"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.06.2018

БЖЗҚ-ның 2018 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

2018 жылдың 1 маусымына зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,26 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде (2017 жылдың мамыры мен 2018 жылдың мамыры аралығында) 1,27 трлн теңгеге немесе 18,1%-ға ұлғайды.

Барлық келісім түрлері бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірліктен асты. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоттардың саны 9,7 млн бірлікке жуық. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 455,6 мың, ал ерікті зейнетақы жарналарына байланысты ашылған шоттар 38,5 мың шамасында.  

2018 жылдың 5 айындағы зейнетақы жарналарының сомасы 336,1 млрд теңге. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 35,5 млн теңгеге (немесе 11,8%-ға) артық. Жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы 2018 жылдың 1 маусымына өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен міндетті зейнетақы жарналары (МЗШ) бойынша 16%-ға, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗШ) бойынша – 30 %-ға, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша - 12 %-ға өсіп, тиісінше -   886, 367 және 52 мың теңгені құрады.

Қордан жасалатын зейнетақы төлемдерінің ауқымы да жыл сайын өсіп келеді. 2016 жылы Қор алушыларға 169,69 млрд теңге, ал 2017 жылы - 211,12 млрд теңге төледі. Ал биыл 1 маусымға дейін БЖЗҚ-ның зейнетақы төлемдері 91,87 млрд теңгені құрады, оның ішінде 7,08 млрд теңге сақтандыру ұйымдарына аударылды.

2018 жылдың 5 айында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарындағы таза инвестициялық табыс өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 122,01 млрд теңгеге немесе 106,67 пайызға өсіп, 236,39 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың бес айында инвестициялық табыс 2,98% болса, инфляция 2,4%-ке жетті. Жылдық көрсеткіш бойынша 2017 жылдың 1 маусымы мен 2018 жылдың 1 маусымы аралығындағы Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 9,3%-ды құрады. Осы кезеңдегі инфляция деңгейі - 6,2%. Яғни, екі кезеңде де табыстылық инфляция деңгейінен жоғары болды.

2018 жылдың 5 айында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтарында 9,5 млн операция жасалды, операциялардың 6,3 миллионы немесе 66,5 пайызы электрондық әдіспен жасалған. Оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ ашу жөнінде 176 мың өтініш, төлем жасауға 96,6 мың өтініш қабылданды, ЖЗШ-дан 6,8 млн үзінді-көшірме берілді, хабарландыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы 438,7 мың келісім жасалды.

Қор веб-сайт, өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары, мобильді офистер арқылы электрондық қызмет көрсету аясында келесі қызмет түрлерін ұсынады:

- ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу;

- ЖЗШ-дан e-mail-ге үзінді-көшірме алу;

- Деректемелерге қосымшалар және (немесе) өзгерістер енгізу;

- ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;

- ЖЗШ ашу/МЗЖ есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жаңа редакциядағы өтініш нұсқасын веб-сервис арқылы алу;

- МЗЖ есептеу жөніндегі ЖЗШ ашу туралы өтініш беру;

- МЗЖ/МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;

- «БЖЗҚ» АҚ-ға берілген зейнетақы төлемдерін жасау немесе (және) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштің мәртебесін қадағалау;

- Зейнетақы калькуляторы.

2018 жылдың басында БЖЗҚ электрондық әдістермен көрсеткен зейнетақы қызметтерінің үлесі 52 пайызды құраса, 1 маусымдағы көрсеткіш 62 пайызға жетті. Электрондық әдіспен хабарландырылатын ЖЗШ саны жыл басынан 533 мыңға немесе 11%-ға артып, 5,3 млн-ды құрады. Электрондық тәсілдермен хабарландырылатын жеке зейнетақы шоттарының үлесі ЖЗШ-ның жалпы көлемінің (техникалық келісімдерді есептемегенде) жыл басынан бері 49 пайыздан 54 пайызға жетті.

Электрондық қызметтер іске қосылған сәттен бастап (2017 жылдың екінші жартыжылдығынан) бұл жаңалық туралы ақпарат БАҚ-тарда кеңінен тарады. Осыған орай есептік кезеңде бұл қызмет түрлеріне жүгінген салымшылар (алушылар) саны 53,9 мыңға жетті. Бұл 2017 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 27 есе көп (2017 жылдың 6 айында Қор қызметіне 2 мың адам жүгінген).

Сонымен қатар, БЖЗҚ-ның аймақтық филиалдарының қызметкерлері 1 маусымдағы мәлімет бойынша мекемелер мен ұйымдарда 9 мыңнан астам таныстырылым өткізіп, оларға 300 мыңнан астам адам қатысты.


Просмотров 4788

Тізімге оралу