"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

12.03.2024

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың бірінші айында жас буын отандастарымыз мақсатты жинақтарын қалай пайдаланды?

2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балалар арасында бөлінеді.

НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеуге арналған. НЖШ-ға аударылғаннан кейін қаражат АҚШ долларында сақталады. 2024 жылы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар өздерінің нысаналы жинақтарын көрсетілген мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады.

Бағдарлама іске асырыла бастаған алғашқы айда 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 42 078,34 АҚШ долларын құрайтын 422 өтініш орындалды (БЖЗҚ уәкілетті операторға өтініш берушілердің банктік шоттарына есесптеу үшін аударды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 16 016,04 АҚШ долларына 162 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 26 062,30 АҚШ долларына 260 өтініш орындалды.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту

Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды таңдағандар арасында ең белсенді болған Шымкент қаласының тұрғындары (2 108,84 АҚШ долларына 21 өтініш орындалды), екінші орында – Алматы қаласының тұрғындары (1 707,28 АҚШ долларына 17 өтініш орындалды), үшінші орында – Абай облысының тұрғындары (1 406,24 АҚШ долларына 14 өтініш орындалды).

Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ салымындағы ақшасын толықтыру (13 105,12 АҚШ долларына 133 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) - 1 105,20 АҚШ доллары, үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша 602,08 АҚШ доллары мөлшерінде бастапқы жарна енгізілді.

Білім алу ақысын төлеу

Қаражатты білім беру ақысын төлеу үшін пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар ­- тағы да Шымкент қаласының тұрғындары (5 422,86 АҚШ долларына 54 өтініш орындалды), екінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (3 111,96 АҚШ долларына 31 өтініш орындалды), үшінші орында – Алматы қаласының тұрғындары (2 709,88 АҚШ долларына 27 өтініш орындалды).

Осы бағыт бойынша ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бүкіл оқу мерзімі үшін бір мезгілде толық көлемде ақы төлемін жасауды ерекше атап өтуге болады. Бұл ретте 21 240,98 АҚШ долларына 212 өтініш орындалды. Танымалдығы бойынша екінші орында - білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (2 813 АҚШ долларына 28 өтініш орындалды), үшінші орында - шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бүкіл оқу мерзімі үшін бір мезгілде толық көлемде ақы төлеу (1 104,68 АҚШ долларына 11 өтініш орындалды).

Естеріңізге сала кетейік, бұл тек алғашқы есептелген қаражат. Жыл сайын Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық табыс алу есебінен оның мөлшері ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық табыс әкеледі.

   Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024 ж. - 6 919 131 бала (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар). Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшерінде бірдей мақсатты талаптар сомасы есептелгені белгілі. 

  Баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне қосылғаны туралы ақпаратты ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер kids.enpf.kz сайты арқылы баланың ЖСН нөмірі бойынша тексере алады. Мұнда сонымен бірге Бағдарлама шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулық алып, қызықтырған сауалдарға жауап ала аласыз.   

Сондай-ақ, әр балаға есептелген қаражат туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетіне кіріп, тексере алады.

18 жасқа 2024 жылы толатын отандастарымыз нысаналы жинақтау шотына түскен қаржысын БЖЗҚ-ның интернет ресурсындағы Жеке кабинеті және (немесе) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өз беттерінше тексере алады.

  Балалардың жасы және республика өңірлері бөлінісі бойынша жасалған есептеулерге қатысты статистикалық есептер enpf.kz сайтына орналастырылады.  

  Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатына берілетін нысаналы талаптардың төлемдері туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі егжей-тегжейлі ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.  


Просмотров 3153

Тізімге оралу