"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

29.12.2022

Зейнетақы қызметтері – онлайн тәртібінде

Салымшылар мен алушылардың 12 млн-нан астам шотына 14,4 трлн теңгені есепке алуды жүзеге асыра отырып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры іс жүзінде барлық операцияларды цифрлық форматқа ауыстырды. Қызметтердің шамамен 93% халыққа онлайн немесе автоматты режимде көрсетіледі.

2022 жылдың 11 айында БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша 28,3 млн операция жүргізді. Оның ішінде 19,5 млн – электронды форматта, 6,7 млн – автоматты режимде.

БЖЗҚ-ның ең сұранысқа ие қызметі зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу болып қала береді. Зейнетақы шотынан 24,6 млн-нан астам үзінді көшірме салымшылар мен алушыларға қаңтардан қарашаға дейін берілді. Үзінді көшірмелердің шамамен 80% электрондық форматта ұсынылған.

БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте өз жинақтары туралы мәліметтерді алудан басқа, олар туралы хабарлау тәсілін таңдауға, жеке деректемелерін өзгертуге, жинақтар туралы хабарлау тәсілін таңдауға, жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеуді жасауға болады.

Алғашқы жарна аударылғанда жарналардың барлық түрлері бойынша зейнетақы шоттары автоматты режимде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырмасында көрсетілген салымшының дербес деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Ал БЖЗҚ өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Жыл басынан бері осылайша 536 275 жеке зейнетақы шоты ашылды.

БЖЗҚ кеңес беру қызметтерінің сапасына ерекше көңіл бөледі. Салымшылар мен алушылар өздеріне қажетті ақпаратты 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) байланыс орталығы, www.enpf.kz корпоративтік сайты, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасы, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Сыныптастар әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары сияқты әртүрлі арналар арқылы біле алады. Жыл басынан бері Қор мамандары әртүрлі кері байланыс арналары арқылы келіп түскен 765 мыңға жуық өтінішті өңдеді.

Алайда, БЖЗҚ кеңселеріне өздері баруды қалайтын салымшылар мен алушылар да бар. Жыл басынан 1 желтоқсанға дейін күндізгі қызмет көрсету барысында 1,4 млн-ға жуық қызмет орындалды. Оның 1,3 млн-ы Қор бөлімшелерінде іске асырылды. Естеріңізге сала кетейік, сізге жақын Қор филиалының мекенжайын enpf.kz сайтында немесе БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында оңай нақтылауға болады.

БЖЗҚ-ның көшпелі қызмет көрсету бөлімдері де белсенді жұмыс істейді. Олар 106,7 мыңнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 13,1 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға ұсынылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде 30,4 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізілді. Оның барысында 658 мыңнан астам адам жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат және жеке ақыл-кеңес алды.


Просмотров 2621

Тізімге оралу