем деп едім.

Қордағы зейнетақы жинақтарыңыз мөлшеріне қарамастан сіздің меншігіңіз болып табылады, әрі жеке зейнетақы шотыңызда (бұдан әрі - ЖЗШ) зейнет жасына жеткенше немесе қандай да бір себептермен оларды төлегенше сақталады. ЖЗШ-дағы ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталатынын және оның нақты қолданылу мерзімі жоқ екенін қаперден шығармау керек.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі-МЗЖ, МКЗЖ) тұлғалардың Заңда белгіленген зейнет жасына жеткен сәттегі, сондай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде сақталуына Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда және тәртіппен кепілдік береді.

Бұдан басқа, ЖЗШ-ға түсетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. ҚРҰБ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне, БЖЗҚ инвестициялық декларациясына, инвестициялау шегіне сәйкес инвестициялайды.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудың мақсаты – зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және зейнетақы активтері құнының ықтималдық дәрежесінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәуекел деңгейі кезінде ұзақ мерзімді басымдықта нақты кірістілік алу болып табылады.

Бұл ретте, инвестициялау нәтижесінде туындайтын инвестициялық кіріс тұрақсыз шама, яғни белгілі бір кезеңге сыйақы мөлшері нақты айқындалған банктердің депозиттік шарттарында көзделгендей, қатаң белгіленген шама болып табылмайды және көптеген факторларға, оның ішінде бағалы қағаздардың нарықтық құнына және валюта бағамының өзгеруіне байланысты болады.

 

4) Қайырлы күн! Мен қазір мобильді қосымша арқылы жолаушы тасумен айналысамын, әрі ешқандай зейнетақы төлемдерін аударып жүрген жоқпын. Өз бетімше міндетті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

 

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 24-бабы 7-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, ұсталған (есептелген) МЗЖ-ны бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Осылайша, өз пайдаңызға БЖТ төлей аласыз. Ол бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың қызметін тіркеудің оңтайландырылған тәртібін көздейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе тәуелсіз жұмыскерлер – бұл тауар өндіру (сату) бойынша өз қызметін, жұмысы мен қызмет түрін мемлекеттік тіркеусіз табыс алу мақсатында өз бетінше жүзеге асыратын жеке тұлғалар. Осы санатқа жеке кәсіпкерлер (ЖК), жеке тәжірибемен (ЖТ) айналысатын тұлғалар, акционерлік қоғам акционерлері (қатысушы), шаруашылық серіктестік құрылтайшылары (қатысушы), өндірістік кооператив мүшелері жатпайды. Басқаша айтқанда, бұлар жұмыс берушімен арада ресми түрде қол қойылған еңбек шартынсыз нәпақасын тауып жүрген азаматтар.

Салық кодексінің 774-бабына (Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі) сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады:

1) БЖТ төлейтін;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) акцизделетін өнімді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығынан өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызметтер көрсететін және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізеді. Бұл ретте БЖТ төлеушінің осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын табысының мөлшері күнтізбелік жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1175 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жеке тұлғалар БЖТ төлеу жүргізілген күннен бастап БЖТ төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдерді үлестіруге ыңғайлы болу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ-ны қолма-қол ақшамен, не банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына бір реттік төлем тапсырмасын қолма-қол емес тәсілмен жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорация БЖТ-ны жеке табыс салығына (әрі қарай – ЖТС) (10% бюджет) әлеуметтік аударымдарға (МӘСҚ 20%), МЗЖ (БЖЗҚ 30%) және міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘСҚ 40%) ретінде бөледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға, МЗЖ төлеуге және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға, еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босану, бала асырап алған, бала бір жасқа толғанша бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

Бұдан басқа, болашақта неғұрлым жоғары зейнетақы төлемдерін алу үшін Сіз өз пайдаңызға ерікті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЕЗЖ) төлей аласыз. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке немесе заңды тұлға өз бетінше белгілейді.

ЕЗЖ-ға, сондай-ақ, МЗЖ сияқты сіздің жинақтарыңызды айтарлықтай ұлғайта алатын инвестициялық табыс қосып есептеледі.

Айта кетейік, ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу үшін БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз болып табылады. Осылайша, салымшыға (алушыға) Қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ, пайдасына ЕЗЖ аударылған тұлғаның жеке басын сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтер: тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы басқа да мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген ЕДБ жарналарды онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі бар, осының негізінде ол өтініш берушінің, не үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға ЕЗЖ тұрақты түрде аударатын болады.

 

5) Сәлеметсіз бе! Менің әжем қомақты зейнетақы алғанымен жартысына жуығын жерлеу рәсіміне жинап жүр. Осылайша өз қажеттіліктеріне, демалуға ақша жұмсаудан тартынады. Себебі, дүниеден озса туыстарына жерлеу үшін зейнетақы жинақтарын Қордың төлеп беретініне сенбейді. Бұл қаншалықты рас?

Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталады.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабы 5-тармағының ережелеріне сәйкес, алушы, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлейтін адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем төленгеннен кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары қалса, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаса, не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаса, сондай-ақ, азаматтық заңдарда белгіленген өзге де жағдайларда заң бойынша мұрагерлік орын алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, мұрагер мұраны рәсімдеу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраны иелену құқығы туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды тұлғаға мұраны қабылдау, не мұраны иелену құқығы туралы куәлік алу жөнінде өтініш беру арқылы мұраны қабылдауы тиіс. Мұрагерлік ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы тиіс.

Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-2-бабы), егер мұрагер бұл мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алса, әрі одан кейінгі алты ай мерзім ішінде сотқа жүгінген жағдайда, сот бұл мерзімді қалпына келтіріп, мұрагерді мұраны қабылдады деп тани алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, құқықтық мирасқорлар жеті кезекке бөлінеді, оның ішінде заң бойынша мұра алу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде асырап алған балалары, жұбайы мен ата-анасы тең үлеспен алады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса, не мұрагерлердің ешқайсысының мұра алу құқығы болмаса, не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады.

Иесіз қалған мүлік мұрагерліктің ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

 


Просмотров 2661

Тізімге оралу