"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

24.08.2023

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2023 жылғы 1 тамыздағы негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жылда 20% өсті

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 16,4 трлн теңге болды. Бір жыл ішінде ол 2,7 трлн теңгеге немесе 20% өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 19,5% ұлғайып, 2023 жылғы 1 тамызда 15,8 трлн теңгеге жетті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары шамамен 517 млрд теңге, бір жылда 27,8% көбейді.

Ең үлкен өсім – 57,8% нәтижені ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақталған қаражат көрсетті. Ол 2023 жылғы 01 тамызда шамамен 4,5 млрд теңге болды.

Бір жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ есебінен жинақтардың орташа мөлшері – 1 438,5 мың теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,1% артық. Есепте барлық салымшылардың, яғни жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жаңадан кіргендердің де, жүйеге 25 жыл бойына жарна аударып келгендердің де жеке зейнетақы шоттары ескерілді. Жинақ сомасына салымшының табысына тәуелді жарнаның жүйелілігі мен сомасы үлкен әсер етеді.

Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен қалыптасады. Бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы зейнетақы жарналары 1 198,4 млрд теңге болды. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% артық: өсімді МЗЖ (ЖЗШ-ға 1 142,3 млрд теңге түскен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 26%), МКЗЖ (54,82 млрд теңге, өсім 26%) көрсетті. ЕЗЖ көлемі 1265 млн теңге.

2023 жылғы қаңтар-шілде айларындағы таза инвестициялық кіріс – 760,9 млрд теңге.

БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары жыл басынан бері шамамен 286,2 млрд теңге болды. Бұл соманың басым бөлігі – шамамен 132 млрд теңге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЖТ) тұрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 85% төмендеді.

Зейнет жасына байланысты төлемдер – шамамен 83,3 млрд теңге.

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 30,04 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 22,4 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға берілген төлемдер – 1,6 млрд теңге, жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 13,3 млрд теңге аударылды.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 122 теңге болса, ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 742 692 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 29 812 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 707 326 теңге болған еді.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қордағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,22 млн бірлікке жетті. Оның ішінде 11,02 млн. жеке шот міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Ал МКЗЖ бойынша шоттар саны – 621 353 бірлікке тең. 381 774 шот ерікті зейнетақы жарналарының есебі бойынша ашылған.

Зейнетақы активтері, оның ішінде еліміздің өңірлері бөлінісі бойынша статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.


Просмотров 2041

Тізімге оралу