"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

09.10.2023

Қадыржан Дамитов: зейнетақы реформасы Қазақстандағы қор нарығын дамытуға серпін береді деп жоспарланған болатын

Қазақстандық зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай түсірілген Диалогтар сериясының кезекті шығарылымы экономист және саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы (1998-1999 жж.), KASE Қазақстан қор биржасының экс-президенті (2009-2013 жж.), "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры (2017-2020 жж.)    қызметтерін атқарған Қадыржан Қабдошұлы Дамитовтың қатысуымен өрбіді.

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген сұхбатында Қадыржан Дамитов зейнетақы реформасы енгізілген сәттегі елімізде қалыптасқан ахуал, мемлекет экономикасын дамытудағы зейнетақы қорларының рөлі, БЖЗҚ алдында тұрған міндеттер, оларды жеңудің қиындықтары мен сара жолдары туралы айтып берді.

"1998 жылы мен Ұлттық банктің басшысы болған кезде, зейнеткерлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын және елдің экономикасы мен бюджетіне үлкен жүктеме түсіретін үлестіруші зейнетақы жүйесінің орнына жинақтаушы аралас зейнетақы жүйесі келді. Бұл қиын жыл болды, азиялық қаржы дағдарысы жалғасып жатты. Ресей тарихындағы ең ауыр экономикалық дағдарыстардың бірі басталды, ол дефолтпен және рубльдің күрт девальвациясымен қатар жүрді, бұл Қазақстанның экономикалық жағдайына да әсер етті. Теңгенің құнсыздануы және еркін өзгермелі бағамға көшу орын алды. Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды уақытында қабылдады. Ұлттық банк өтемақы шараларын жүзеге асырып, соның арқасында банк жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және дағдарыстың салдарын жеңілдетуге мүмкіндік туды. Елді басқарудағы көптеген ішкі және сыртқы үрдістерді жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Елдің экономикалық саясатында бірқатар жаңа тәсілдер әзірленді", - деген Қадыржан Дамитов қаржы жүйесінің сол кездегі сынақтардан қалай өткенін еске алды.

– Зейнетақы реформасы ойластырылған кезде, ол қор нарығын дамытуға серпін береді деп жоспарланды. Енгізілген көпдеңгейлі зейнетақы жүйесінің жинақтаушы құрамдауышындағы маңыздысы – инвестициялық құрамдас бөлігі: зейнетақы жарналары инвестицияланады және кіріс әкеледі. Бұл ретте қор нарығы әртүрлі қаржы құралдары арқылы отандық экономика салаларының дамуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізеді. 1998 жылы инвестициялық кірістің үлес салмағы зейнетақы жинақтарының 6%, ал 1999 жылы – 20% жетті. Одан кейінгі жылдары да ол өсіп, өсуін әрі қарай жалғастыруда.

Зейнетақы қорлары бір кездері маңызды институционалдық инвесторларға, сондай-ақ, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарының негізгі сатып алушыларына айналды. Қадыржан Дамитов зейнетақы қорларының "Халықтық IPO" бағдарламасына белсенді қатысқанын атап өтті. Бұл Қазақстанның қор нарығының дамуына ықпал етті. 2013 жылы бүкіл ел бойынша қызмет еткен зейнетақы қорларын біріктірген БЖЗҚ ең ірі институционалдық инвестор болды.

- Барлық зейнетақы қорларын бір қорға біріктіру – оңай шешім емес, бірақ оның бірқатар жағымды жақтары бар. Енді БЖЗҚ-ның жалғыз акционері Үкіметтің атынан мемлекет, кәсіби тәжірибесі мол инвестициялық басқарушы ретінде Ұлттық банк зейнетақы капиталының сақталуына жауап беретін болды. БЖЗҚ қызметінің арқасында салымшылар мен зейнетақы активтерінің бірыңғай базасы құрылып, проблемалық активтерді қайтару бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бастапқы реттеуден кейін, 2017 жылы БЖЗҚ-ның тәуелсіз директоры қызметін атқарған кезімде проблемалық активтер портфелі 40 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, өтелген борыштың 70% 2017-2020 жылдар кезеңінде реттелді.

Сондай-ақ, өз қызметі кезеңінде БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінің жұмысы едәуір жетілдіріліп, ішкі бақылау күшейтіліп, Қордың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету бойынша тәуекелдерді басқару бөлігінде БЖЗҚ нұсқаулықтары мен қағидалары әзірленгенін және енгізілгенін атап өткім келеді. COVID-19 жаһандық пандемиясы сияқты сынақ БЖЗҚ-ның халыққа үзіліссіз, еш қиындықсыз қашықтықтан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетті. Осының өзі Қордың техникалық жарақтандыру, жоғары деңгейдегі бизнес-үрдістері және қуатты АТ-инфрақұрылымы бар екенін білдіретін жағдаят, - деген пікірімен бөлісті Қадыржан Дамитов.

Сұхбаттың қазақ тілінде жасалған субтитры бар шығарылымын БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан https://youtu.be/_G3G0xFJiFE сілтемесіне өтіп, тамашалаңыздар.


Просмотров 3233

Тізімге оралу