"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

20.07.2022

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

1) Сәлеметсіз бе! БЖЗҚ-да менің зейнетақым қалай қалыптасатынын түсіндіре аласыз ба? Барлық жинаған қаражатым маған бір рет төленеді ме?

Жеке зейнетақы шотында жинақталған жинақ зейнет жасы келген кезде бір рет төленбейді. Зейнеткерлер оларды кесте бойынша ай сайын мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерімен (базалық және ортақ зейнетақымен) бірге алады. БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен көзделген Әдістемеге сәйкес есептеледі.

Осы Әдістемеге сәйкес зейнеткерлікке шыққан бірінші жылы БЖЗҚ ай сайынғы төлемін есептеу келесідей болып табылады; Жеке зейнетақы шотындағы жинақ сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіледі – 6,5% және 12-ге бөлінеді.

Мысалы, 9 000 0000 теңге жинақталған. 9 000 000*6,5%= 585 000 теңге. Бұл БЖЗҚ-дан берілетін жылдық төлемдер сомасы. Біз оны 12 айға бөліп, аламыз: 585 000/12 ай.= 48 750 теңге.

Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға ұлғайтылатын болады.

Біржолғы Зейнетақы жинақтарын, егер алушының өтініш берген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана алуға болады (01.04.2022 жылдан бастап – 576 384,00 теңге = 12 * 48 032,00).

 

2) Зейнетақы жинақтарына салық салынатыны рас па? Неліктен мені зейнетақы жинақтарымнан салық төлеуге мәжбүр етеді?

Жеке зейнетақы шотына аудару кезінде зейнетақы жарналарына табыс салығы салынбайтынын атап өткен жөн. Ал зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын кірістерге жатады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалу міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған төлемдердің барлық сомасынан 10% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте Кодексте зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде көзделген салықтық шегерімдері деп аталатын бірқатар түзетулер көзделген. Салық шегерімі дегеніміз - тиісті негіздер болған кезде салық базасы азайтылатын сома (салық төленетін табыс).

Мысалы, зейнеткерлік жас басталған кезде мұндай салық шегерімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір ай үшін зейнетақы төлемі түрінде табыс есептелген күні қолданылатын 14 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Зейнетақы жасына жеткен және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты төлем алатын адамдар үшін шегерімге жататын сома болса, онда желіге салық салынбайды, 168 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен қатар, алушылардың жекелеген санаттары бар, оларға күнтізбелік жыл үшін АЕК 882 еселенген мөлшерінде салық жеңілдіктері қолданылады. Оларға, мысалы, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, І, ІІ немесе ІІІ топтағы мүгедек адамдар, мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаушы отбасына қабылдаған асырап алушы ата-аналардың бірі және басқалар жатады.

Егер салымшы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу секілді баламалы мақсаттарға пайдалануды ұйғарса, онда БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстап қалу және аудару тәсілін өзі таңдай алады:

- біржолғы, біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру күнінен кешіктірмей;

- зейнетақы төлемдерін алу кезінде БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен.

 

3) Қайырлы күн! Мен жеке кәсіпкермін және шағын бизнесім бар. Айтыңызшы, маған зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?

Жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, жеке практикамен айналысатын адамдар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болуға және өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің пайдасына алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс. МЗЖ мөлшерінің төменгі және жоғарғы шегі бар: олар ең төменгі жалақының 10 пайызынан төмен болмауы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмауы тиіс.

Айта кетейік, жеке кәсіпкер табысты өз бетінше анықтайды. Егер қандай да бір кезеңде табыс болмаса, онда кәсіпкер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен БЖЗҚ-ға өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Егер кәсіпкердің МЗЖ қолма-қол ақшасыз аудару үшін екінші деңгейдегі банкте шоты болмаса, жарнаны төлем құжаттарында "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының деректемелерін көрсете отырып, банк немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшамен салуға болады. Төлем құжаттарына қоса берілетін тізімдерде өзі туралы, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан қызметкерлер мен жеке тұлғалар туралы мынадай мәліметтерді енгізу қажет: ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, жарналардың сомасы және кезеңде (ай/айлар, жыл) төленетін міндетті зейнетақы жарналары). Бұл жағдайда әрбір ай бөлек көрсетілуі керек. Бұл мемлекеттік бюджеттен базалық зейнетақы есептеу үшін маңызға ие жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есепке алу үшін қажет.

 

4) Сәлеметсіз бе! Уақытша қиындықтарға байланысты менің жұмыс берушім біраз уақыт жалақы төлемеді. Егер мен ресми түрде жалданып жұмыс жасасам, алдыңғы айларда өзіме міндетті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба? Мен алғым келетін несиені мақұлдағанды қалаймын.

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар салымшының агенті, яғни жұмыс беруші аудару арқылы төлейді. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына аудару арқылы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын мынадай жеке тұлғалар ғана төлей алады:

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке нотариустар;

- жеке сот орындаушылары;

- адвокаттар;

- кәсіби медиаторлар;

-азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Осылайша, егер сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жатпасаңыз, онда МЗЖ есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетінше толтыру мүмкін емес.

 

 

5) Мен өмірден озып кеткеннен кейін жинақтарым жай ғана "күйіп кетеді" деп алаңдаймын. Ал оны жалғыз ұлыма қалдырғым келеді. Айтыңызшы, адам қайтыс болғаннан кейін зейнетақы жинақтары не болады?

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның (бұдан әрі – заң) 31, 32 және 33-баптарында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады деп айқындалған.

          Бұдан басқа, заңның 50-бабы 5-тармағының ережелеріне сәйкес алушы, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді, ол республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, бірақ жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

          Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

           Төлем түріне, оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне (өзі келгенде/пошта байланысы құралдары/үшінші тұлға арқылы жүгінген кезде) байланысты қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініштер бланкілері және төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхаттар үлгілері, БЖЗҚ-мен байланыстар Қордың мына мекен-жайы бойынша орналасқан: www.enpf.kz.


Просмотров 1657

Тізімге оралу