"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.09.2023

Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі

2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оған шетелдік және қазақстандық жетекші сарапшылар қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілді. Дөңгелек үстелді әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен ведомстволарды біріктіретін жетекші халықаралық ұйым – Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) бірлесе отырып, Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ұйымдастырды.

Салтанатты шараны ашқан ХӘҚҚ президенті доктор Мохаммед Азман: "Зейнетақы жүйелеріндегі өзгермелі жағдай және қартаюдың жаһандық тенденцияларымен байланысты мәселелер үнемі ынтымақтастықта болу мен инновацияны қажет етеді. Дөңгелек үстел әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшыларға, саясаткерлерге және мүдделі тараптарға пікір алмасу, озық тәжірибелерімен бөлісу және зейнетақы жүйелерінің болашағына бағыт-бағдар беруге болатын бірегей платформа ұсынады. Біз бірлесіп инновациялық шешімдерді зерттей аламыз, технологияларды қолдана аламыз және зейнетақы схемаларының сенімді, бейімделгіш және қоғамымыздың өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жауап беруін қамтамасыз ете аламыз. Бұл оқиға Қазақстан үшін ғана емес, зейнетақы жүйелерін дамытуға мүдделі әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды болып табылады",- деді.

            Дөңгелек үстел барысында зейнетақымен қамсыздандыру, көпдеңгейлі зейнетақы үлгілері, сын-қатерлер, жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелеріндегі мүмкіндіктер мен шешімдер, коммуникациялар, халықтың қаржылық сауаттылығы және зейнетақыны жоспарлау сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

           Дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтарға төмендегі лауазымды тұлғалар алғы сөздерін арнады:

Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне шолу жасаған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова;

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстандағы зейнетақы активтерін басқару жүйесін дамыту кезеңдері туралы баяндап берді;

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Қазақстандағы қаржылық тұрақтылық пен зейнетақымен қамсыздандырудың лайықтылығының негізгі сын қатерлері туралы баяндама жасады;

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық кеңістігіндегі зейнетақымен қамсыздандыру туралы баяндама жасады;

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберіндегі қаржы нарығына қатысушылар үшін сын-қатерлер мен келешегі туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің бірінші бөлігін "БЖЗҚ" АҚ Төрағасы Жанат Құрманов іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзімен және "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: ағымдағы жағдайы және даму келешегі" тақырыбындағы баяндамасымен аяқтады. Өз сөзінде ол Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде жасы 65 жастан асқан адамдардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан халықты еңбек қызметі аяқталғаннан кейін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып отыр. "БЖЗҚ" АҚ Төрағасы қазақстандық көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі туралы айтып, жинақтаушы құрамдауыштың маңыздылығының артқанын атап өтті. Сондай-ақ БЖЗҚ жұмыс істеген жылдар ішінде жинақтар мен зейнетақы шоттарының саны бойынша көрсеткіштердің қалай өзгергенін айтып, зейнетақы жүйесі нәтижелілігінің негізгі өлшемі – халықаралық стандарттар бойынша кем дегенде 40 пайыз болуы тиіс жоғалған табысты алмастыру коэффициентін қоса алғанда, жүйені одан әрі дамыту бойынша болжамдар жасады.

Дөңгелек үстелдің "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" атты бірінші панельдік сессиясында оның қатысушылары зейнетақы жүйелерінің тиімділігін және оларды реформалаудың тарихи тәжірибесін бағалау, тұрақты зейнетақы жүйелері мен әлеуметтік қорғау жүйелерін құру үшін Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарының әлеуетін пайдалану, әлемдегі үздік зейнетақы жүйелерінің тәжірибесі, олардың даму келешегі және т. б. мәселелер бойынша пікір алмасып, баяндама жасады.

Сессия модераторы отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі сәулетшілерінің және зейнетақы реформасын әзірлеушілердің бірі Григорий Марченко болды. Сессияда Дүниежүзілік банктің әлеуметтік қорғау жөніндегі аға маманы Химанши Джейн, ХЕҰ Әлеуметтік қорғау департаментінің әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ХӘҚҚ Өңірлік үйлестірушісі Дмитрий Карасев (Женева, Швейцария), FIAP Президенті Гильермо Артур (Сантьяго, Чили), Mercer аға серіктесі Доктор Дэвид Нокс (Мельбурн, Австралия), Greycells Президенті, доктор Алехандро Бонилла-Гарсия (Женева, Швейцария) спикер болды.

Зейнетақы реформасы тұжырымдамасын әзірлеушілердің бірі және оны іске асырудың белсенді қатысушысы болған мемлекет қайраткері, белгілі қазақстандық қаржыгер, "Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев "Халықты қамту және хабардар ету" тақырыбындағы екінші сессияның модераторы болды. Сессияда әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерімен қамтуды кеңейту жөніндегі стратегиялық шешімдер, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлық пен қаржылық сауаттылықты арттыру тәсілдері, қаржылық сауаттылық деңгейін зерттеу және т. б. талқыланды.

ХӘҚҚ Әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту департаментінің аға менеджері Гийом Фийон (Женева, Швейцария), Еврей университетінің өкілі, доктор Эбигейл Гурвиц (Иерусалим, Израиль), Allianz SE аға экономисі, доктор Микаэлла Грим (Мюнхен, Германия), Уругвайдың Әлеуметтік қамсыздандыру банкі директоратының мүшесі Ариэль Феррари (Монтевидео Урагвай), ЭЫДҰ-ның қаржылық білім басқармасының талдаушысы Соня Лалаян (Париж, Франция) баяндама жасады.

Қазақстандағы зейнетақы жүйесі реформасы авторларының бірі болған және оның ең қиын алғашқы жылдары қалыптасуына Премьер-Министрдің орынбасары ретінде жетекшілік еткен қазақстандық экономист, басқарушы және мемлекет қайраткері Ораз Жандосов "Инвестициялық стратегиялар, тәуекелдерді басқару және қадағалауды реттеу" тақырыбындағы үшінші панельдік сессияны жүргізді. Сессия шеңберінде тәуекелдерді басқару бойынша жаһандық зерттеу, зейнетақы қорларының қызметін реттеу мен қадағалау саласындағы қазіргі заманғы стандарттар мен трендтер, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріндегі активтерді басқарудың ұзақ мерзімді инвестициялық стратегиялары, зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің халықаралық тәжірибесі мәселелері талқыланды. Спикерлер: серіктес, KPMG жалпы ұйымдық тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық басшы Эдуард Бертен-Муро (Торонто, Канада), IOPS Президенті Амброджио Ринальди (Рим, Италия), Hassana инвестициялық компаниясының аға кеңесшісі, әлеуметтік сақтандыру жөніндегі бас ұйым төрағасының бұрынғы көмекшісі, доктор Пол Суитинг (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы), ҚХР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру қорын реттеу бюросының бас директоры Сяоли Танг (Пекин, Қытай).

"Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің болашағы: даму келешегі мен негізгі драйверлері" тақырыбындағы панельдік сессияны зейнетақы реформасының бастауында тұрған қазақстандық қаржыгер және банкир Әнуар Сәйденов басқарды. Сессияда қазіргі заманның ең өзекті тақырыптары талқыланды: әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріндегі клиентке бағытталған дизайн және икемді әдіснамалар, зейнетақы жоспарларын басқаруды цифрландыру, жасанды интеллект, зейнетақыны жоспарлауда қаржылық робот-кеңесші технологиясын қолдану.

Сессия барысында мына спикерлер баяндама жасады: ХӘҚҚ әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту департаментінің директоры Рауль Ружья-Фрик (Женева, Швейцария), Міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесін қадағалау агенттігінің атқарушы директоры Эрик Ченг (Гонконг, Қытай), тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер (Канберра, Австралия), Amundi инвестициялық зерттеулер мен академиялық серіктестігінің басшысы, доктор Мари Бриер (Париж, Франция)

Конференцияда зейнетақымен қамсыздандыру саласының бүкіләлемдік маңыздылығын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуды көрсететін өзекті тақырыптар бойынша 26 баяндама ұсынылды.

Барлық баяндамалардың тұсаукесерлерімен enpf.kz сайтындағы осы іс-шараға арналған арнайы бөлімде таныса аласыз.

1.jpg


Просмотров 3761

Тізімге оралу