"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.01.2015

БЖЗҚ-ның стратегиялық басымдықтары айқындалды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – бұл еліміздің бүкіл еңбек етуші халқы қатысатын, есеп беру, ашық қызмет, этикалық тәртіп, мүдделі тараптардың мүдделеріне құрмет көрсету, заңды басшылыққа алу және адам құқықтарын сақтау қағидаттарын берік ұстанатын әлеуметтік жауапкершілікті ұйым. 

2014 жылғы 20 қараша күні БЖЗҚ-ның Директорлар кеңесі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2015-2019 жылдарға корпоративтік даму стратегиясын бекітті. Бекітілген стратегия аясында Қордың алдағы бес жылдыққа арналған негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Онда көрсетілетін қызметтер сапасын салымшыларға (алушыларға) дербес қызмет көрсету жүйесін дамыту есебінен халықаралық стандарттар деңгейіне дейін өсіру, қордың электрондық қызметтер желісін одан әрі кеңейту, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру басымдыққа ие болды.  

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны шарттардың барлық түрлері бойынша 9 959 267 бірлікті құрады. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,5 трлн. теңгеден асып түсті. БЖЗҚ-ның 2014 жылы алынған және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табысы 183,96 млрд. теңгені құрады.   

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2014 жылы барлығы 784,4 млрд. теңгеге өсті, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-на бөлінген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 234,4 млрд. теңге мөлшерінде болды.  

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2014 жылғы табыстылығының жылдық көрсеткіші 6,31% құрады, ол ЖЗЖ бойынша 2013 жылғы 2,2% жылдық көрсеткіштен айтарлықтай асып түседі.       

2014 жылдың 12 айы ішінде БЖЗҚ-дан берілген зейнетақы төлемдерінің сомасы 93,04 млрд. теңгені құрады, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сомалардың мөлшері 13,6 млрд. теңгені құрады.    

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шартқа отыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жыл бойына алушылардың осы санаты үшін 348 889  ЖЗШ ашылды. Осындай ЖЗШ-лар бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 26,3 млрд. теңгені құрады.   

Өңірлік желі

Салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорының өңірлік бөлімшелеріне тікелей келіп өтініш жасауы - қызметтерге қол жеткізудің әлі де бірден-бір кең тараған әдісі. БЖЗҚ-ның өңірлердегі кеңселерінің саны өткізілген зерттеулердің нәтижелеріне негізделген. Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық тығыздығы жоғары дәрежелі дифференциациясымен ерекшеленеді, ол қызмет көрсету кеңселерінің аумақтық бөліктерге орналастырылуынан көрініс тапқан. БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселерінің жұмыстарына үнемі талдау жасап отырады, салымшылардың (алушылардың) жасаған өтініштерінің саны бойынша тарихи деректерді талқылап отырады, сондай-ақ Қордың қызмет көрсету орталықтарының саны халыққа дұрыс қызмет көрсете алатындай тиімді болуы үшін кеңселердегі жұмыс көлеміне үнемі шолу жасап отырады.  

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  өңірлік желісі 240 қызмет көрсету кеңселерінен құралған. Қордың өңірлік желісіне әрбір облыс орталығында, республикалық маңызға ие қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облыс қарамағындағы ірі қалаларда (Жезқазған, Семей) бір-бірден барлығы 18 филиал кіреді.   Филиалдар жанынан 23 бөлімше және 199 қызмет көрсету орталығы ашылды. 

2014 жылы БЖЗҚ кеңселеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша ақпарат алу үшін 3 миллионнан астам адам өтініш жасаған.  

2015 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында тағы да 6 қызмет көрсету кеңсесін ашу жоспарланып отыр.   

Салымшыларды хабарландыру

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау аясында, БЖЗҚ ағымдағы жылдың басында салымшыларды (алушыларды) 2014 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті хабарландыру науқанын бастап кетті. ЖЗШ туралы ақпарат салымшының (алушының) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімге қол қойған кезде өзі таңдаған әдісі бойынша беріледі.   

2015 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша: 

өзі келгенде – шамамен 3 миллион адам;

электрондық пошта арқылы – шамамен 300 мың адам;

интернет байланысы арқылы – шамамен 400 мың адам;

пошта арқылы – 3 миллионнан астам адам;

ХҚО-ға өзі келу арқылы – шамамен 150 мың адам зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ала алады

БЖЗҚ онлайн

Қызметтерді іске асыруда қолжетімділігі мен үнемділігі үшін интернет ең тиімді де таптырмас әдіс болып есептеледі. Салымшылар үшін бұл Қормен үнемі байланыста болудың ең ыңғайлы тәсілі. Ол уақытыңызды айтарлықтай үнемдеп, БЖЗҚ қызметі мен өз зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қордың www.enpf.kz  сайты немесе ұялы телефон арқылы алуға мүмкіндік береді.    Android және iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильдік қосымшалары БЖЗҚ мамандарының өз күшімен әзірленген және салымшылар (алушылар) арасында ерекше сұранысқа ие. Мобильдік қосымша іске қосылғаннан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін 27 000 астам жүктеу жасалған.  

Бұл қосымшаны өз ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алуды таңдаған салымшылар (алушылар) пайдалана алады. Оны қуаттау үшін салымшының «БЖЗҚ» АҚ сайтына кіру үшін пайдаланатын логині мен паролі қолданылады. Интернет арқылы ақпарат алу тәсілін таңдау үшін қордың кез-келген бөлімшесіне бір рет келіп, ақпарат алу тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімге отыру қажет.  Мұны өзіңіз арнайы келіп жасауыңыз керек, себебі зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпараттың құпиялылығы сақталуы керек.

БЖЗҚ-ның жаңа қызметтері туралы   

2014 жылы БЖЗҚ қызметтерінің e-Gov электрондық үкіметі порталы және ХҚО-лар арқылы қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өзінің «БЖЗҚ» АҚ салымшыларын/алушыларын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (инвестициялық табыс есебімен) хабарландыру қызметін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу мәселесін мемлекеттік органдармен келісімдеп, ҚР Үкіметіне бекітуге берді. БЖЗҚ-ның хабарландыру жөніндегі қызметі e-Gov порталы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болмақ. 2014 жылғы мамыр айында БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелерін ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ИСО/МЭК 27001:2005 (ҚР СТ ИСО/МЭК 27001:2008) стандартына сәйкестікке өкілетті ұйымдардың аттестациялауы бойынша үдерісті бастау үшін құжаттар пакеті дайындалды, ол қордың ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталына (e-Gov) қосу құқығын береді. Қазақстан Республикасының байланыс және ақпараттандыру жөніндегі агенттігі өткізген тексеру нәтижесі бойынша Қорға «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандартқа сәйкестігі туралы №105.2014.066 аттестат берілді. Бұл Қордың ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкесетіндігін растайды. Қазіргі уақытта осы қызметті Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу жөніндегі қызметтер аяқталу сатысында.  

Әлеуметтік желілер

Facebook, Twitter, Вконтакте және МойМир сияқты ірі әлеуметтік желілерде «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми парақшалары ашылған. Әлеуметтік желілердегі Қор жазылушыларының жиынтық саны 4 мыңнан асады. БЖЗҚ-ның парақшасын күніне орта есеппен 1500 адамға дейін қарайды.   

Зейнетақы заңнамасына сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын тартумен айналысады; зейнетақы жинақтарын төлеуді және зейнетақы активтері мен инвестициялық портфельді есептеуді жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады және бұған дейін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларына бөлініп кеткен барлық зейнетақы активтерін жинақтайды. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.   

БАҚ үшін байланыс көздері: press@enpf.kz



Просмотров 9153

Тізімге оралу