"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.03.2015

БЖЗҚ: алғашқы жылдың жұмыс қорытындылары және даму перспективалары

Сапалы қызмет көрсету – Қордың стратегиялық міндеттерінің бірі

2015 жылғы 26 наурызда жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірудің негізгі кезеңінің аяқталғанына  тура бір жыл толды. Зейнетақы активтерін өткізу толық көлемде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Кестеге қатаң сәйкестікте өтті. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын сақтау, әрі көбейту, зейнетақы активтерін сенімді және табысы мол қаржы құралдарына, соның ішінде ұлттық экономикаға инвестициялау арқылы басқару тиімділігін арттыруды мақсат етіп қояды. 

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 9 959 267 бірлікті құрады.  Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,5 трлн. теңгеден асып түсті. БЖЗҚ-ның 2014 жылы алған және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына бөлген инвестициялық табысы 183,96 млрд. теңгені құрады. 

2014 жылы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары барлығы 784,4 млрд. теңгеге өсті. Соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 234,4 млрд. теңгені құрады.   

2014 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жылдық көрсетілімде 6,31% құрады, ол 2013 жылғы жылдық көрсеткіште ЖЗЖ бойынша 2,2 % құраған табыстылықтан әлдеқайда көп. Инвестициялық табыстың өсу тенденциясы 2015 жылы да байқалады. БЖЗҚ-ның2015 жылдың екі айында алған және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына бөлген инвестициялық табысы 37,65 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,6 трлн. теңгеніқұрады.

2014 жылғы 12 айда БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 93,04 млрд. теңгені, соның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома 13,6 млрд. теңгені құрады.  

2015 жылғы қаңтар, ақпан айларындағы зейнетақы төлемдерінің сомасы 31,54 млрд теңгені құрады, соның ішінде сақтандыру ұйымдарына 2,38 млрд. теңге аударылған.  

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шарт жасасу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бір жыл ішінде салымшылардың осы санаты үшін 348 889 ЖЗШ ашылған. Осындай ЖЗШ-лар бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 26,3 млрд. теңгені құрады.       

2015 жылғы 1 наурызға БЖЗҚ-да міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салынған жинақтардың жалпы сомасы 32,64 млрд. теңге болатын  357 841 ЖЗШ ашылған.     

2015-2019 жылдарға қойылатын мақсаттар мен міндеттер


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дамуының корпоративтік стратегиясының 2015-2019 жылдарға қойған басты мақсаты – салымшылармен жұмыс ұйымдастыруда жаңа, тың әдіс-тәсілдер әзірлеп, тәжірибеге енгізу.      

Қор көрсетілетін қызметтер сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру бойынша үздіксіз жұмыстар атқару барысында салымшыларға (алушыларға) дербес қызмет көрсету жүйесін дамыту және Қордың электрондық қызмет көрсету желісін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.    

2015 жылғы ақпан айында БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы инвестициялық табыс есебімен бірге көрсетілетін ақпаратты e-gov электрондық үкімет порталынан және Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚО) алу мүмкіндігіне ие болды.   

Қызмет іске қосылған сәттен бастап (2015 жылғы 16 ақпан), ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша e-gov порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 3 800 үзінді көшірме берілді.   

Сонымен қатар бүгінгі таңда қызмет алудың кең таралған тәсілі салымшылардың (алушылардың) тікелей БЖЗҚ бөлімшелеріне өздері келіп өтініш білдіруі болып қала бермек, БЖЗҚ өңірлік желісіне 240 қызмет көрсету кеңсесі кіреді.  

Қордың өңірлік желісіне әрбір облыс орталығында, республикалық маңызға ие қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облыс қарамағындағы ірі қалаларда (Жезқазған, Семей) бір-бірден барлығы 18 филиал кіреді. БЖЗҚ өңірлердегі қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында Қордың қызмет көрсету орталықтарының санына үнемі мониторинг жүргізіп, қызмет көрсету кеңселерінің жұмыстарына және салымшылардың (алушылардың) жасаған өтініштерінің саны бойынша тарихи деректерге үнемі талдау жасап отырады. 

2015 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында тағы да 6 қызмет көрсету кеңсесін ашу жоспарланып отыр.   

2014 жылы БЖЗҚ кеңселеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша ақпарат алу үшін 3 миллионнан астам адам өтініш жасаған. 

Ағымдағы жылдың екі айы ішінде Қордың кеңселеріне шамамен 900 000 адам өтінішпен келген. 

Қордың www.enpf.kz сайты немесе ұялы телефон арқылы интернет-ақпараттандыру қызметтерді іске асырудағы қолжетімділігі мен үнемділігі үшін ең тиімді де таптырмас әдіс болып есептеледі. Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильдік қосымшалары БЖЗҚ мамандарының өз күшімен әзірленген және салымшылар (алушылар) арасында ерекше сұранысқа ие.

Мобильдік қосымша іске қосылғаннан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін 33 700 астам жүктеу жасалған.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын тартумен айналысады; зейнетақы жинақтарын төлеуді және зейнетақы активтері мен инвестициялық портфельді есептеуді жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады және бұған дейін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларына бөлініп кеткен барлық зейнетақы активтерін жинақтайды. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚР  Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

БАҚ үшін байланыс көздері: press@enpf.kz


Просмотров 8696

Тізімге оралу