"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

19.01.2024

Отандастарымыз тұрғын үй және емделуге шамамен 3,8 триллион теңгені пайдаланды

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге 1,9 млн өтінішке сәйкес шамамен 3,8 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын пайдаланды. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

Тұрғын үйге

2021 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 453 904 өтінішін орындады. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына 3,3 трлн теңгеден аса қаржы аударды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,3 млн теңге.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға берілген өтініштердің ең көп саны Алматы қаласының (18,5%), Астана қаласының (14,1%), Маңғыстау облысының (10,1%) тұрғындарынан түсті. Қордың www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде азаматтардың біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерді қандай мақсаттарға беретіні, оның ішінде өңірлер бөлінісі ("Біржолғы зейнетақы төлемдері мақсаттары бойынша" және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімшелері) бойынша ақпарат орналастырылған.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттарын талдай отырып, мынадай қорытынды жасалды: барлық өтініштердің шамамен 34,4% – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу), өтініштердің 21,5% – тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру, 16% - ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде), 15,5% - тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу мақсаттарына жұмсалған.

Қазіргі кезде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға берілген өтініштерді қабылдайтын уәкілетті оператор-банктердің қатарында "Отбасы банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Банк Фридом Финанс Қазақстан"АҚ бар.

Атап кетейік, уәкілетті операторлардан 500,3 млрд теңге салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) қайтарылды, себебі, отандастарымыз біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

 

Емделуге

БЖЗҚ емделу үшін жалпы сомасы 419,3 млрд теңге болатын 477 866 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері 0,88 млн теңге.

Өтініштердің 96,5% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,5% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1% пайдаланылды.

Салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на 37,5 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану бойынша өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде танысуға болады.

Жеке инвестициялық басқаруға

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап 27,8 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 14 928 өтініш берушіден түскен 20 110 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,4 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған. Сіз ол туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз. Атап кетейік, 27,8 млрд теңгенің 24,2% немесе 6,7 млрд теңгесі "Jusan Invest" АҚ-ға, 12,8% немесе 3,5 млрд теңгесі "Halyk Global Markets" АҚ-ға, 11,1% немесе 3,1 млрд теңгесі "BCC Invest" АҚ-ға, 4,2% немесе 1,2 млрд теңгесі "Сентрас Секьюритиз"АҚ-ға, 47,8% немесе 13,3 млрд теңгесі "Halyk Finance" АҚ-ға аударылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар өздерінің міндетті жарна түрлері (МЗЖ және МКЗЖ) есебінен қалыптастырған жинақтарының 50% дейін жеткіліктілік шегін есепке алмай-ақ, ИПБ-ның басқаруына бере алады. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарды ИПБ-ға толық көлемде беруге болады. 2023 жылғы шілде-желтоқсан айларында бұл құқықты 11 696 қазақстандық пайдаланып, портфельді басқарушыларға 18,8 млрд теңге аударылды. Бұл ретте БЖЗҚ аударым жасауға берілген 14 087 өтінішті орындады.

Зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы жылына көп дегенде бір рет қана зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы. 2022 жылғы 16 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде 150 өтініш беруші ИПБ таңдау бойынша шешімін ауыстырды: БЖЗҚ жалпы сомасы 506 млн теңгені бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру туралы 209 өтінішті орындады.

01.07.2023 жылдан бастап ИПБ басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ басқаруына қайтару мерзімі екі жылдан бір жылға қысқарды. ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтінішті БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап 1 жылдан кейін беруге болады (бұрын зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін 2 жылдан кейін ғана өтініш беруге болатын). 2023 жылғы 15 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында БЖЗҚ жалпы сомасы 3,1 млрд теңге қаражатты ИПБ-дан ҚРҰБ-қа аудару бойынша 897 өтінішті орындады.

Естеріңізге сала кетейік, ИПБ БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Ол зейнетақы активтерін басқару нарығындағы барлық ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.


Просмотров 2584

Тізімге оралу