"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.09.2023

Гийом Фийон, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының аға менеджері: бейресми жұмыспен қамтылу нәтижесінде халықтың едәуір бөлігі зейнетақымен қамсыздандыруға қол жеткізе алмайды

"Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің "Халықты қамту және хабардар ету" тақырыбындағы екінші панельдік сессиясының модераторы белгілі қаржыгер, мемлекет қайраткері Болат Жәмішев болды.

Аталмыш шарада Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы, Әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту басқармасының аға менеджері доктор Гийом Фийон (ХӘҚҚ, Женева, Швейцария) "Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерімен қамтуды кеңейту стратегиялары: жаһандық қиындықтар мен шешімдер" атты баяндамасын жасады.

Баяндамашының айтуынша, соңғы уақытта ХӘҚҚ-ның негізгі мақсаттарының бірі халықтың жеке топтарын - өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, шағын бизнес иелерін, ауыл қызметкерлерін, мигранттар мен әйелдерді қамту болып табылады.

ХӘҚҚ-ның осы санаттардағы мәселелерді шешуде басшылыққа алатын қағидаттары:

· қамтуды кеңейту үшін әкімшілік реттеу;

· қателіктер мен алаяқтықтан алшақ болу саясаты;

· жарналарды жинау;

· талаптарды сақтау және мүдделі тараптармен байланыс.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ХӘҚҚ серіктестерімен бірге келісілген ұсыныстар әзірлейді. Спикер олардың барлық жерде енгізілуі міндетті емес, бірақ әрбір ұйым үшін олардың қызметінің сипатын ескере отырып, қажеттілік туғызуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, Гийом Фийон мырза алға қойылған мақсаттарға жету жолдары ХӘҚҚ-ның барлық мүшелері мен серіктестері арасындағы келісілген әрекеттерді білдіретінін атап өтті.

Алға қойған міндеттерді іске асырудың әлеуетті тәсілдері озық тәжірибенің көмегімен әзірленеді. Олардың бірі – мемлекеттік субсидияны еңбекті ресімдеу үшің берілетін серпін ретінде пайдалану, ал Қытайдың денсаулық сақтауды кеңейтудегі тәжірибесі осыған түсініктеме бола алады. Тағы бір әдіс - Францияның үлгісі бойынша шағын бизнес үшін жағдайды жеңілдету.  

Латын Америкасы мен Мадагаскардағы ұлттық біліммен серіктестік қарым-қатынасты спикер бейресми жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін коммуникацияларды кеңейтудің оң мысалы ретінде келтірді.

Спикер қазір жұмыстың жаңа түрлеріне және еркін табыс экономикасына көшу көбірек жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Алайда, бұл екіұшты қадам және ішінара 19 ғасырға оралу, өнеркәсіптік төңкеріс кезінде іс жүзінде тәуелді жұмысшы өз еңбегінің иесі болып саналды және жұмыс берушінің оны қорғауға ешқандай қатысы болмайды. Еңбек қатынастарының бейресми болуына байланысты жұмыс беруші өз қызметкерлерінің алдында, мысалы, жазатайым оқиғалар кезінде, сондай-ақ жұмысшылар мен олардың отбасыларының өмірін жұмыссыздықтан, аурудан, қарттықтан және т. б. қорғау үшін жауап бермейтін жағдайлар туындайды. Егер көптеген дамыған елдерде халықтың едәуір бөлігі міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қандай да бір түрімен қамтылса, дамушы елдерде халықтың едәуір бөлігі бейресми секторда жұмыс істейді және зейнетақы сызбалары олар үшін қолжетімсіз. Бірақ жұмысшылардың әлеуметтік қорғалмау мәселелері барлық жерде орын алып жатады. Бұған мысал – астыртын тәуелді жұмысы үшін бірқатар елдерде (Ұлыбритания, Франция, Испания және т. б.) жауапқа тартылған Uber компаниясына қарсы сот-тергеу үдерісі.

Спикердің пікірінше, халықты әлеуметтік және зейнетақы бағдарламаларымен қамту мәселесін шешуде жұртшылықтың мәліметке қанық болуы менн халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды рөл атқарады.


Просмотров 3333

Тізімге оралу