"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

25.08.2023

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы есеп берді

2023 жылғы 1 тамызға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері.

 enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 16 375,9 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 16 366,61 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,29 млрд теңге.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

       2023 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 49,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,42%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,34%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,45%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,26%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,10%.

     Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,36%, АҚШ долларында – 29,62%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,03%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 817,21 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 62,53 млрд теңге, өзге кірістер – 2,58 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау 100,02 млрд теңге мөлшерінде шығын әкелді. Бұл тұрақсыз геосаяси жағдайдың, жаһандық қаржы нарықтарындағы жоғары құбылмалылықтың және инфляцияның биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа әсерін растайды. Алайда, инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс оң сипатқа ие және оның мөлшері 01.08.2023 ж. жағдай бойынша жыл басынан бері 782,30 млрд теңге.

  Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың 7 айында 5,01% көрсетті.

    Бұл ретте 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы шілдеге дейін) 7,89% болды.

  Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етіледі.

  ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Атап кететін жәйт, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.


Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 9,29 млрд теңге.

    01.08.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,93 млрд теңге болды.

        Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 36,33%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 30,81%, ҚРҰБ ноттары – 17,51%; РЕПО – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,82%. Атап кетейік, портфельдің 62,32% теңгемен; 37,68% – АҚШ долларымен ұсынылған.

  Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 301,62 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 7 айындағы кірістілігі – 7,21%.

     "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

   01.08.2023 ж.жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,42 млрд теңге.

         Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 35,35%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 21,43%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 16,99%; МҚҰ облигациялары – 11,43%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 7,3%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,13%, АҚШ долларымен 24,87% құрады.

          Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 260,03 млн теңге. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 7 айындағы кірістілігі – 9,93%.

          "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

          "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,43 млрд теңге.

          Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – 34,39%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,50%; пайлар (индекстерге ETF) – 13,56%; ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,54%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 4,02%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,97%, АҚШ долларымен – 24,03% инвестицияланды.

       Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 119,33 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің ағымдағы жылдың 7 айындағы кірістілігі – 7,85%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі кері репо операциялары бойынша сыйақыдан және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түсті.

    "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.

   2023 жылдың 1 тамызындағы "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 891,86 млн теңге.

  Активтердің 59,25%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 10,89%; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 10,82%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 9,54%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,02%, АҚШ долларымен 24,98% инвестицияланды.

     Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыс мөлшері 59,85 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 5,95%.

    "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 629,03 млн теңге.

Портфель құрылымындағы инвестициялар мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 78,58%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,07%, ҚР ҚМ МБҚ – 3,56%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 3,31%, МҚҰ – 2,83%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,10%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 94,44%, евро валютасында – 1,36%, АҚШ долларында – 4,21% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 17,53 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың 7 айында – 8,71%.

"Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

        Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 01 шілдедегі №62 қаулысымен бекітілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығына негізделе отырып есептеледі.

       Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшыларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі бар. Бұл ретте ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді және басқарушы компанияны таңдау құқығы салымшыға беріледі. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемде бере алады.


Просмотров 2702

Тізімге оралу