"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.09.2023

Дүниежүзілік Банктің өкілі Химанши Джейн тарихи эволюция және зейнетақы жүйелерінің деңгейлері туралы

2023 жылғы 28 қыркүйекте "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында түрлі панельдік сессиялар мен пікірталастар өткізілді. 

Дөңгелек үстелдің "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" тақырыбындағы бірінші панельдік сессиясын қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі сәулетшілерінің бірі Григорий Марченко жүргізді. 

Сессияны Дүниежүзілік Банктің әлеуметтік қорғау жөніндегі аға маманы Химанши Джейн ашты. Ол "Зейнетақы реформаларының тарихы нені үйретеді және зейнетақы жүйесінің тиімділігі қалай бағаланады?" тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Химанши Джейн зейнетақы жүйелерінің жұмысын олардың тарихи эволюциясы тұрғысынан ұсынды. Бұл ретте ол әлемдегі зейнетақыны дамытуды 3 кезеңге бөлді. Бірінші кезең (1890-1970 жылдар) Еуропа мен Америкада DB зейнетақы жүйесінің (белгіленген төлемдері бар) таралуымен қатар жүрді. Бұл мемлекеттің алушылар алдындағы елеулі міндеттемелерін көздеді. Бірақ тұрақты қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілмеді және бір ұрпақ өкілдері мен ұрпақтар арасындағы теңсіздікті тудырды.

Екінші кезең (1980 – 2000 жылдар) DC (белгіленген жарналары бар) жинақтау жүйесінің пайда болуымен сипатталады. Өйткені, DB жүйесі өзінің қаржылық тұрақсыздығын көрсетті. Азия мен Австралия аралас DB/DC жүйелерін енгізген кезде Еуропаның көптеген елдері DC жүйесіне көшті.

Үшінші кезең назардың зейнетақы жүйесінің дизайнынан (DB/DC) халықты қамтуға (дамушы елдерде) және зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы/тұрақтылығына (ЭЫДҰ/EMDE) ауысуымен ерекшеленеді. 1995-2018 жылдар аралығында 78 ел жарна мөлшерлемесін ұлғайтты. 55 ел зейнет жасын өсіріп, 61 ел қолданыстағы DB сызбасын өзгертті, әлеуметтік зейнетақысы бар елдер саны 40-тан 80-ге дейін өсті.

Төртінші кезең (ағымдағы) сандық/ID/төлем жүйелерінің жылдам таралуымен, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбеюімен сипатталады. Бұл факторлар салымшыларды қамтуға және жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыруға жаңа тәсілдерді талап етеді.

Дүниежүзілік Банк зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерін былайша жүйеледі: егер әлеуметтік жағдайлар талап етсе және мемлекеттің осындай жүйені қолдауға мүмкіндігі болса (міндетті зейнетақы жарналарын төлемей), барлық қарт адамдарға кепілдендірілген кірісті қамтамасыз ететін нөлдік деңгей; кепілдендірілген зейнетақы төлемдерінің бір бөлігі жалақыдан міндетті жарналар есебінен жабылатын бірінші деңгей; жинақталатын және инвестицияланатын міндетті белгіленген зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы элементті көздейтін екінші деңгей, сондай-ақ, түрлі нысандардағы ерікті жарналарды көздейтін үшінші деңгей. Бұл ретте зейнетақы жүйелерінің дұрыстығын көрсететін жалпы қабылданған көрсеткіш – жеке тұлға үшін де, зейнетақы қоры үшін де төлемдердің болжамды деңгейін айқындайтын алмастыру коэффициенті (RR).

RR адам зейнетке шыққан кезде үміт арта алатын орташа айлық табыстың үлесін көрсетеді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі 40% RR көрсеткіші 30 жылдық еңбек өтілі бар орташа статистикалық жұмысшы үшін "лайықты" болып табылады. 

Зейнетақы сызбаларын қамту, лайықтылық, тұрақтылық, капитал (C. A. S. E) сияқты алғышарттарды қолдану арқылы талдай отырып, баяндамашы нәтижелер әр сызбаның қолданылуына орай әр елге байланысты әртүрлі болады деп қорытындылады. 

"Елдегі зейнеткерлік ландшафтты талдау барлық құрамдауыштарды әрқайсысының мақсаттарын нақты түсіне отырып, бір уақытта қарастыруды талап етеді. Үйлестіру мен келісімді, сондай-ақ, негізгі бағыттар арасындағы байланысты қамтамасыз ету жалпы саясатты қалыптастыру үшін маңызды", - дейді Химанши Джейн ханым.


Просмотров 3241

Тізімге оралу