"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

31.01.2022

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қандай құралдарға салынды? 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы  зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 046,57 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,5 млрд теңгеге жетті.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2021 жылы есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,4 трлн теңгені құрады.

Зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2022 жылдың 1 қаңтарында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

 - ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 104,82 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 39,13%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің  МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,4%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4%.

- шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 2 500,81 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 19,17%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 1,2%. 

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 670,05 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,80%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 1 046,62 млрд теңгеге (8,02%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,0%. 

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

         - ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,22%, АҚШ долларында – 32,71%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.         

          ҚРҰБ алған, жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

-     бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 873,20 млрд теңге;

-     бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 146,57 млрд теңге;

-     шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 68,32 млрд теңге;

-     сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 140,97 млрд теңге;

-     өзге де кірістер 169,79 млрд теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылы 1 398,85 млрд теңге болды. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,40%  болған кезде 11,13% жетті. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2,73% көрсетті.

Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 7,5 млрд теңге.  

"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,43 млрд теңгені құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдің 33,42%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары ( 24,45%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (15,07%), Репо – 16,64% сатып алынды, инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер – 10,42%. Портфельдің 65,22% теңгемен, 34,78% АҚШ долларында. 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 2021 жылдың 15 наурызынан бері) 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық табыс мөлшері 139,29 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 8,08%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.  

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қаңтарында 2,06 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында кері РЕПО операциялары 43,33%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (14,39%), ETF пайлары (13,99%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (8,75%), ЕДБ облигациялары (7,54%), ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары (6,10%), ХҚҰ (5,83%), шоттардағы ақша қаражаты (0,05%) мен басқа да активтер (0,02%) бар. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 77,21%, АҚШ долларында 22,79%.  

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 15.03.2021 жылдан бері) 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 112,79 млн.теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 8,41% жетті.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1,22 млрд теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (25,48%), кері РЕПО операцияларына (20,79%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (17,04%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (9,91%), ХҚҰ облигацияларына (8,00%), ҚР ЕДБ облигацияларына (6,94%), ҚР  резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына (6,85%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (4,96%), өзге де активтерге (0,04%) бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,82%, АҚШ долларында 40,18%  инвестицияланған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 15.03.2021 жылдан бері) 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 74,51 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 8,37%.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 809,46 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (69,29%), РЕПО (15,70%),   ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (14,73%), инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына (0,27%) инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан (қызмет басталған 01.04.2021 жылдан бері)  1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 46,72 млн.теңгені құрады. Ззейнетақы активтерінің кірістілігі 9,37% болды.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткіштер» қосымша бетінде «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне қысқаша шолу» бөлімі бар. Онда инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша жалпы ақпарат берілген. 


Просмотров 4691

Тізімге оралу