"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

02.02.2024

"Зейнет.kz" ақпараттық науқаны - ең үздік халықтық PR-жоба ретінде танылды

Баспасөз қызметінің өкілдері, жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар және қазақстандық компаниялардың PR-бөлімшелері, кәсіпорындар, қауымдастықтар, фрилансерлер және т. б. арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары жарияланды.

Байқауды Newsroom Media ақпараттық агенттігі, AB Digital қоғамдық қоры "PR ROOM" РR-қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты - Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қазақстандық мамандардың шығармашылық және креативті әлеуетін бағалау. Сайысқа қатысуға 55 өтінім берілді. Байқауға қатысқан жобалар авторлық өнім болып табылады және олардың барлығы 2023 жылы жүзеге асырылды.

Байқаудың қазылар алқасының мүшелері Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай "БЖЗҚ" АҚ өткізген "Зейнет.kz" ақпараттық науқанын жылдың үздік халықтық жобасы ретінде бағалады.

БЖЗҚ ұсынған жоба танымал ақпараттық-танымдық және сараптамалық "Зейнет.kz" телебағдарламамен аттас атауға ие болып, оның аясында халықты зейнетақымен қамсыздандырудың маңызды тақырыптары қозғалады.

Салымшылардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және басқару жөніндегі құқықтарының кеңеюі жағдайында қаржылық сауаттылық пен ақпараттандыру мәселелері қазақстандықтар үшін өте өзекті болды. Сондықтан БЖЗҚ жүзеге асырған жобалардың бірі –"Зейнет.kz" (Пенсия.KZ) телебағдарламасы аса танымал және халықтық сипат алды. Бағдарламада нақты ұсынымдар беріліп, қолжетімді және түсінікті негізде зейнетақы саласындағы жаңалықтар мен оқиғалар, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, қызу талқыға түсіп, енгізілетін бастамалар туралы баяндалады.

Қазақстандықтар зейнет жасына жеткенде ұтымды пайдалану үшін өз жинақтарын қалыптастыруға ширек ғасыр бойы қатысып келеді. Қалыптасу жолының жартысынан көбі өтті: жалпы цикл бір ұрпақтың еңбекке жарамды уақытына тең 40 жыл деп есептеледі.

"Зейнет.kz" (Пенсия.КЗ) жобасында, сондай-ақ, басқа да танымал теле- және радиобағдарламаларда отандастарымыздың көкейінде жүрген тақырыптар мен 2023 жылғы қыркүйекте әлемдік және қазақстандық жетекші сарапшылардың қатысуымен өткен «Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелде талқыланған зейнетақы жүйелерінің алдында тұрған міндеттер, оларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінде қолдана отырып шешу жолдары туралы репортаждар, сұхбаттар, материалдар мен бейнесюжеттер ұсынылды.

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру үшін ақпараттық бейнематериалдар (Қазақстанның зейнетақы жүйесі, зейнетақы қызметтерін цифрландыру, БЖЗҚ қызметі) әзірленді. Халықаралық дөңгелек үстел аясындағы басқосудың сайты ашылып, баспада басылып, эфирге шыққан 300-ден астам жарияланымдар мен сюжеттерге негіз болған ақпараттық материалдар дайындалып, БАҚ-қа жіберілді, 8 негізгі қазақстандық медиа-серіктестермен өзара ынтымақтастық негізінде әріптестік орнатылды. Халықаралық дөңгелек үстелдің тікелей бейнетаралымы өткізілді. Тәуелсіз қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті сұхбаттары БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында жарияланды.

Осылайша, бүкіл еліміз бойынша және шетелдегі миллиондаған азаматтарды қамтыған БЖЗҚ аудиториясының ыстық ілтипатына ие болған "Зейнет.kz" (Пенсия. кз) ауқымды іс-шаралар кешені жылдың ең үздік халықтық жобасы деп танылды. Жоба шеңберіндегі барлық материалдарды БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан тамашалай аласыздар.


Просмотров 1418

Тізімге оралу