"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

05.04.2024

"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асырудың алғашқы 2 айындағы жас қазақстандықтардың нысаналы жинақтарын пайдалану нәтижелері

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады (БЖЗҚ өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторға аударды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 78 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.

Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы екенін ескерген жөн. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтарға БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары-балалар арасында бөлінеді.

НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеуге арналған. НЖШ-ге қаражат аударылғаннан кейін ол АҚШ долларында сақталады. 2024 жылы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар өздерінің нысаналы жинақтарын көрсетілген мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады.

Тұрғын үйді жақсарту

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қаражатты пайдалануды қалағандар арасында ең белсендісі Шымкент қаласының тұрғындары (10 451,48 АҚШ доллары сомасына 104 өтініш орындалды), екінші орында – Қызылорда облысының тұрғындары (9 547,32 АҚШ доллары сомасына 95 өтініш орындалды), үшінші орында – Астана қаласының тұрғындары (8 750,56 АҚШ доллары сомасына 88 өтініш орындалды).

Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымды толықтыру (72 671,00 АҚШ доллары сомасына 727 өтініш орындалды), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 2 109,88 АҚШ доллары сомасына 21 өтініш, ипотекалық тұрғын үй алу үшін бастапқы жарнаны енгізу- 1 305,72 АҚШ доллары сомасына 13 өтініш.

Білім беру ақысын төлеу

Білім беру ақысын төлеу үшін қаражатты пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар Шымкент қаласының тұрғындары (23 232,34 АҚШ доллары сомасына 232 өтініш орындалды), екінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (12 290,28 АҚШ доллары сомасына 123 өтініш орындалды), үшінші орында – Жамбыл облысының тұрғындары (8 724,84 АҚШ доллары сомасына 87 өтініш орындалды).

Осы бағыт бойынша ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуді бөліп көрсетуге болады. Бұл ретте 99 160,18 АҚШ доллары сомасына 991 өтініш орындалды. Танымалдығы бойынша екінші орында - білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (15 544,60 АҚШ доллары сомасына 155 өтініш орындалды), үшінші орында - шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (3 911,44 АҚШ доллары сомасына 39 өтініш орындалды).

Естеріңізге сала кетейік, бұл тек алғашқы есептеулер, сома көлемі жыл сайын Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық табыс алу есебінен ұлғаяды. Бұдан басқа, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастыруда және ол Бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық табыс әкелетін болады.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024 ж. - 6 919 131 бала (01.01.2006 ж.бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар). Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талаптар сомасы есептелген.  

Баланы нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізу туралы ақпаратты ата аналар немесе кәмелетке толмаған тұлғаның басқа да заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша тексере алады. Мұнда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауаптар алуға да болады.

Сондай-ақ, әрбір балаға есептеулер туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы жеке кабинетте де тексере алады.

2024 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтарға БЖЗҚ интернет-ресурсында және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинет арқылы НЖШ-ға қаражаттың түсуін өз беттерінше тексеруге де мүмкіндік берілген.         

Республиканың жас мөлшері, өңірлері бөлінісінде есептеулер бойынша статистикалық есептер enpf.kz сайтында орналастырылады.

 Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісінде білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды төлеу туралы толық ақпаратпен enpf.kz сайттында танысуға болады.


Просмотров 3960

Тізімге оралу