"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

17.11.2023

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

1. Айтыңызшы, өтініш, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қашан басталады және аударымдарды қай қаржы ұйымы реттейтін болады? Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар есебі қалай жүргізіледі?   

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Бірақ балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері алғаш есептелген қаржыны 2024 жылдың ақпан айынан бастап көре алады. Өйткені, тиісті құрылымдарға есептеулер жүргізіп, кәмелетке толмаған балалардың дәл есебін шығаруға бір ай уақыт қажет.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы (бұдан әрі – НЖШ) нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру жөніндегі оператор болып айқындалды.

Айта кеткен жөн, БЖЗҚ әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда үлкен тәжірибеге ие. Оның дербестендірілген есеп пен қашықтан қызмет көрсетуге арналған бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелері, халыққа қолжетімді қызметтер көрсететін дамыған өңірлік желісі бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жыл сайын БЖЗҚ-ға Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің (бұдан әрі - ОИК) 50% сомасы, ОИК мөлшерлемесі және Нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген табыс сомасы туралы ақпаратты қамтитын Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есепті жібереді деп көзделуде.

БЖЗҚ жыл сайын қаңтар айында ҚР Әділет министрлігіне салыстыру үшін есепті жылдың 31 желтоқсанының аяғындағы жағдай бойынша балалардың, яғни "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде дербес қалыптастырылған нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін беретін болады.

ҚРҰБ-тан алынған Ұлттық қордың орташаланған инвестициялық кірісінің 50% сомасы туралы ақпараттың, БЖЗҚ мен ҚР ӘМ қол қойған салыстыру актісінің негізінде БЖЗҚ нысаналы талаптардың бір қатысушысына тиесілі нысаналы талаптардың сомасын есептеп, бұл деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.

Бағдарлама бойынша тұрақты түрде жасалатын есептер БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтына орналастырылатын болады.   

2. "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына ҚР азаматтарының қай санаты қатыса алады? Жинақталған соманы алудың тәртібі қандай?

бағдарламға сәйкес Қазақстанның азаматы болып табылатын барлық 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. 18 жасқа толғаннан кейін бағдарламаға Қатысушыға БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылады, онда түскен қаражатты "Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктер сияқты уәкілетті операторлар арқылы тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады. Қаражат нысаналы жинақтау шотына аударылғаннан кейін инвестициялануын тоқтатады. БЖЗҚ нысаналы жинақтар төлемін алушылардың "Қазпошта" АҚ және екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына АҚШ долларымен жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, 18 жасқа толған Қазақстан тұрғынының төлемдерді Ұлттық Банк сол күнге белгілеген валюта бағамы бойынша теңгемен алатынын атап өткен жөн.

3. Балаларды қалай тіркеуге және олардың тиісті тізімге енгізілгенін қалай тексеруге болады?

Ата-аналарға ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Қазір ата-аналар үшін маңыздысы – кәмелетке толмаған баланың жеке сәйкестендіру нөмірінің egov.kz порталында болуын және оның дұрыстығын тексеру. бағдарлама мемлекеттік органдардың деректер базасында бұрыннан бар мәліметтер негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады.

Қазақстанның кәмелетке толмаған тұрғыны бағдарламаға қатысушы болып табылатындығы туралы мәліметті сіз egov.kz порталындағы жеке кабинетіңізден ала аласыз. Бағдарлама бойынша есептер enpf.kz сайтында орналастырылатын болады.

4. Ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма? Бала шетелге тұрақты тұруға кеткен жағдайда оны алуға құқығы бар ма? 18 жасқа дейінгі немесе одан кейінгі жаста бала қайтыс болған жағдайда жинақтардың тағдыры қалай шешіледі?

Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толған кезде алушы жинақталған соманы тек білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалануға құқылы.

Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен балалар Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.

 Бала 18 жасқа дейін немесе одан кейін қайтыс болған жағдайда - жинақтар ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақтар баланың мұрагерлері бола алатын жақын туыстары немесе заңды өкілі үшін уәкілетті операторда ашылған банктік шотқа аударылады.   

5. 2024 жылы 18 жасқа толатын балалар Бағдарламаға қатыса ала ма және олар қанша сома алады?

2024 жылы 18 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларға 2023 жылға арналған нысаналы талаптар (бала әлі 18 жасқа толмаған жыл) есептелетін болады.

2023 жылғы бір балаға арналған нысаналы талаптар сомасының есебі ҚР Әділет министрлігімен (Қазақстан балаларының 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша саны) деректерді салыстырып, Ұлттық Банктен ақпарат (балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша) алғаннан кейін жүргізілетін болады.


Просмотров 6954

Тізімге оралу