"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

14.12.2023

«БЖЗҚ» АҚ тұрғын үй және емделуге 1,9 миллионнан астам өтінішті орындады

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 1 млн отандасымыздан 3,7 трлн теңгеден асатын сомаға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу ақысын төлеуге берілген 1,9 млн астам өтінішін орындады. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) тұрғын үйге, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға (бұдан әрі – ИПБ) аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

 

Тұрғын үйге

2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 436 073 өтінішін орындады. Қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,3 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 2,3 млн теңгеден асатын сомаға тең.

Бұл бағытта Алматы қаласының (18,1%), Астана қаласының (12,5%), Маңғыстау облысының (9,3%), Қарағанды облысының (7,9%) тұрғындары белсенді болды. Қордың www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде азаматтардың біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерді қандай мақсаттарға беретіні, оның ішінде өңірлер бөлінісі ("Біржолғы зейнетақы төлемдері мақсаттары бойынша" және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімшелері) бойынша ақпарат орналастырылған.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттарын талдай отырып, мынадай қорытынды жасалды: барлық өтініштердің шамамен 35,2% – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу), өтініштердің 21,3% – тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру, 15,9% - ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде), 15,3% - тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу мақсаттарына жұмсалыпты.

Азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға берген өтініштерін қабылдайтын уәкілетті оператор-банктердің қатарында "Отбасы банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Банк Фридом Финанс Қазақстан"АҚ бар.

Атап кетейік, уәкілетті операторлардан 496,8 млрд теңге салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) қайтарылды, себебі, отандастарымыз біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

 

Емделуге

Сондай-ақ, 01.12.2023ж. жағдай бойынша БЖЗҚ емделуге ақы төлеу үшін жалпы сомасы 411,9 млрд теңге болатын 472 252 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері 0,9 млн теңге.

Өтініштердің 96,5% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,5% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1% пайдаланылды.

Салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на 36,2 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану бойынша өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде танысуға болады.

 

Жеке инвестициялық басқаруға

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап шамамен 18,6 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 13 842 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,3 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған. Сіз олар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз. Атап кетейік, 18,6 млрд теңгенің 33,2% немесе 6,2 млрд теңгесі "Jusan Invest" АҚ-ға, 17,9% немесе 3,3 млрд теңгесі "Halyk Global Markets" АҚ-ға, 15,3% немесе 2,8 млрд теңгесі "BCC Invest" АҚ-ға, 6,1% немесе 1,1 млрд теңгесі "Сентрас Секьюритиз"АҚ-ға, 27,5% немесе 5,1 млрд теңгесі "Halyk Finance" АҚ-ға аударылған.

Зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы жылына көп дегенде бір рет қана зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы. 2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде 145 өтініш беруші ИПБ таңдау бойынша шешімін ауыстырды: БЖЗҚ жалпы сомасы 488 млн теңгені бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру туралы 202 өтінішті орындады.

01.07.2023 жылдан бастап ИПБ басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ басқаруына қайтару мерзімі екі жылдан бір жылға қысқарды. 524 адам зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін өз жинақтарын ҚР ҰБ басқаруына қайтарды. 2023 жылғы 15 наурыз бен 30 қараша аралығында БЖЗҚ жалпы сомасы 2,9 млрд теңге қаражатты ИПБ-дан ҚРҰБ-қа аудару бойынша 833 өтінішті орындады.

Естеріңізге сала кетейік, ИПБ БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Ол зейнетақы активтерін басқару нарығындағы барлық ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.


Просмотров 3447

Тізімге оралу