"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

14.11.2023

Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет Mercer институтының CFA жаһандық зейнетақы рейтингіне енгізілді

Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша озық тұр? 

2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет халықаралық рейтинг - CFA институты мен Mercer Consulting халықаралық кәсіби консалтингтік компаниясының (Австралия) бірлескен зерттеу жобасы болып табылатын Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне (бұдан әрі - Индекс) енгізілді. Жан жақты талдау және бағалау нәтижелері бойынша еліміздің зейнетақы жүйесі осы рейтингте 20 орынға ие болды

Зейнетақы жүйелерін кешенді зерттеуден тұратын осы жыл сайынғы жаһандық зейнетақы рейтингіне ғалам халқының 64% өмір сүріп жатқан әлемнің 47 елі кірді.

Mercer жаһандық зейнетақы индексі 50 түрлі алғышартты қамтитын, "лайықтылық", "тұрақтылық" және "тұтастық" сияқты үш суб-индекске біріктірілген алдыңғы қатарлы елдердің зейнетақы жүйелерінің ондаған көрсеткіштерін талдайды. MСGPI рейтингі 2009 жылдан бастап жарияланып келеді. 2023 жылы рейтингке енгізілген Қазақстан 64,9 балл жинап, "C+" бағасын алды. Дәл осындай баға алған Гонконг, АҚШ, БАӘ, Колумбия, Франция, Испания, Хорватия сияқты елдерден балл саны жағынан озық шықты. Есепке сәйкес, осы елдердің зейнетақы жүйелерінің күшті жақтары/қасиеттерімен қатар, ұзақ мерзімді тұрақтылық пен тиімділікке қол жеткізу үшін жоюы қажет кейбір кемшіліктері де бар.

Әр зейнетақы жүйесі жеке дара талданғанын ескерген Mercer CFA институты қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша мынадай ұсыныстар жасады:

  • Ең кедей қарт адамдарды/зейнеткерлерді қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру;
  • Үй шаруашылықтарының зейнетақы жинақтарының деңгейін көтеруге ынталандыру:
  • Зейнетақы жинақтарына қол жеткізуді шектеу арқылы зейнетке шығар алдындағы кезеңде жинақтардың шығыс ағынын қысқарту;
  • Өмір сүру ұзақтығы ұлғайған сайын егде жастағы адамдардың жұмыс күшіне қатысу деңгейін арттыру;
  • Зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жылдық үзінді көшірмелерінде болжамды зейнетақы төлемдерін көрсету бойынша талаптарды енгізу.

Қол жеткізген нәтижеге сай, отандық зейнетақы жүйесінің MCGPI индексіндегі қорытынды бағасы суб-индекстік бағалаулардың үлес салмағы бойынша өлшенген нәтижелерін жинақтау жолымен алынған 64,9 балды құрады. Дәлірек айтқанда:

- зейнетақы жүйесі қамтамасыз ететін табыстың базалық (немесе қауіпсіз) деңгейін, сондай-ақ, орташа жалақының 50%-дан 150%-на дейінгі диапазондағы табыс деңгейі кезінде таза алмастыру коэффициентін ескеретін "лайықтылық" суб-индексі бойынша 46,9 балл. Зейнетақыны есептеу мен төлеуге байланысты алты аспект ескерілді. "Лайықтылық" жалпы балдың 40% құрайды: Қазақстан, мысалы, Малайзия, Оңтүстік Африка және Түркиядан озып кетті. Айта кету керек, Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріске салықтық жеңілдіктердің болуы, жұмыстан босатылған жағдайда салымшылардың зейнетақы жинақтарына құқықтарының сақталуы, инфляцияны ескере отырып және зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы олардың ағымдағы құнының сақталуы және т. б. алғышарттар бойынша мықты ұстанымдар бар. Алайда ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері, базалық зейнетақыны индекстеу және индекстеудің жүйелілігі, халықтың жинақ қаржысының деңгейі (оның ішінде зейнетақы), халықтың берешегі, зейнетақы жинақтарын өсіп келе жатқан активтерге инвестициялау мүмкіндігі және т. б. алғышарттар бойынша нығайтылуы қажет өте осал тұстары да бар;

- қолданыстағы зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын ескеретін "тұрақтылық" субиндексі бойынша 74,8 балл (үлес салмағының 35%: Қазақстан индексі Сингапур, Германия, АҚШ-тан және басқа да көптеген елдерден жоғары).

Қазақстанның халықты зейнетақы жүйесімен қамту алғышарттары мен демографиялық көрсеткіштері (өмір сүру ұзақтығы) бойынша ұстанымдары мықты. Егде жастағы қызметкерлердің еңбек қызметін жалғастыра отырып, өздерінің зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі оң бағаланды. Жақсартылу әлеуеті бар ұстанымдарға азаматтардың жинақ қаржысының деңгейін арттыру, оның ішінде қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыру, 55 жастан асқан адамдар арасында халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, зейнетақы жарналарының мөлшерлемелерін ұлғайту және т. б. жатады;

- Жеке секторда жиі қолданылатын жинақтаушы жоспарларға баса назар аудара отырып, зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымдық тұтастығын ескеретін "тұтастық" суб-индексі бойынша 80,0 балл (үлес салмағының 25%: мысалы, Швеция, Швейцария, Қытай және басқалар артта қалды). Қазақстанның зейнетақы қорларын реттеу, қадағалау және басқару деңгейі, жүйеге қатысушыларды бірқатар тәуекелдерден қорғау және коммуникациялар деңгейі бойынша мықты ұстанымдары бар.

Осылайша, тұрақтылықтың субиндекстері (жалпы рейтингте 7-орын) және тұтастық (14-орын) барынша жоғары бағаланады. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің осал тұсы лайықтылық субиндексі бойынша белгіленгендіктен оны нығайту қажет (47 орын арасынан 38-орын).

Зейнетақы жүйелеріне осы индикаторлар бойынша толық және объективті бағалау жүргізу үшін ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Economist Group зерттеу және талдау бөлімшесінің, т.б. ұйымдардың деректерін қамтитын ашық халықаралық көздерден алынған мәліметтердің пайдаланылғанын атап өтеміз.  

Жыл сайын жарияланатын Жаһандық зейнетақы индексі 2023 жылы әлемдегі зейнетақы жүйелерінің көпшілігі халықтың қартаюына, мемлекеттік қарыздың өсуіне және инфляцияның жоғары деңгейіне байланысты күйзеліске ұшырағанын атап өтті. Бұл мәселелер барлық дерлік зейнетақы жүйелеріне әсер етті, ал қарт адамдар зейнеткерлікке шыққаннан кейін де өздерінің жағдайын жасауы керек болды. "Біз енді тек әлеуметтік қамсыздандыруға немесе мемлекеттік зейнетақыға сене алмаймыз", - деді есеп авторларының бірі, Mercer аға серіктесі Дэвид Нокс (Мельбурн, Австралия).

Сондай-ақ, 2023 жылғы рейтингте алдыңғы рейтингтерде болмаған ерекшеліктердің бар екенін атап өткіміз келеді. Дәлірек айтқанда, бұл жасанды интеллекттің әлемдік зейнетақы жүйелеріне әсеріне қатысты. Осылайша, зерттеушілердің пікірінше, жасанды интеллект зейнетақы жүйелерін, ең алдымен жинақтаушы жүйелерді өзгерту және жақсарту үшін шексіз әлеуетке ие.

"Жасанды интеллектті пайдалану ауқымының өсуі тиімді және негізделген шешім қабылдауға ықпал етеді, бұл инвестициялардың нақты кірістілігін арттыруға әкелуі мүмкін", - деді есептің авторы және Mercer-дің аға серіктесі Дэвид Нокс (Мельбурн, Австралия). Ол сондай-ақ, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орайластырылған "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" (28.09.2023 ж.) атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің құрметті қонағы болды және "Әлемдегі үздік зейнетақы жүйелерінің сипаттамалары және олардың даму келешегі" атты баяндама жасады.

Жасанды интеллект тақырыбын жоғарыда аталған дөңгелек үстел шеңберінде тәуелсіз сарапшы Брайан Ли-Арчер (Канберра, Австралия) "Жасанды интеллект – зейнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру үшін дос па, жау ма?" атты баяндамасында егжей-тегжейлі ашып, әріптесінің ой-пікірін дамытты: "Жасанды интеллект сияқты жетілдірілген технологиялар адам өмірінің барлық аспектілерін қамтитын көп өлшемді кешенді деректерді тереңірек талдауға мүмкіндік береді. Бұл технологиямен жұмыс істеуге болады және жұмыс істеу қажет. Жасанды интеллект біздің санамызды турбо режиміне ауыстыруға, әлеуметтік саясат саласындағы сарапшылар мен менеджерлердің мүмкіндіктерін арттыруға, туындаған мәселелерді терең зерттеуге, содан кейін оларды шешу үшін бірқатар бастамаларды әзірлеуге мүмкіндік береді".

«Қазақстанның зейнетақы жүйесі Mercer институтының CFA жаһандық зейнетақы рейтингіне енгізілді» тақырыбына түсірілген бейнесюжетті төмендегі сілтеме бойынша тамашалаңыздар:

https://youtu.be/N6KaaPIKL8k

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыздар.


Просмотров 2744

Тізімге оралу