"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

13.03.2019

БЖЗҚ қызметтері қашанда қолжетімді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіріп отырады. Бұл үшін білікті кадрлық ресурстар мен ғылыми-техникалық даму жетістіктері пайдаланылады.

Мысалы, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі қоғамдық мониторинг нәтижесінде үздік бестіктің қатарына енді және тұрғындардың көрсетілетін қызметтердің сапасына көңілі толатындығын көрсетті.

Мониторинг бойынша Қордың www.enpf.kz ресми сайты жоғары бағаға ие болды және үздік сайттардың бірі болып танылды. Сайт арқылы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметіне қатысты қажетті ақпаратты алуға және кері қоңырау шалуға тапсырыс беріп, «Кері байланыс» бөлімінде сауал жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Басқарма Төрайымының Блогы арқылы Қор басшылығына тікелей сұрақ қоюға болады.

БЖЗҚ ұялы қосымшасы салымшылар мен алушылар арасында үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы Қордың ағымдағы көрсеткіштерінен бастап бөлімшелердің мекенжайларына дейінгі барлық анықтамалық ақпараттарды алуға, Жеке кабинетке кіріп, зейнетақы жинақтарының жай-күйін білуге болады. Айта кетелік, зейнетақы жинақтары жарналар мен инвестициялық табыстардан құралады. Қазіргі уақытта ұялы қосымша іске қосылған күннен бастап 1,9 млн рет жүктелген. 2018 жылғы көрсеткіш – 755 мың жүктелім болатын.

Бұдан басқа, салымшылар мен алушылар кез келген уақытта Қордың байланыс орталығының 1418 тегін нөміріне қалалық және ұялы телефоннан хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті ақпараттарды, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтер мен зейнетақы заңнамасы бойынша кеңес ала алады. 2018 жылы байланыс орталығына 355 мың рет қоңырау шалынған. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35 пайызға жоғары.

Қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында Қор өткен жылы Telegram-бот арнасы мен «WhatsApp» мессенджерін іске қосты. Бұл анықтамалық ақпаратты білуге, қысқаша үзінді көшірмені алуға немесе оны электрондық поштаға жіберуге, Жеке кабинеттің паролін қайта қалпына келтіруге және Қордың ағымдағы және маңызды жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік береді. 2018 жылы «WhatsApp» арнасы арқылы 127 129 өтініш келіп түсті. 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім – 17 пайыз.

Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары да шет қалған жоқ. Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» желілерінде ресми парақшалары ашылған. Олардағы белсенді жазылушылардың жалпы саны ағымдағы жылдың басына қарай 31,5 мың адамға жетті. Қор әлеуметтік желілер арқылы 2 284 өтінішке жауап берді.

Электрондық байланыс құралдарының дамып жатқанына қарамастан, қағаз жүзінде келетін (хат) өтініштер де танымал болып отыр. 2018 жылы қағаз жүзінде келіп түскен өтініштердің саны 48 603 бірлікті құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті.

2018 жылы Қордың барлық байланыс арналары бойынша азаматтардан 543,1 мың өтініш түсті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары.

Қордың жоғарыда атап өтілген барлық байланыс арналары салымшыларға қашанда қолжетімді. Сол арқылы Сіз өзіңізді қызықтырған барлық сұрақтар бойынша толыққанды жауап әрі ақыл-кеңестер ала аласыз.


Просмотров 3996

Тізімге оралу