"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

26.09.2023

"Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел бағдарламасына аңдатпа

2023 жылғы 28 қыркүйекте "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін шетелдік жетекші сарапшылардың басын біріктіреді.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар күнтізбесі шеңберінде жоспарланған дөңгелек үстелді Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) ынтымақтастықта ұйымдастырды.

Конференцияға қатысушылар алдында құрметті қонақтар, ең танымал халықаралық және қазақстандық сарапшылар, саясаттанушылар мен экономистер сөз алып, баяндама жасайды.

Конференцияны мына лауазымды тұлғалар ашады:

ХӘҚҚ Президенті Доктор Мохаммед Азман, (Куала-Лумпур, Малайзия) күн тәртібімен таныстырады;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне шолу жасайды;

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандырудың қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығының негізгі сын-қатерлері туралы баяндама жасайды;

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова "Қазақстанның қаржы нарығын дамытудағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің рөлі мен әсері" туралы баяндама жасайды;  

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық кеңістігінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы баяндама жасайды;

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберіндегі қаржы нарығына қатысушылар үшін сын қатерлер мен келешек туралы баяндайды;

Дөңгелек үстелдің бірінші бөлігін "БЖЗҚ" АҚ Басқармасының төрағасы Жанат Құрманов іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзін арнап, "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: ағымдағы жай-күйі және даму келешегі" тақырыбындағы баяндамасымен аяқтайды. 

Дөңгелек үстелдің "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" атты бірінші панельдік сессиясында қатысушылар өзара пікір алмасады және зейнетақы жүйелерінің тиімділігін және оларды реформалаудың тарихи тәжірибесін бағалау, тұрақты зейнетақы жүйелері мен әлеуметтік қорғау жүйелерін құру үшін әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық стандарттарының әлеуетін пайдалану, әлемдегі үздік зейнетақы жүйелерінің тәжірибесі, олардың даму келешегі және т. б. мәселелер бойынша баяндамалар жасайды.

Секцияны қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі сәулетшілерінің бірі Григорий Марченко жүргізеді. Сессияда Дүниежүзілік банктің әлеуметтік қорғау жөніндегі аға маманы Химанши Джейн, ХЕҰ Әлеуметтік қорғау департаментінің әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заң мәселелері жөніндегі маманы Крум Марков (Женева, Швейцария), ХӘҚҚ Еуразия бойынша өңірлік үйлестірушісі Дмитрий Карасев (Женева, Швейцария), FIAP Президенті Гильермо Артур (Сантьяго, Чили), Mercer аға серіктесі, доктор Дэвид Нокс (Мельбурн, Австралия), Greycells Президенті , доктор Алехандро Бонилла-Гарсия (Женева, Швейцария) сөз сөйлейді.

"Халықты қамту және ақпараттандыру" тақырыбындағы екінші сессияның модераторы – зейнетақы реформасын әзірлеушілердің бірі және оны іске асырудың белсенді қатысушысы болған мемлекет қайраткері, белгілі қазақстандық қаржыгер, "Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев. Сессияда әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерімен қамтуды кеңейту жөніндегі стратегиялық шешімдер, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардар болу мен қаржылық сауаттылықты арттыру тәсілдері, қаржылық сауаттылық деңгейін зерттеу және т. б. талқыланады.

Сессияның спикерлері: ХӘҚҚ Әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту департаментінің аға жоба менеджері Гийом Фийон (Женева, Швейцария), Еврей университетінің өкілі, доктор Эбигейл Гурвиц (Иерусалим, Израиль), Allianz SE аға экономисі, доктор Микаэлла Грим (Мюнхен, Германия), Уругвайдың Әлеуметтік қамсыздандыру банкі директоратының мүшесі Ариель Феррари (Монтевидео Урагвай), ЭЫДҰ қаржылық білім басқармасының талдаушысы Соня Лалаян (Париж, Франция).

Қазақстандағы зейнетақы жүйесі реформасы авторларының бірі және Премьер-Министрдің орынбасары ретінде оның ең қиын алғашқы жылдары қалыптасуына жетекшілік еткен қазақстандық экономист, басқарушы және мемлекет қайраткері Ораз Жандосов "Инвестициялық стратегиялар, тәуекелдерді басқару және қадағалауды реттеу" тақырыбындағы үшінші панельдік сессияның модераторы болады. Сессия шеңберінде тәуекелдерді басқару жөніндегі жаһандық зерттеу, зейнетақы қорларының қызметін реттеу мен қадағалау саласындағы қазіргі заманға сай стандарттар мен трендтер, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріндегі активтерді басқару үшін ұзақ мерзімді инвестициялық стратегиялар, зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің халықаралық тәжірибесі мәселелері талқыланады. Спикерлер: серіктес, KPMG жалпы ұйымдық тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық басшы Эдуард Бертен-Муро (Торонто, Канада), IOPS Президенті Амброджио Ринальди (Рим, Италия), Hassana инвестициялық компаниясының аға кеңесшісі, Бас ұйым Төрағасының әлеуметтік сақтандыру жөніндегі бұрынғы көмекшісі, доктор Пол Суитинг (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы), ҚХР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру қорын реттеу бюросының бас директоры Сяоли Танг (Пекин, Қытай).

"Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің болашағы: даму келешегі мен негізгі драйверлері" тақырыбындағы панельдік сессияны зейнетақы реформасының бастауында тұрған қазақстандық қаржыгер және банкир Әнуар Сәйденов жүргізеді. Сессияда қазіргі заманның ең өзекті тақырыптары талқыланады: әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріндегі клиентке бағдарланған дизайн және икемді әдіснамалар, зейнетақы жоспарларын басқаруды цифрландыру, жасанды интеллект, зейнетақыны жоспарлауда қаржылық робот-кеңесшілер технологиясын қолдану.

Сессия шеңберінде мына спикерлер сөз сөйлейді: ХӘҚҚ Әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту департаментінің директоры Рауль Ружья-Фрик (Женева, Швейцария), Міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесін қадағалау агенттігінің атқарушы директоры Эрик Ченг (Гонконг, Қытай), тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер (Канберра, Австралия), Amundi инвестициялық зерттеулер мен академиялық серіктестіктің басшысы, доктор Мари Бриер (Париж, Франция).

Конференцияда зейнетақымен қамсыздандыру саласының бүкіл әлем бойынша маңыздылығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің одан әрі дамуына мән берілетін өзекті тақырыптар бойынша 26 баяндама жасалады.

Дөңгелек үстел бағдарламасымен, сондай-ақ, оның қатысушылары және спикерлерімен мына сілтеме бойынша БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтынан танысуға болады:

https://pension-conference2023.enpf.kz/program

Конференцияға онлайн режимінде қатысу үшін тіркелу enpf.kz сайтында мына сілтеме бойынша ашық:

https://pension-conference2023.enpf.kz/

2.jpg


Просмотров 3316

Тізімге оралу