"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

29.07.2022

БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі — зейнетақы шотынан үзінді көшірме беру

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында салымшылар мен алушыларға 18,4 миллиондай қызмет көрсетті. Оның ішінде 12,6 млн астам қызмет электрондық форматта, шамамен 4,4 млн – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, қашықтан алуда.

Жұртшылық өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйін бұрынғысынша мұқият зерделеуде. ЖЗШ-дан үзінді-көшірме 6 айда 15,5 млн-нан астам рет берілді (бұл барлық жүргізілген операциялардың 84%). Оның ішінде 12,6 млн үзінді көшірме электронды форматта – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе мобильді қосымша, сондай-ақ, egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы алынды. Ал БЖЗҚ дерекқорына енгізілген мекенжайға электрондық пошта арқылы ақпарат беру тәсілін таңдаған салымшылар мен алушыларға тағы 2,5 миллионнан астам үзінді көшірме автоматты түрде жіберілді.

Сонымен қатар, Жеке кабинетте өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алуға, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша өтініш беруге, төлемге өтініштің жағдайын қадағалауға және т.б. болады.

Жыл басынан бері уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге 1,4 млн-нан астам өтініш автоматты түрде қабылданды. Бұл БЖЗҚ-ның 2022 жылғы танымалдығы бойынша екінші қызметі.

2022 жылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару бойынша 2,5 мыңнан астам өтініш өңделді. Естеріңізге сала кетейік, өтінішті enpf.kz.сайындағы Жеке кабинетте электронды түрде беруге болады

Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу – өтінішсіз қызмет көрсету форматында жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасы электрондық форматында көрсетілген дербес деректер арқылы сәйкестендіріледі. Салымшының қолданыстағы құжатының деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, 2022 жылдың басынан шамамен 342,3 мың шот ашылды.

Кейбір қызметтерді алу үшін (мысалы, мұрагерлік бойынша немесе тұрақты тұруға шетелге кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу) құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет, оны пошта арқылы немесе жеке өзі не БЖЗҚ кеңсесінде сенім білдірілген адам арқылы ұсынуға болады. Мұнымен қатар, Қор мамандарына көзбе-көз жүгінуді әлі күнге дейін жөн көретін салымшылар да бар. Сондықтан жыл басынан бері БЖЗҚ бөлімшелері арқылы Қазақстан бойынша салымшылар мен алушыларға дәстүрлі түрде 792 мыңдай қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын жердегі бөлімшесін enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы оңай табуға болады.

БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері – мобильдік агенттер мен мобильдік кеңселердің экипаждары шамамен 41 мыңдай қызмет көрсетті. Барып қызмет көрсетуден бөлек БЖЗҚ еңбек ұжымдарында, кәсіпорындар мен ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан кәсіпорындар мен ұйымдарда 14,5 мыңнан астам таныстырылымдар өткізіліп, оларға 313 мыңнан астам адам қатысты.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде Қор салымшыларына зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы аясында 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ұлттық пошта операторының 376 пошта бөлімшесінде 6,5 мыңдай қызмет көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) хабарласып, сондай-ақ, enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber мессенджерлеріндегі чат-бот, БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы ақыл-кеңес ала алады. 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша салымшылар мен алушылардан түрлі байланыс арналары арқылы түскен 510 мыңнан астам өтініш өңделді. 

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pQBrGcxhh9o


Просмотров 3954

Тізімге оралу