"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

17.02.2023

Жинақтау, сақтау және үстемелеу!

Жасыратыны жоқ, көптеген азаматтарымыз әлі күнге дейін зейнетақы жарналарына міндетті, бірақ «көзбен көріп, қолға ұстай алмайтын» төлем ретінде қарайды. Тіпті «қаржымыз тұтастай жоғалып кетті, біреу зейнетақы жинақтарын иемденіп алды» және тағы басқа да көптеген үрейге бой алдырып, орынсыз күмәнға беріліп жатады. Мұндай салғырттық пен жағымсыз болжамдар қайдан пайда болды? 90-шы жылдары дефолтқа ұшыраған, банктердегі жинақталған қаражатынан айрылып, қаржылық күйзелістерге ұшыраған аға буынның мұндай ойға берілуі орынды да шығар.. Ал жастар ше? Олар көпшілікті қолдап немесе білместікпен күмәнданатын сияқты. Біз бұлай уайымдаудың қаншалықты орынды екенін зерттеп көрдік...

Бірінші кезекте мен "заң қағидасына" жүгініп, "БЖЗҚ" АҚ Зейнетақы қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Мадина Сыздықоваға түсініктеме беруін сұрадым.

- "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында (бұдан әрі мәтін бойынша - Заң) жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне құқықтары Заңда көзделген заттық құқықтар санатына жататыны және тек заңда айқындалған мақсаттарға, оның ішінде зейнетақы төлемдерін, соның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға ғана пайдаланылуы мүмкін екендігі жазылған. Өтінемін, халыққа қарапайым және түсінікті тілде айтып беріңізші.    

- Егер "қарапайым" тілмен айтсақ, зейнетақы жинақтары – бұл салымшының меншігі және МЗЖ, МКЗЖ-ның сақталуына мемлекет кепілдік береді. Қазақстан азаматтардың МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел болып табылады. Қазақстандық жинақтаушы жүйе жоғарыда аталған Заңның 5-бабына сәйкес алушыларға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы туындаған сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты аударылған МЗЖ, МКЗЖ-ның нақты мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Басқаша айтқанда, адам зейнет жасына толғанда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескергенде, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан аз болып қалса, онда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (Мемлекеттік корпорация) айырманы төлеу сомасын есептеп, алушының банктік шотына аударады.

- Демек, зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты алаңдаушылық бекер деп сенімді түрде айта аламыз ғой? Олардың сенімді қорғалғанына күмән тудыру негізсіз және оның қаржы нарықтарындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық табысқа қатысты жағдайдың қалыптасуына еш тәуелділігі жоқ қой? Ал осы меншікті пайдалану құқығы қашан пайда болады?

- Біз осыған дейін атап өткендей, зейнетақы активтері заттық құқықтар санатына жатады. Зейнетақы төлемдеріне құқық Заңда белгіленген шарттарда ғана пайда болады. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері түрінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бір рет, біржолата беріледі.

Кесте бойынша төлемдер, ең алдымен, зейнет жасына толған кезде (ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас) немесе мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда тағайындалады. Бұл ретте, егер алушының төлем алуға өтініш берген күніне аталған тұлғалардың зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет, біржолғы төлем ретінде беріледі (2023 жылы бұл сома 636 912 теңгеге (12 * 53 076 теңге) тең).

- Зейнетақы жинағымды зейнет жасына толғанға дейін пайдалана аламын ба?

- БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнет жасына дейін кесте бойынша алу құқығына, жоғарыда айтылғандай, мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар ие.

            Сондай-ақ, зейнет жасына жеткенге дейін өз зейнетақы жинақтарын МЗЖ, МКЗЖ есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылатын біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде, атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) өз пайдасына емделуге ақы төлеу мақсатында немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының есебінен пайдалануға болады. Ол үшін төмендегі шарттардың біреуінің болуы тиіс, яғни:

ü егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асып кетсе;

ü егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін ай сайынғы қамту сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін, алушының орташа айлық табысының 40 пайыздан төмен емес деңгейіндегі алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе;

ü егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылады.

2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтар өздерінің МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқылы. Бірақ бұл зейнетақы жинақтарын алу, яғни оны зейнетақы жүйесінен шығару емес. Қайта ИПБ-ның инвестициялық стратегиясын таңдау арқылы өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялық басқаруға қатысу мүмкіндігі екенін түсіндіріп өткім келеді.

- Ал егер адам Қазақстаннан мүлдем кеткісі келсе, оның зейнетақы жинақтары не болады?

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері бір рет, біржолата жүзеге асырылады. Бірақ ол үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу рәсімінен толық өту қажет. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан төлем алу үшін Қорға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен құжаттардың тізбесін ұсыну керек.   

- Ал салымшы қайтыс болып кетсе, оның жинағы кімдерге беріледі?

- Алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына толмаған адам қайтыс болған жағдайда, бірінші кезекте, қайтыс болған адамның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді ресімдеу үшін БЖЗҚ-ға жүгіну қажет. Бұл сома республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшеріне тең (2023 жылы ол – 180 780 теңге), бірақ ЖЗШ-да бар зейнетақы жинақтарынан аспауы тиіс.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса (2023 жылы – 53 076 тг), бұл қалдық жерлеуге арналған төлеммен бірге беріледі.

Бұдан әрі БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның мұрагерлеріне, сондай-ақ, сот актісі бойынша иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарына үміткер ретінде жүгінген адамдарға БЖЗҚ-дан төлем бір рет, біржолата жүзеге асырылады.

- Әңгімемізді қайғылы тақырыппен аяқтағым келмейді. Біздің салымшымыз тірі, дені сау, зейнеткерлік жасқа дейін дін аман жетті делік. Зейнетақы төлемдерін алу үшін қайда жүгінуге болады?

- Зейнет жасына толған адамға Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгініп, сол жерде мемлекеттен (базалық және ортақ) және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін алуға бір ғана өтініш беруі қажет. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын аударады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушының жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде Мемлекеттік корпорацияға бұрын ұсынған банк шоттарына аударады.

- Жақсы, бәрі түсінікті. Әңгімеңізге рахмет, Мадина! Енді мен зейнетақы жинақтарымның мені зейнет жасына дейін күтіп қана қоймай, сонымен қатар көбейетініне сенімдімін! Қария шағымды сабырмен күтуге дайынмын! Барлық оқырмандарымызға да соны тілеймін!

   

Авторы Бақыт Оспанов


Просмотров 2308

Тізімге оралу