"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

31.01.2024

БЖЗҚ 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы есебін ұсынады

enpf.kz сайтында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есебі "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде берілген. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 832,9 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 17 806 млрд теңгеден асты. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері - 26,9 млрд теңге. 


ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,6%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары - 9,1%, ҚРҰБ депозиттері – 4,9%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 5,9%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозиттік қолхаттары – 2%, МҚҰ - 2%.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,3%, АҚШ долларында – 31,7%.

             Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 1 501,2 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 138,2 млрд теңге, өзге кірістер – 5,4 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау теріс сипатта және 38,1 млрд теңге. 

Осылайша, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2023 жылғы жалпы табыс оң болып табылады. 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жыл бойына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері - 1 606,8 млрд теңге.

2023 жылы салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 9,8% болғанда 10,1% көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.

Эмитенттерді көрсете отырып, ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген жарналар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі 26,9 млрд теңге.

01.01.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 6 млрд теңге.

Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 45,9%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 28,2%, РЕПО – 7,9%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары- 7,2%, шет мемлекеттердің МБҚ – портфельдің 5,6%. Айта кетейік, портфельдің 66,1% теңгемен; 33,9% - АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 606,6 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 13,5% көрсетті. 

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 

01.01.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 3,2 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 39,91%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13%, МҚҰ облигациялары - 8,1%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 7,9%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 8,5%,. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,1%, АҚШ долларымен 26,9% болды. 

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 404 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 15,6%. 

Эмитенттерді көрсете отырып, "Halyk Global Markets" ақ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2,9 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 24,7%, РЕПО – 28,5%, ҚР мемлекеттік облигациялары – 17,5%, пайлар (индекстерге арналған ETF) – 16,5%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5%, МҚҰ облигациялары - 3%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 2,8%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 71,5%, АҚШ долларымен 28,5% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 230,2 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 13,1% көрсетті. 

Эмитенттерді көрсете отырып, "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 

"Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 млрд теңге. 

Активтердің 33,9% мөлшері ҚР ҚМ МБҚ инвестицияланды, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 19,3%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,5%, РЕПО – 8,6%, ҚР ұйымдарының шығарған акциялары мен депозитарлық қолхаттары - 8,2%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 7,9%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 2,6% . Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 74,2%, АҚШ долларымен 23,7%, Канада долларында – 2,1% инвестицияланды.   

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 105,3 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 10,7% көрсетті. 

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 13,8 млрд теңге. 

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 66,7%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,2%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,1%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,8%, Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,9%, ҚР ҚМ МБҚ – 3,7%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 84,2%, АҚШ долларында 15,4%, евро валютасында 0,4% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 328 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылы – 17,2% көрсетті.

"Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Атап кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 01 шілдедегі №62 қаулысымен бекітілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Табыстылықтың ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығына негізделе отырып есептеледі. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% мөлшерінен аспайтын бөлігін сенімгерлік басқаруға беруге құқылы. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемінде бере алады. 


Просмотров 2897

Тізімге оралу