"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.11.2023

"БЖЗҚ" АҚ ашық есік күніне шақырамыз: "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асырудың мақсаты мен тетігін түсіндіреміз

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2023 жылғы 29 қарашада "БЖЗҚ" АҚ "Ұлттық қор – балаларға"мемлекеттік бағдарламасы тақырыбында Ашық есік күнін өткізеді.

БЖЗҚ ұйымдастырған Ашық есік күніндегі онлайн-кездесуде Қор мамандары қатысушыларға "Ұлттық қор - балалар" бағдарламасының мақсаты, оны іске асыру тетігі туралы айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылады, оның шеңберінде Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінетін болады. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың саны Қазақстанда 7 млн-нан астам адамды құрайды. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішінде орташаланады. Балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамына инвестициялауды жалғастырады және оларға қосымша инвестициялық табыс есептелетін болады.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының негізгі мақсаты - жас ұрпақты қолдау және оған тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе ұлттық жинақтар есебінен білім алуға мүмкіндік беру. Осылайша, қазақстандық балалар кәмелетке толғанға дейін есептелетін Ұлттық қордың қаражатын 2 мақсатқа пайдалана алады: оқу, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарында, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу.

Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық табыс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтарды төлеуді жүзеге асыру жөніндегі Оператор ретінде айқындалды. Айта кетейік, БЖЗҚ әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруда үлкен практикалық тәжірибеге ие, дербестендірілген есепке алу мен қашықтықтан көрсетілетін сервистің бірегей ақпараттық-технологиялық жүйелеріне, халыққа қолжетімді қызметтерді ұсыну үшін дамыған өңірлік желіге ие.

Баланың бағдарламаға қатысушысы болып табылатындығы туралы ақпаратты оның заңды өкілдері egov.kz порталындағы жеке кабинетінен ала алады. Бұдан басқа, бағдарлама бойынша тұрақты есептер БЖЗҚ-ның enpf.kz. ресми сайтында орналастырылатын болады

Баланың Ұлттық қордан аударымдарды алушылар базасына түсуі үшін ата-аналарға немесе балалардың басқа да заңды өкілдеріне қандай да бір құжаттарды жинаудың, шот ашудың, қандай да бір жерге жүгінудің қажеті жоқ, өйткені, бұл үрдіс автоматтандырылған. БЖЗҚ ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп тиісті интеграциялық жұмыс жүргізеді және шоттар "БЖЗҚ" АҚ-да "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасы негізінде автоматты түрде ашылатын болады.

Балалардың ата-аналарына (немесе заңды өкілдеріне) egov.kz.   порталында кәмелетке толмаған баланың ЖСН енгізуінің бар-жоғын және дұрыстығын алдын ала тексеру қажет.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың мақсаты мен тетігін түсіндіруге арналған онлайн-кездесуге барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ, БАҚ өкілдерін шақырамыз. Бұл шара журналистерге "Ұлттық қор - балаларға " жаңа әлеуметтік мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ, кездесудің барлық қатысушыларын түсіну және жариялау үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.


Просмотров 41704

Тізімге оралу