"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

31.08.2022

2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – «Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жаңартылды.

Көрсетілген есептерге сәйкес, 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,7 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 656,00 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,06 млрд теңгеге жетті.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2022 жылдың 1 тамызында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

- БЖЗҚ ЗА портфеліндегі негізгі үлесті ағымдағы құны 6 000,60 млрд.теңгені құрайтын ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ алады. Олардың портфельдегі үлесі 43,94%. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 11,4%, АҚШ долларында – жылына 3,4% болды.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының ағымдағы құны 1 703,79 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,48%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,9%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 935,95 млрд теңге (6,85%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,4%.

- шетелдік банктердің мемлекеттік бағалы қағаздары 578,45 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 4,24%. Шетелдік банктердегі салымдарды өтеу болған жоқ.

- халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 395,46 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 2,90%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 9,70% болды.

- ҚР Ұлттық Банкіндегі депозиттердің ағымдағы құны есепті күнге 262,30 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 1,92%. Орташа алынған кірістілік жылына 13,21% құрады.

- өтімділік қосалқы қоржынындағы шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 257,63 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 1,89%. Есепті күнге БЖЗҚ ЗА портфеліндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 2,9% -ды құрады.

Бұдан бөдек, инвестициялық портфель құрылымында ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 260,34 млрд теңге (портфельдегі үлесі 1,91%), ҚР ЕДБ-дағы депозиттер 201,87 млрд теңге (1,48%), ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 16,14 млрд теңге (0,12%), PPN 11,47 млрд теңге (0,08%), шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары 6,13 млрд теңге (0,04%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 3,27 млрд теңге (0,02%).

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель былайша берілген:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,97%, АҚШ долларында – 30,95%, басқа валютада-зейнетақы активтері портфелінің 0,07% құрады.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бастап 519,54 млрд.теңгені құрады.

Геосаяси ахуалдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі, сондай-ақ дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуі аясында 2022 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 3,71% болды.

Бұл ретте 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы 31 шілдеге дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,24% - ды құрады.

Зейнетақы активтерін шоғырландыру аяқталған 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2022 жылғы шілде айының соңына дейінгі кезеңде жинақталған кірістілік 110,19% -ды құрады. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылына 9,68% - ға жетті.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – көрсеткіш бере алмайды, себебі нарықтық конъюнктураның үнемі өзгеріп отыруына байланысты.

Эмитенттерді көрсете отырып, ҚР ҰБ басқаруымен қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бар. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 9,06 млрд теңге.

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,05 млрд теңгені құрады. Олардан мыналар сатып алынды: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары олар 31,68%-ды, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат (26,38%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (17,30%), ҚРҰБ ноттары (портфельдің 15,01%), РЕПО (портфельдің 9,64%). Айта кетейік, портфельдің 63,14% - ы теңгемен, 36,86% - ы АҚШ долларымен берілген.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 1,26% болды.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 тамызында 2,56 млрд теңгені құрады. Қоржын құрылымында кері Репо (90 күнтізбелік күннен артық емес) 52,50%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 15,13% , ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 10,82% , шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 6,02%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 5,64%, МҚҰ 4,69%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары 4,43% болды. Шоттардағы ақша қаражаты 0,75%, өзге активтер 0,02%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 78,74%, АҚШ долларында - 21,26% құрады. "Halyk Global Markets" ақ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 01.01.2022 ж. бастап 01.08.2022 ж. дейін (-0,16%) құрады.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 1,49 млрд теңгені құрады. Олар ҚР Мемлекеттік облигацияларына 40,34%, пайларға (ETF индекстерге) 21,05%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 10,46%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 8,91%, МҚҰ облигациялары 6,09%, ҚР ЕДБ облигациялары 5,31%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары 5,09%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 2,68%, өзге активтер (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,07%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 69,77% – ы, АҚШ долларында 30,23% - ы инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «BCC Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бері 0,50% құрады.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 0,95 млрд теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға 54,21%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 18,74%, РЕПО 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 9,22%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 1,86% инвестицияланды. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 82,41%–ы, АҚШ долларында 17,59% - ы инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері 0,34% құрады.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.

Тақырып бойынша бейнетүсіндірме – сілтеме бойынша.


Просмотров 3893

Тізімге оралу