Жаңалықтар
"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Амангелді
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Аса
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атасу
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Бадамша
  • Бақанас
  • Балкашино
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Бескөл
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Ботакара
  • Булаево
  • Ганюшкино
  • Глубокое
  • Денисовка
  • Державинск
  • Егіндікөл
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Затобольск
  • Зеренді
  • Индер
  • Ырғыз
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қамысты
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарамеңді
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауыл
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Кішкенекөл
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көктөбе
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қорғалжың
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Құрық
  • Қызылорда
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Мамлютка
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Мойынқұм
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Переметное
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Приозерск
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкемер
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Смирново
  • Степногорск
  • Степняк
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тимирязев
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Обаған
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Ойыл
  • Үлкен Нарын
  • Ұлытау
  • Орал
  • Ұржар
  • Успенка
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка к.
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

23.11.2018

Зейнетақыны жастық шақтан жоспарла

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша әр түрлі шаралар өткізу жұмыстарын жалғастыруда. Мақсат – отандастарымыздың арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін қалыптастыру. Бұл жұмыстар отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығына арналған шаралар аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте ең алдымен, биыл сәуір айында Қордың дербес кеңес беру қызметін іске қосқандығын атап өткен жөн. Мұнда зейнетақы калькуляторы пайдаланылады.

Әрине, еліміздің зейнетақы жүйесін, оның құрылымын толық түсінбей жатып болашақ зейнетақыны жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан БЖЗҚ, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағынының бірыңғай операторы ретінде әр түрлі байланыс арналары арқылы  маңызды, шынайы ақпаратты әрбір азаматқа жеткізуге күш салуда. Бұл ретте экономикалық тұрғыда белсенді халыққа ғана емес, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан өскелең ұрпаққа да жіті көңіл бөлінеді. Өйткені, олар үшін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін ерте бастан білген өте маңызды.

2018 жылдың 20 қарашасында Қордың барлық филиалдарында «Барлық салымшылар үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні шарасы ұйымдастырылды. Оған алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен студенттер шақырылды. Сондай-ақ, БЖЗҚ басшылығы ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізуді жоспарлаған болатын. Осыған орай алғашқы үш кездесу өткізілді.

22 қарашада «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Жанара Төлегенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ.) студенттерімен кездессе, Қордың Басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Алматы қ.) студенттерімен кездесіп, зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша қызықты әңгіме жүргізіп, болашақ жас мамандардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. 23 қарашада «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Спикерлер өз сөзінде студенттер үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекше маңызға ие екендігін жеткізді. Өйткені, жастардың болашақ жиынтық зейнетақысы жарналардың Қорға тұрақты аударылуына тікелей байланысты болады.  Сонымен қатар Қор басшылығы зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер және зейнетақы капиталын көбейту жолдары туралы әңгімеледі. Осылайша студенттер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерімен жақын танысты. Кездесу барысында көтерілген тақырыптар жастардың қызығушылығын туғызды. Көпшілігін Қор мен салымшылар арасындағы байланыс арналары, сондай-ақ, зейнетақы қызметтерін қашықтықтан алу мүмкіндіктері қызықтырды. Ал жұмыс істеуші студенттер азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алған табыстан міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер жастарға зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мәселесі туралы еңбек жолының басында ойлауына септігін тигізетіндігі сөзсіз.

Жыл соңына дейін тағы жеті университетте осындай кездесулер өткізілмек. 26 қарашада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде кездесулер өткізіледі. Сонымен қатар осындай кездесулер 28 және 30 қарашада Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде жалғаспақ. Ал желтоқсан айында мұндай кездесулер Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылады.


Просмотров 356

Тізімге оралу