"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

17.02.2023

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

Егер азамат зейнетке шығып, төлем ала бастаған болса, оның БЖЗҚ-дағы жинақтарының инвестициялануы тоқтап қалмай ма?

Салымшы зейнет жасына толғаннан кейін салымшының жеке зейнетақы шотына соған дейін түскен барлық ақша, оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ, сондай-ақ оларға есептелген инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер бұрынғысынша оның зейнетақы активтерінің бір бөлігі болып есептеледі және оны " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі инвестициялайтын болады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте, ұялы қосымшада немесе электрондық үкімет порталында өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. Зейнетақы активтері қандай қаржы құралдарына орналастырылғаны туралы мәліметтер БЖЗҚ сайтындағы "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

 

Бірде досымның кеңесі бойынша зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін сақтандыру компаниясына аудардым. Мен оларды БЖЗҚ-ға қайтара аламын ба?

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 12.07.2022 ж. № 138-VII Заңымен нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

12.09.2022 ж. бастап күшіне енген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ЗАШ (бұдан әрі – ЗАШ) жасасқан адамдар оны жасасқан күннен бастап кемінде екі жылдан кейін ғана сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шартының талаптарына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару бойынша өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл өзгерістердің әрекеті 12.09.2022 ж. дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады. БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы оған өзгерістер енгізілген күнгі ЗАШ бойынша сатып алу сомасы мен ЗАШ-қа өзгерістер енгізілген күнгі заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең. Заңның 59-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері ЗАШ жасасқан күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің (зейнетақы аннуитеті шартын екі тұлға жасаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшерінен) 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.

Сатып алу сомасын БЖЗҚ-ға ЗАШ бойынша аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 73 қаулысымен бекітілген, қолданысқа 08.11.2022 ж. бастап енгізілген сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларының ережелерімен айқындалған. Оған сәйкес жөнелтуші сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қайтарылуы тиіс ақшаны БЖЗҚ-ға аударуға міндетті. Ал Қор өз кезегінде, БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен салымшының (салымшылардың) және (немесе) алушының (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына 5 (бес) жұмыс күні ішінде есепке алуы тиіс.

Осылайша, сіз ЗАШ жасалған сақтандыру ұйымына өтінішпен жүгінуге және егер бар болса, БЖЗҚ-ға ЗАШ-тың ең төменгі құнынан асатын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға құқылысыз.

 

Қазір біздің зейнетақы жинақтарымыздың "жоғалып кетуі"мүмкін екендігі туралы әңгімелер өте көп. Мен осыған алаңдаймын, сондықтан зейнетақы жинақтарымның сақталуына қандай кепілдіктер бар екенін білгім келеді?

Қазақстан – зейнетке шыққан кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел.

"ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (5-бап) алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы кірістілік жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі инфляция деңгейіне қатысты есептеледі. Егер осы уақыт ішінде зейнетақы жинақтарының кірістілігі инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді. Сондықтан салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғанына сенімді бола аласыз. Бұл қаржы нарықтарындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық табысқа қатысты жағдайдың қалыптасуына байланысты емес.

Салымшылар мемлекеттің кепілдігі бойынша төлем алу құқығын зейнет жасына толған кезде алады. Бұдан басқа, бұл құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, мұрагерлер ие болады.

 

2021 жылы зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен тыс бір бөлігін алып алдым. Биыл тағы да алуыма бола ма?

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабының 1-1-тармағының және 32-бабының 1-1-тармағының (бұдан әрі – Заң) ережелеріне сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуге ақы төлеуі үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығымен БЖЗҚ – да міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төменде көрсетілген тұлғалар пайдалана алады:

1) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының (бұдан әрі – ТЖШ) ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын тұлғалар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен ТЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;

2) зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын, алушының алмастыру коэффициентін орташа айлық табысының 40 пайыздан төмен емес деңгейінде қамтамасыз ете алатын адамдар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жандар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.

Заңнаманың жоғарыда көрсетілген талаптарына сәйкес келген жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерін салымшы (алушы) қол жетімді сома шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

Осылайша, МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға болатын қолжетімді сомасының бар-жоғын БЖЗҚ не электрондық үкіметтің сайтында немесе ұялы қосымшада 24/7 тәртібінде тексеруге болады.

 

Зейнетақы жинақтарын үнемі тексеріп отыру қажеттілігі бар ма және оны қалай жасауға болады?

БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін қадағалауды, оның ішінде БЖЗҚ-дағы сіздің ЖЗШ-ға зейнетақы жарналарының/БЗТ-ның уақытылы аударылуына/түсуіне тұрақты түрде назар аударуға кеңес береді. Өкінішке орай, жұмыс беруші өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар бар. Сондықтан өз ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйін жүйелі түрде тексеру артық болмайды.

ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу – салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы. Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты төменде көрсетілген әдістер арқылы біле аласыз:

·      электрондық:

БЖЗҚ/ЕНПФ не электрондық үкіметтің (egov.kz) сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;

     БЖЗҚ-да ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы;

·      тікелей БЖЗҚ кеңсесіне келіп, жеке өтініш жасаған кезде;

·      пошта байланысы қызметтері арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, салымшы (алушы) 10 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабарлауы қажет.


Просмотров 2442

Тізімге оралу