"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

24.11.2023

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы егжей-тегжейлі есеп берді

Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы инвестициялық портфельдері

 «БЖЗҚ» АҚ enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚРҰБ) және Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 209,78 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 17 196,49 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері - 13,29 млрд теңге.

 ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 2023 жылғы 1 қарашадағы зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,60%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,98%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 6,07%, ҚРҰБ депозиттері – 3,58%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,91%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,15%.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 69,03%, АҚШ долларында – 30,95%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,03%.   

 Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 1 093,75 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 100,25 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер – 59,27 млрд теңге, өзге кірістер – 4,30 млрд теңге болды.

Осылайша, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2023 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша жалпы табыс оң болды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылдың басынан бері есептелген, 01.11.2023 ж. жағдай бойынша инвестициялық кіріс – 1 257,56 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бастап инфляция мөлшері 7,90% болғанда, 7,98% көрсетті.

Бұл ретте 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда (2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін) 9,76% болды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді келешекте қамтамасыз етіледі.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Атап кететін жәйт, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 13,29 млрд теңге.

01.11.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,7 млрд теңге болды.

Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 42,15%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 24,85%, ҚРҰБ ноттары – 21,89%; шет мемлекеттердің МБҚ – портфельдің 6,04%. Атап кетейік, портфельдің 68,93% теңгемен; 31,07% – АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 377,28 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 9,01%.

 "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 01.11.2023ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,79 млрд теңге.

 Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,99%; МҚҰ облигациялары – 9,64%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 7,59%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 7,38%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 77,65%, АҚШ долларымен 22,35% болды.

 Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 363,23 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 14,17%.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

"BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 2,13 млрд теңге.

 Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 27,20%; ҚР мемлекеттік облигациялары – 23,18%; РЕПО – 19,75%, пайлар (ETF индекстеріне) – 12,78%; АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,97%; МҚҰ облигациялары – 4,19%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 3,83%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,45%, АҚШ долларымен – 24,55% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың басынан бері 1 қарашадағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 158,51 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 10,24%.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.

 "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 936,92 млн теңге.

Активтердің 56,63%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; РЕПО – 11,87%; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 11,70%; Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,81%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,91%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,03%, АҚШ долларымен 24,97% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 77,94 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 7,89%.

 "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,73 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы инвестициялар мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,38%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 18,08%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,37%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,22%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,50%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 84,11%, АҚШ долларында – 14,13%, евро валютасында – 1,76% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 70,66 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,74%.

"Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 01 шілдедегі №62 қаулысымен бекітілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығына негізделе отырып есептеледі.

 Естеріңізде болсын, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі бар. Бұл ретте ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді және басқарушы компанияны таңдау құқығы салымшыға беріледі. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемінде бере алады.


Просмотров 2271

Тізімге оралу