"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

15.09.2023

БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте жаңа функциялар пайда болды

"БЖЗҚ" АҚ енді өзектілігі төмендеп бара жатқан пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілдерінен бас тарту үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың және хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қоюдың қажеті жоқ екенін хабарлайды.

Хабарлаудың бұл тәсілдерінен бас тарту үшін енді БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру жеткілікті.

Оны қалай істеуге болатынын түсіндіріп берейік:

· БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру кезіндегі авторланудан өткеннен кейін салымшының (алушының) "Пошта байланысы қызметтері арқылы" және (немесе) "Электрондық пошта арқылы" белсенді хабарлау тәсілдерінің бар-жоғын жүйе автоматты түрде тексереді.

· Жоғарыда көрсетілген хабарлау тәсілдерінің екеуі де, не біреуі ғана болған жағдайда салымшыға (алушыға): "Сізге "БЖЗҚ" АҚ Жеке кабинеті (веб-сайт немесе ұялы қосымшадағы) арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға рұқсат берілуіне байланысты Сіз "БЖЗҚ" АҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты бұрын өзіңіз таңдаған "Пошта байланысы арқылы" және (немесе) "Электрондық пошта арқылы" тәсілімен (тәсілдерімен) таратуынан бас тарта аласыз" деген хабарлама шығарылады.

· Келіскен жағдайда салымшының (алушының) БЖЗҚ дерекқорындағы ұялы телефон нөміріне жіберілетін SMS-код арқылы бас тартуды растау мүмкіндігі беріледі.

· БЖЗҚ дерекқорындағы телефон нөмірі өзекті болмаған жағдайда, БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде сақталатын SMS-кодты алу үшін басқа ұялы телефон нөмірін көрсету мүмкіндігі бар.

Жеке кабинетте хабарлаудың ескірген тәсілдерінен бас тартқан кезде салымшыға өзінің зейнетақы жинақтарын тексеру және бақылауды бұрынғыдай Жеке кабинет арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар әрбір салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Жеке кабинет арқылы 24/7 режимінде:

- enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасы;

- egov.kz электрондық үкіметі порталы арқылы ала алады.

Сондай-ақ, салымшылар (алушылар) ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу үшін тікелей БЖЗҚ кеңселеріне жүгіне алады. Бұған қоса, үзінді көшірмені таңдалған кестеге сәйкес электрондық пошта арқылы, егер олар бұрын хабарлаудың осы тәсілдерін таңдаған болса, пошта байланысы қызметтері арқылы (жылына 1 рет) алуды жалғастыруға болады.  

Сонымен қатар, заңнаманың ережелеріне сәйкес салымшылар (алушылар) БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы (оның ішінде электрондық мекенжай, телефон нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, банк деректемелері) Қорға осындай өзгерістер орын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті екендігіне назар аударамыз. Хабарлау мүмкіндігі БЖЗҚ интернет-ресурстарындағы Жеке кабинет арқылы да, Қор кеңсесіне жүгіну арқылы да қолжетімді.

Айта кетейік, БЖЗҚ қызметтерінің 92% онлайн режимінде көрсетіледі. Қашықтықтан көрсетілетін сандық сервистердің қарқынды дамуы нәтижесінде интернет-хабарландыру ең ыңғайлы және жедел формат ретінде танымал болып келеді.

БЖЗҚ салымшыларының көпшілігі Қор қызметтерін ресми сайт немесе БЖЗҚ-ның ыңғайлы функционалдық ұялы қосымшасын пайдалана отырып, смартфондар немесе планшеттер арқылы алады. Ол Google Play немесе AppStore немесе Huawei AppGallery арқылы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді..

Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Жеке кабинет арқылы онлайн режимде алу тәсілдері тұрғылықты мекенжайына қарамастан әлемнің кез келген нүктесінде отырып, қажетті ақпаратқа тәулік бойы қол жеткізуге, ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарын көбейту бойынша нақты қадамдар жасау үшін өздерінің зейнетақы құқықтарын объективті бағалауға, жұмыс берушілер аударатын жарналардың дұрыстығын, толықтығын және уақытылы жүзеге асырылуын тексеруге мүмкіндік береді. Осылайша, тұрақты қадағалау сіздің болашағыңызға сенімді болуға жол ашады.

АНЫҚТАМА:

Барлық шоттар мен зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап интернет арқылы хабар алуды таңдаған салымшылардың (алушылардың) саны 19 еседен астам шамаға өсті (01.09.2023ж. жағдай бойынша).

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша азаматтардың басым көпшілігі enpf.kz сайтындағы және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде хабарлау тәсілін таңдайды. Шамамен 6,5 млн адам қызметтің осы түрін алады екен, бұл электрондық пошта арқылы ақпарат алғысы келетіндер санынан 9 есе, ал пошта байланысы арқылы алатын салымшы санынан 6 есе көп.


Просмотров 2519

Тізімге оралу